Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад



бет20/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дәріс (2) (1)

Грек-парсы соғысы. Б.з.б. V ғасырда парсы патшасы I Дарий Грекия жерлерін жаулап алуды көздеді. Ол Грекия қалаларының байлығын басып алуға ұмтылды. Бұл грек-парсы соғысына ұласты. I Дарий жаңа үлгідегі әскерді жасақтады. Әскердің құрамында сақтар да болды. Сақтар I Дарийдің кезінде «өлмейтін он мың» деген атау алған патша әскерінің құрамына енді.
Ежелгі Грекия жеріндегі ең қуатты мемлекеттер Афины мен Спарта еді. Б.з.б. 490 жылы парсы әскерлері Эгей теңізі арқылы кемелермен Аттика аймағына келді. Мұндай суық хабар афинылықтарға жетті. Афиныда тез арада10 мың әскер жасақталды. Афины әскерін тәжірибелі қолбасшы (стратег) Мильтиад басқарды. Парсы әскерлері сан жағынан афинылықтардан әлдеқайда басым еді. Гректер төбелерге орналасып, жазықтағы парсы әскерлерін бақылап отырды. Афинылықтар парсыларды қалаға жібермеуге тырысты. Гректер Марафон даласындағы шайқаста ерекше батылдық танытты.
Афины әскері фаланға тәріздес сап түзей отрып, жазыққа қарай жылжыды. Гректер кескілескен шайқаста жауды шегінуге мәжбүр етіп, теңізге қарай ығыстырды. Шайқаста гректер саны басым парсы әскерін жеңіп, жаудың 7 кемесін қолға түсірді.
Мильтиад парсылардың күйрегенін хабарлау үшін Фединикс деген желаяқ жүгіргішті Афиныға жібереді. Фединикс Марафоннан Афиныға дейінгі 42 км 195 м аралығын жүгіріп өтіп: «Қуаныңыздар, біз жеңдік!» деген сөздермен жан тапсырған. Оның құрметіне1896 жылдан бастап Марафондық жүгіріс ұйымдастырылып отырылады.
I Дарийден кейін парсы мемлекетін оның баласы Ксеркс басқарады. Б.з.б. 480 жылы Ксеркс қалың қолмен Элладаға жаңа жорыққа шығады. Гректер таулар мен теңіз аралығындағы тар Фермопиль өткелін қолдан бермеуге күш салды. Өйткені бұл өткел солтүстік Грекиядан орталық Грекияға өтетін жалғыз жол еді. Спарта патшасы Леонид қолбасшылық еткен шағын әскер фермопиль шатқалына орналасып, жаудың жолына тосқауыл құрады. Спарталықтар ғасырлар бойы ұмтылмайтын ерлік жасады. Аз санды әскерімен өздерінен бірнеше есе басым жауға қарсы Фермопиль түбіндегі ұрыста Леонид бастаған спарталықтар ерлікпен қаза тапты.
Фермопильді алғаннан кейін Ксеркс әскері орталық Грекияға қарай жылжиды. Парсылар мен гректер арасындағы шешуші шайқас Саламин Аттика аралығындағы бұғазда өтті. Бұл шайқаста Фемистокл басшылық еткен Афины флоты жауға табанды қарсылық көрсетті. Саламин бұғазындағы шайқаста гректер парсыларға қарсы соққы берді. Ксеркс жеңілістен кейін әскерін қалдырып, өзі Грекиядан кетіп қалды. Б.з.б. 479 жылы Платея түбіндегі шайқаста біріккен гректер әскері парсыларды талқандады. Осы шайқастан кейін парсылар Балқан түбегінен қуылды.
Сөйтіп, гректер ұзаққа созылған аса ауыр күресте өз елінің тәуелсіздігін сақтап қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет