7. Алтын Орда дәуіріндегі мәдениетке талдау жасаңыз.
Алтын Орда да 13 – 15 ғасырларда ғылым, мәдениет және әдебиет едәуір дамып, бүкіл әлемге таныла бастаған еді. Әсіресе 14 ғ. бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай қаласы және мәшһүр мәдени ірі орталықтың біріне айналды. Бұл кезде өмірге келген көркем туындылардан ақын Хорумидің «Мухаббат нами» әдеби поэмасы, С. Сарайдің «Түркі тіліндегі Гүлстан» дастаны, Құтбтың «Хусрау уа Шырыны» мен Дүрбектің «Жүсіп - Зылиқа» дастандары, Рабғузидың «Қисса - сул - әнбиясы» ерекше мәшһүр болды.«Қисса - сул - әнбия» сюжеттік жағдай алып қарағанда, негізінен Әулие - Әмбиемр, өздарін құдайдың жердегі өкілдері санайтын пайғамбар жайында қисса-хикаялар, аңыз-ертегілер жинағы болып келеді. «Қисса - сул - әнбия» 1914 ж. Қазан, ал одан кейінірек Ташкент қаласында басылып шықты. Зерттеуші ғалым Б. Кенжебаев тақырып мазмұнына, идея – мәніне қарай 3 топқа жіктейді: 1) Жер, көк, адамзат, хайуанат, жын – шайтан, періште, адам, ата, топырақ жайлы түсінік; 2) Әулие әмбиелер, пайғамбарлар, солардың өмірбаяны, іс - әрекеттері туралы (Сүлеймен, Дәуіт, Мұса); 3) Шежіре – мұсылман жыл есебінің, хижраның алғашқы 10 жыл ішінде болатын тарихи оқиғалар, календарь – жыл, ай, күн атауы, назым өлеңдер.«Кодекс - куманикус» - латын сөзі, мағынасы «құландардың кітабы, қыпшақ туралы жинақ». 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде үш бағана етіп жазылған латынша – парсыша, куманша сөздік берілген. Екінші бөлімі – сан қилы аңыз - әңгімелер, ертегілер жинағы.«Кодекс - куманикус»түпнұсқасы қазіргі Италияның Венеция қаласындағы әулие Марк шіркеуінің кітапханасында сақтаулы. Бірінші бөлімін тұңғыш рет француз тіліне аударып 1828 ж. жеке кітап етіп шығарған Генрих Юлий Клапорт болды. Г. Кун 1880 ж. екі бөлімді де толық латын тіліне аударып, Будапешт қаласында бастырды. Бұл кітапты тұңғыш рет қазақ тілі егжей – тегжейлі зерттеген ғалым Ә. Құрысжанов болды.Сайф Сарай(1321 - 1396). Хорезми «Мухаббат наме» (ХІV ғ). 1985 жылы қазақ тіліне тәржімә жасалды. (А. Қыраубаева). Ә. Дербісжин, Жармухамедов, Ө. Күмісбаев қазақ тіліне жақын аудармасын ұсынды. «Мухаббат наменің» арап әрпімен жазылған нұсқасы 4 ұзақ бәйіттен тұрады. 11 наме (хат) бар. Жігіттің қызға жазған хаты. «Мухаббат наменің» негізгі жазылған тілі қыпшақ. Дастанның негізгі қаһармандары – ғашық болған қыз бен жігіт. Дешті қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті – Алтын Ордада 13 – 15 ғасырларда ғылым, мәдениет және әдебие едәуір дамып, бүкіл әлемге таныла бастаған еді. Әсіресе, 14 ғ бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай қаласы дүние жүзіне мәшһүр мәдени орталықтардың біріне айналды.Алтын Орда дәуірі әдебиетінің обьектісі осы мемлекет жерінде жазылған көркем туындылармен ғпнп шектеліп қалмайды. Сондай – ақ бұған 13 – 15 ғ Ақ Ордада, Орта Азияда, Египетте қыпшақ тілінде жазылған көркем шығармалар де енеді. Бұл туралы түркология ғылымында күні бүгінге дейін түрлі пікірлер айтылып келеді. Алтын Орда дәуірінің мұралары онша көп сақталмаған. Бұл кездегі әдебиет өкілдерінен біз сайф сараи Хорезми Құтб дүрбек Лутфий Әли Атаи шығармаларын білеміз. Бұл кезде өмірге келегн көркем туындылардан ақын Хорезмидің «Мұхаббат - наме» поэмасы, Сайф Сараидың «Түркі тіліндегі Гүлстан» дастаны, Құтбтың «Хұсрау - Шырыны» ерекше мәшһүр болды.