Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад


Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы



бет16/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы. Ежелгі Қытайда ауыл шаруашылығы әрқашанда басты шаруашылық саласы болып келеді. Далалы және таулы аймақтарда арнайы мал бағатын аудандар болады. Оларды ерекше қызметшілер бақылап отырды. Олар әсіресе жылқы бағуға ерекше мән берді. Өйткені атты әскерлер құру үшін жылқы қажет еді. Сондай-ақ қой, ешкі, сиыр, буйвол, шошқа өсіру де кең таралды.
Ең маңызды шаруашылық саласы егіншілік болды. Ол негізінен өзен аңғарлары мен жазықтықтарда үлкен орын алды. Бұл жерлерден көп өнім алуға болатын еді. Мұнымен қатар күздік және жаздық егістік жүйелерін, тыңайтқышты пайдалануды да білді. Әр түрлі көкөністер мен жеміс -жидектер өсіретін бау-бақша шаруашылығы да жақсы дамыды.
Ауыл шларуашылығымен қатар қолөнер өндірістері де дамыды. Ірі-ірі мемлекеттік шеберханалар болды. Өте ерте кезден-ақ жібек маталар жасау кең дамыды. Сәнді де үлбіреген жібек маталар елдің ішінде ғана емес, шет елдерде де белгілі бола бастады. Бұл кейінірек Ұлы Жібек жолының қалыптасуына әсер етті.
Б.з.б. VII-VI ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы мен қолөнер ісінде темір барған сайын көбірек қолданыла бастады.
Бірте-бірте әр түрлі ауылдарда қолөнердің белгілі бір саласына мамандану басталды. Бір аудандарда тоқымашылық, екіншілерде – темірден еңбек құралдары мен қару-жарақтар, үшіншілерінде – теріден әр түрлі бұйымдар жасау басым болды.
Мұнымен байланысты ішкі және сыртқы сауда дами түсті. Қолөнер бұйымдары, мал және жер шаруашылық өнімдері базарларға шығарылды. Қалалар, әсіресе бір орталыққа бағынған Цинь дәуірінен бастап, сауда мен қолөнер орталықтарына айналды.
Ежелгі Қытай қоғамының негізі ерлер өктемдік еткен отбасы болды. Отбасылар ауылдық қауымға бірікті. Әдетте жер 9 бөлікке бөлінді. Оның біреуі патша қызметшісіне арналды. Ол жерді қалған 8 бөліктің адамдары бірлесіп өңдеді. Жерді пайдаланудың бұл жүйесі сол қауымның мүшелерін біріктіреді, ынтымақтастығын арттырады деп есептелінді. Цинь әулеті билеушілерінің енгізген өзгерістері, жерді сатуға және сатып алуға рұқсат беруі ірі жер шаруашылығын дамытуға жол ашты. Ондай шаруашылықтарда кедей шаруалар мен құлдар жұмыс істеді. Патшалар кейде өзінің жақындары мен адал қызмет еткендерге жерді ондағы адамдар мен құлдарын қоса отырып сыйға беретін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет