Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет54/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

4) 1730 жылы Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр Ресей мемлекетiне қазақ елiн қамқорлыққа алу терминi ретiнде «бодандыққа» алу туралы өтiнiш бiлдiрдi. Қамқорлық – iрi мемлекеттiң кiшi халыққа көрсеткен ағалық мейiрiмдiлігi сияқты. Осыған сәйкес қазақ халқының дарынды тарихшысы Е. Бекмаханов «қазақ елiнiң Ресейге бағыныштылығын ағаның iнiге қамқорлығы iспеттес дей келе, Ресей патшасы Анна Иоанновнаның iрге тасында (подданство) бодан болу деген термин қолданылған. XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiнде бұл сөздiң мағынасы қазiргiден бөлек. Ол кезде «подданство» деген сөздi қамқорлық деп түсiнген, яғни бұл сөздi өзiне қаратып алу немесе отарлау деп түсiнбеу керек», – деп жазған. Осыдан Әбiлқайырдың бодандықтың құлдықтан айыра бiлгендiгiнен қазақ халқын өзге мемлекетке басыбайлы құлы қылып бермеген. Хан орыс құжаттарында өзiн «құл» деп атауына қарсы тұрды.Бодандықты нақты бағыныштылық деп есептемеген.Бодандықтың мәнiн Әбiлқайыр шығыс дәстүрiнде түсiндi.
Кiшi жүз ханының орыс бодандығына өту жөнiндегi шешiмiне Бөкенбай, Есет, Құдайназар атты белдi азаматтар қолдау көрсеттi. Олардiнiде, тiлi де жат елдiң мәңгiлiк бодандығында болуға ұмтылушылықтан емес, халқым аман болса, бiр мәнiсi болар деген қағидада болды.
Кіші жүз ханы Әбілқайыр 1731 жылы Ресей императрицасы Анна Иоановнанын қол астына бодандыққа кіру туралы құжатқа қол қояды. Осыдан кейін Кіші жүз толығымен Ресей империясынын қол астына енеді .
1731 жылғы Актiнiң құқықтық маңыздылығы мынада – жоңғарлармен қоса, Едiл бойы қалмақтарға, Жайық казактарға, башқұрттарға орыс өкiметiнiң тарапымен арнайы елшiлiктер арқылы қазақ халқына шапқыншылық жасауға тиым салынды.
3.ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Кіші жүзде хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы және оның себептері.
Еңбектер:

Источники:

  1. Журналы и служебные записки дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759 гг.)

  2. Крафт И. И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. Оренбург. 1898.

  3. Рычков П. И. Топография Оренбургской губернии. Оренбург, 1896. С. 25

  • Хандық биліктің әлсіреуі;

  • Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы;

  • Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі;

  • Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы;

  • Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлық-зомбылығының күшеюі;

  • Ішкі өзара тартыс;

  • Сондай-ақ 1782-1783 жылдарда жұт болып, малдың шығын болуы халықтың жағдайын қиындатып жіберді. Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметі нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды.

Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардабы болды.
Осындай жағдайда тарихи аренаға байбақты руының старшыны Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы көтерілісі 1783-1897 жылдары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет