Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад


ТАҚЫРЫП. ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ



бет15/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
8.ТАҚЫРЫП. ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ


Алғашқы мемлекеттер. Бүгінгі Қытай мемлекетінің жерінде Хуанхэ және Янцзы атты екі үлкен өзен бар. Өте ертедегі замандарда батыстан шығысқа қарай созыла ағып жатқан осы екі өзеннің төменгі ағысы бойында қытай тайпалары өмір сүрді. Б.з.б. II мыңжылдықтың бас кезінде ол тайпалар арасында өктемдік жүргізу үшін күрес болып жатты. Сол, б.з.б. II мыңжылдықтың ортасына қарай Хуанхэ өзенінің төменгі ағысы бойында Шан-Инь мемлекеті пайда болады. Бұл мемллекеттің негізін салушы Чэн Тан атты адам болыпты. Оның билігі тайпа одағы көсемінің басқару жүйесіне ұқсас болса керек.
Бұл кезеңде елге батыстағы және солтүстіктегі көшпелілер жиі шабуыл жасап отырған екен. Көшпелілермен ұзаққа созылған соғыстар Шан-Инь мемлекетін әлсіретті. Вэй өзені бойын мекендеген чжоу тайпалары ежелгі Шан-Инь патшалығын талқандап, орнына жаңа мемлекет құрды. Сөйтіп, Хуанхэнің орта және төменгі ағысы бойында б.з.б. III ғасырға дейін Чжоу мемлекеті өмір сүрді. Оның алғашқы билеушілері мемлекеттік басқару жүйесін күшейтуге тырысты. Шонжарлардың ірі жеке меншікті шаруашыллықтар құрып алуына жағдай жасады. Олардың жерді мұраға қалдыруына мүмкіндік берді. Бірақ жергілікті жерлердегі шонжарлардың күшеюі кейіннен патша үкіметіне тиімді болмады. Жергілікті шонжарлар мемлекеттік қазына үшін алым-салық төлеуден бас тарта бастады. Ел ішінде үкіметке наразылық күшейді. Солтүстік пен батыстан көшпелілердің шабуылдары жиілеп кетті. Олардың арасында талас-тартыс, күрес күшейді.
Цинь патшалығы. Б.з.б. IV ғасырда шағын Цинь мемлекетінде бірнеше заң шығарылды. Оларды патшаның Шан Ян атты қызметкері бастап, жүзеге асырды. Заң бойынша қауымдық жер пайдалану жүйесінің орнына жеке меншіктік жер иеленудің орнауына жол ашылды. Жерді сатуға және сатып алуға рұқсат берілді. Сөйтіп, Цинь билеушілері жерді сату және одан көптеп салық жинау арқылы көп қаржы жинап алды.
Әскерде де үлкен өзгерістер жасау қолға алынды. Соның арқасында Цинь патшасының әскері басқа шағын патшалықтардың әскерінен әлдеқайда мықты болып шықты. Осындай өзгерістер жалпы Цинь патшалығын өзі сияқты басқа ұзақ мемлекеттерден күшті болуға алып келді. Нәтижесінде б.з.б. III ғасырдың алғашқы жартысында Цинь патшалары өзінің қарсыластарын жеңіп шықты. Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің орта және төменгі ағысы бойындағы мемлекеттерді бағындырып, елді біріктіру ісін жүзеге асырған Ин Чжен атты Цинь немесе Шын деп атала бастады. Барлық патшалықтарды өзіне бағындырған Ин Чжен б.з.б. 221 жылы ұлы билеуші – Хуанди атағын алып, ендігі жерде Цинь Ши Хуанди – «тұңғыш Цинь патшасы» деп аталатын болды. Ел 36 әкімшілік бөлікке бөлінді. Барлық билік патшаның қолында еді.

Басқыншылық саясаттың барысында Янцзы өзенінің оңтүстігіндегі жерлер Цинь үкіметіне бағындырылды. Ал солтүстігіндегі көшпелілерден қорғану үшін мықты қорған салдырды. Қорған топырақтан, тастан, кірпіштен биіктігі 10 метр, ұзындығы 4000 километр, үстінен алты атты адам қатар жүре алатындай қабырғасы қалың етіліп жасалды. Сондықтан оны Ұлы Қытай қорғаны деп атайды. Бұл өзі әлемдегі ең алғашқы және әзірге соңғы ірі қорған. Оның үстіне әр жерден жауды алыстан бақылау үшін мұнаралар тұрғызылды.


Дегенмен мықты әскерді, басқару жүйесін ұстау үшін, Ұлы Қытай қорғаны мен сарайлар салу үшін көп қаржы қажет еді. Сондықтан алым-салықтар көбейді. Жердің сатылуы, салық төлей алмағандардан тартып алынуы еңбекші халықтың күйзелуіне әкелді. Мұның бәрі Цинь Ши Хуанди қайтыс болысымен елде жаппай көтерілістің тууына әсер етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет