Жоғарғы құнды қасиеттер. Йоганы жақтаушылар «йогамен айналысу арқылы – жоғарғы қасиеттерді иеленуге: телепатия және көріпкелдікке ие болуға, көзге көрінбейтін адамға айналуға, бір мезгілде бірнеше жерде болып, тас қабырғадан көктей өтуге, кез -келген жануарды қолға үйретуге болады» деп сенеді.
Буддизм
Ортағасырлардағы Үнді философиясындағы Гаутама Шакьямуни ілімі – буддизм үстем болды.
Буддизм – Үндіде (б.д.д. V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда(б.д.д. III ғ.кейін), т.б аймақтарға кең тараған ілім.
Негізін қалаушысы Солтүстік Үндіде ақсүйек отбасында дүниеге келген Гаутама Будда (Сиддхардха Шакьямуни)(б.д.д563-483 ж.ж). Аңыз бойынша Гаутама б.д.д. VI ғ. өмір сүрген патша (раджа) ұлы болып, қиыншылық көрмей өседі.
Буддизмнің негізгі идеясы – орта жол – рахат, ләззат,жолы мен «аскетизм жолы» екеуінің арасындағы тепе- теңдікті сақтай білу мен тән қажеттілігін тежеу.
Буддизмнің өзекті идеясы-Будданың «төрт ақиқаты» туралы өсиеттерінде берілген. Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында.
«туылу» дегеніміз азап, аурулар мен өлім азап, сүйгеніңмен айырылу азап, сүймегенге қосылу да азап, өмірдегінің бәрі азап.
Азаптың қайнар көзі –біздің өз тілектеріміз
Азаптардың басты себебі – бізге әрдайым бірдеменің керек болуы болуынан және біздің өз қалауымызға еш қол жеткізе алмауымыздан
Азаптан құтылу үшін тілектерден арылу қажет.
Тілектерден арылсақ, олардың орындалуынан азап шекпейміз.
Тілектерден арылу үшін, Буддалық «Құтылудың сегіз жолын ұстану қажет»
Адам өзін-өзі үгіттеп, молшылықтан бас тартқанымен, тамақ ішу, жеу, жүріп – тұру т.б тілектер сарқылмайды, өйткені бұл тілектер өмір сүруге деген ұмтылыспен тығыз байланысты.