Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның қалалық мәдениеті



бет23/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

22. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның қалалық мәдениеті.



Зерттеген: Гейнс, Лерх Сауран қаласын, Ақышев Жетісу, Бернштам Оңтүстік Қазақстан.
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи - мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болады.
Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғғ. қатпарындағы 25 қалажұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға болады. Бірісыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар (Фараб), Шавғар. Бұл қалалардан бірден көзге түсетіні: арқ (қамалсарай), шахристан (ішкі қала) және рабад (қала маңы).
Жетісудың Оңтүстік-Батысында (Шу мен Талас алқаптары) археологиялық мәліметтерге қарағанда, 27 қалажұрты бар деп есептеледі. Олардың көпшілігі шежіреге енген Тараз, Құлан Атлах, Джамукат, Мерке қалалары болар деп болжайды. Талас Алатауының баурайларында Джумишлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орталығы Үсбаникетте орналасқан Кеңжиде өкүрігі құрылады; Отырар көгалды аймағында Кедер, Весидж бен Борық қалалары, Шавғар өңірінде – Яссы, Шағылған, Қарнақ, Қарашоқ, Сауран; Сырдарияның төменгі бойында – Сығанақ, Жент, Асанас, Баршакент; теріскей жоталарда- Баладж бен Берукет қалалары пайда болады. Бұлардың бірқатары бұрын да болған еді, бірақ шағын-шағын мекендер мен қалашықтар болатын ІХ ғасырдың соңы – ХІІ ғасырдың бас кезінде олар кәдімгі қалалық орталықтар қатарына қосылады.
Оңтүстік Қазақстанда қала үш бөліктен–Цитадель, Шахристан, Рабадтан тұрды. Цитадель - қала орталығының мықты қорғаныс айлағы болып табылатын бөлігі. Шахристан - қаланың негізгі орталығы. Рабад – шахристанның сыртында орналасқан қала сыртындағы қақпа.
Қаланың осы ғасырдағы жаңадан енген белгі жаңалығы мешіттердің салынуы. Жазбаша деректерге қарағанда ІХ-ХІІ ғғ. қалада міндетті түрде мешіт аталып өтіледі.
Қала өмірінің маңызды рөлі болып базар және сауды-саттық айналым саналады. Қала ішіндегі базарларды араб авторлары «сұқ» және «асвақ», парсылар – «базар» деп атаған. Базарлар Шахристан мен Рабад территорияларында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет