Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет55/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Көтерілістің басты қозғаушы күшіқазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт және т.б.
Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам болды деп беріледі. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғаны да айтылады.
С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.
Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.
Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды.Нұралы және одан кейінгі хандар да патша өкіметінің қуыршақ хандарына айналды. Кіші жүздегі хандық билік толығымен әлсіреп кетті. Осылайша, 1824 жылы хандық билік жойылды.
4. Әбілхайыр ханның тұлғасы және оның Қазақстан тарихында алатын орны.
Зерттеулер:


  1. Ирина Ерофеева. Хан абулхаир: полководец, правитель и политик Алматы Санат:334 бет

  2. Қозыбаев М.Қ «История страны есть история страны которое колонизируется»

  3. Рысбеков Т.З «Әбілқайыр ханның тарихтағы орны» Жайық күні- Орал, 1994 мақала

  4. Бірімжаров Б.Қ «Әбілқайыр хан» Орал өңірі мақала

Источники:

  1. Журналы и служебные записки дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759 гг.) 

  2. Рычков П. И. Топография Оренбургской губернии, Капитан жазбалары. Оренбург, 1896. С. 25


Әбілхайыр ханның тұлғасына қатысты алғашқы орыс зерттеушілерінің қатарына П.И.Рычковтың , А.И.Левшиннің , В.АМоисеевтін , В.Н.Витевскийдің, А.И.Добросмысловтың , А.И.Макшеевтің еңбектері жатады. XIX ғасырдың басындағы ірі қоғам қайраткерлері сапынан орын алатын қазақ зиялылары да өз еңбектерінде аталмыш мәселеге назар аударған. Олар: Ә.Бөкейханов, Х. Досмұхамедұлы, Ғ.Мұсағалиев, Қ.Кемеңгерұлы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет