Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


-30 жж. ғылым және ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА қазақстандық базасының ҒА филиалына айналуы



бет98/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

20-30 жж. ғылым және ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА қазақстандық базасының ҒА филиалына айналуы.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін, ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. Ең алдымен ересектер арасында «Сауатсыздықты жою» көзделінді. Халық арасында сауатсыздықты жою үшін арнайы мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. Мектептер оқу құралдары және ұстаздармен қамтамасыз етілді. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Оның мүшелері жер-жерлерді аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға зор үлес қосты.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретінде көмегін тигізді. 1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40% жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Орал, Лениногорск және тағы басқа қалалар сауатты қалаға айналды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А.Байтұрсынов суретті әліппе, Ж.Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды. Қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов көп еңбек сіңірді. Мысалы, Қ.И.Сәтбаев орта мектепке арнап алгебра оқулығын, Ә.Бөкейханов география оқулығын жазды. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. Соғыстың алдында республика мектептерінде 44 мың мұғалім жұмыс істеді. С.Ақышев, С.Көбеев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Довранская, Н.В.Волков тағы басқа білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды. Сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей оқу міндетінің енгізілуі индустрия мен аграрлық салаға қажетті мамандардың көбеюіне ықпал етті.
ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ АШЫЛУЫ: 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды. Ал 1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институт ашылды. 1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды. 1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды. Сондай-ақ, 1934 жылы Қазақстандағы тұңғыш университет С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Осы жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-техник кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931-1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақстанда ағарту, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салаларында ұлттық зиялылар қалыптасты. Сонымен қатар, Қазақ КСР-де жоғары оқу орындары саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының көбеюі Қазақстан зиялыларының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Жаңадан ашылған жоғары оқу орындарында М.Әуезов, О.Жандосов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, Т.Жүргенов, С.Аспандияров тағы басқа қазақтың зиялы қауымдарының өкілдері қызмет атқарды.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ.Жұбанов, С.Аспандияров, Ж.Аймауытов, А.В.Затаевич, А.Байтұрсынов, Ә.Диваев, А.П.Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М.Е.Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды. Алдымен Ұлттық ғылым академиясы тарихының маңызды кезеңдерін қысқаша еске түсірейік. 1932 жылы КСРО ҒА Төралқасы Алматыда КСРО ҒА қазақстандық базасын ұйымдастыру туралы шешім шығарды. 1938 жылы ол өкілеттіктері мен құқықтары күшейген КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылды.
1935 жылы профессор С.Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бері тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов, М.Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет