Көтерілістің басталуы: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша 19-дан 43-жасқа дейінгі ер адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы шықты.
Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мың адамды жұмысқа тарту көзделді.
1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің сипаты отаршылдыққа қарсы болды. Қозғалыстың басты қозғаушы күші халық бұқарасы болды.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов халықты патша жарлығын орындауға шақырды. Олардың айтқандары:
1. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер,қарсыласпаңыздар!» 2. «Бірі – барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі – бармай қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді...» 3. 1916 жылғы патша жарлығына байланысты « ..жұрт сеңдей соғылды , түнде ұйқыдан , күндіз күлкіден айрылды» - деп М.Дулатұлы айтқан.
1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысқа қатысқан халық - ең алдымен отарлауға дейінгі басқару жүйесін қалпына келтірді.
1916 жылғы 23 - тамыздағы үстем тап өкілдерін, ақсүйектерді, діни қызметкерлерді қара жұмысқа алудан босату туралы құпия жарлық шығарған генерал – губернатор Куропаткин .
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЕКІ БӨЛІККЕ БӨЛІНІП КЕТТІ: Революцияшыл – радикалды бағыттағы, яғни қарулы күрес жолын таңдағандар:
Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфулин, С. Меңдешев, Ә. Жангельдин. Ұлттық – либералдық бағыттағылар, яғни қантөгіссіз патша өкіметімен келісімге келуді жақтағандар:
Алаш зиялылары Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы.
Көтерілістің ірі ошақтары – Торғай, Жетісу, Ақмоланың Есіл бойы.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына байлар мен ауыл старшындарының ұстанған бағыты: Жарлықты жақтап шықты.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына революцияшыл - демократияшыл зиялылардың Т.Рысқұлов , Т.Бокин , Ә.Майкөтов , С.Сейфуллин , С.Меңдешев, Ә.Жангелдин , Б.Алманов ұстанған бағыты: ұлт - азаттық қозғалысқа қатысты.
ЖЕТІСУДАҒЫ КӨТЕРІЛІС :
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың ірі орталығы: Жетісу.