2.Дигамбарлар(жалаңаштанғандар ауаны киім еткендер).
Екі бағытта бірдей философиялық бағыт ұстанады, олардың арасындағы айырмашылық діни әрекеттің кейбір сұрақтарына ғана байланысты.
Философиялық көзқарастары.Жайнисттер Құдайдың бар екеніне сенбейді. Олардың ілімінде «Бірегей жан» немесе құдай жоқ; дүниеде тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін жан бар. Жанды да материяны да ешкім жасамаған. Олар мәңгі, әуелден бар және әрқашан болады.олар сыртқы дүниені және ондағы объектілердің реалды тіршілігін мойындайды. Жайнисттер бойынша екі мәңгілік бастама және мән бар: жаратылмаған және жайылмаған тірі джива(жан) және өлі аджива (материя,кеңістік, уақыт, эфир)
Жайнизм қағидаларының бастысы – «Тірі тіршілікке қиянат жасамау». Жайнизмде Ахимса ілімі бар. Тіршілік иесіне қиянат жасамау туралы принципке негізделген, яғни тірі жанға зиян келтірмеу. Осы қағиданы ұстанған монахтар қолдарына арнайы сыпырғыш алып, жолын тазалап жүреді,сондағысы: құмырсқа, қоңызды жазатайым басып кетпеу. Жайнизмді ұстаушылар ет тағамдарын қабылдамайды.
Дүниені танудың екі түрі бар:
- тікелей интуитивті бостандыққа, азаттыққа жеткен жаннын танымы.
- тікелей емес – материяға байланған жандардың танымы.
Чарвака терминін материалист терминінің синонимі деп санауға болады. Чарвака сөзінің шығуы туралы мынадай болжамдар бар.
«Чарвака»- материалисттік идеяларды насихаттаған алғашқы философтың есімі.
«Чарвака» термині «Чару»- жағымды, түсінікті сөзінен туады, «вак»-сөз, чарв-жуу, шайыну мағынасын білдіреді және материалисттердің «іш, же, көңіл көтер» ұранымен байланыстырылады.