Ежелгі Қосөзен елдері



бет4/16
Дата14.09.2023
өлшемі4,43 Mb.
#107929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Ашшурбанапал- Ассирияның соңғы билеушісі. Қатал билеуші болса да, ол өнерді құрмет тұтқан шығыс елдерінен кітаптар жинатқан. Біразын балшық тақтайшаларға көшіртіп, жаздыртыпты. Олардың ішінде әдеби шығармалармен бірге, жұлдызнамалық, дәрігерлік туралы кітаптар да болыпты. Бұлармен бірге ассириялық ақындардың өлеңдері мен жырлары да сақталған. Әсіресе ассириялық патшалардың жылнамалары ерекше болды.

Ассирияның солтүстігі мен шығысындағы көшпелі халықтар бірте-бірте күшейіп, Ассирияға қауіп төндіре бастады. Ассирия әскерінің соңғы шайқасы Харран деген жерде б.з.д 609 жылы болды. Ақыры, б.з.д. 605 жылы Мидия мен Вавилон патшалықтары одақтаса отырып, Ассирияны жеңді.

Б.з.д. ХIV ғасырдың соңында Сирия жері үшін Хеттер мен Египеттіктердің күресі қайта өршіді. Соғыс ұзаққа созылды. Ақыры, адамзат тарихындағы екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шарты дүниеге келді. Ол б.з.д 1296 жылы Египет пен Хетт мемлекеттері арасында жасалды. Ол шарт бойынша Сирия жері екіге бөлінді.Солтүстігі – Хетт, ал оңтүстігі Египет мемлекетіне қарады.

Хетт мемлекеті ерте заманда қазіргі Түркия жерінде құрылды. Оны басқаша Анатолы немесе Кіші Азия деп атады. Хетт жерін үш жағынан да теңіздер қоршап жатты.Солтүстігінде – қара теңіз, батысында - Мәрмәр, Эгей, ал оңтүстік-батысында – Жерорта теңізі. Кіші Азияның табиғаты мал бағуға, қой өсіруге ыңғайлы болды. Күміс, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар да мол еді. Сондықтан деректер бойынша оын «Күміс таулар» деп атады.Хетт патшалығын I Лабарна (б.з.б 1675-1650 жж.) құрды.

I Лабарнаның жиені Хаттусили (б.з.б. 1650-1625 жж.) елдің астанасын Хаттусу қаласына ауыстырды. Осыдан кейін мемлекет «Хетт» деп аталды.

Тирдің оңтүстігінде филистимдіктер деп аталатын халық өмір сүрді. Оларды египеттіктер пелестим деп атады. Сол халықтың атынан Палестина деген жер атауы пайда болды. Оның ежелгі тұрғындары – хананей тайпалары еді. Олар қалалар салған, көрші елдермен сауда жасаған. Хананейліктердің жерін Египет жаулап алды. Кейін палестина жеріне еврей тайпалары көшіп келді. Оларға хананейліктер қарсы болды. Б.з.д. ХI ғасырда палестинаның әскери қуаты күшейе бастады. Ал Израbль тайпалары олардың соққысына төтеп бере алмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет