Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад



бет17/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дәріс (2) (1)

ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ


9. ТАҚЫРЫП ГРЕКИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӨРКЕНИЕТ ОШАҚТАРЫ


Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты. Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жері – таулы жартасты. Онда жүзім мен зәйтүн ағаштары жақсы өскен. Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатыр. Олар: Эгей, Иония және Жерорта теңіздері. Теңіз шығанақтары құрлыққа терең еніп жатқандықтан кеме тоқтауға қолайлы еді.
Табиғат жағдайына байланысты Грекия үш бөлікке – оңтүстік, орта және солтүстікке бөлінеді. Оңтүстік Грекияны – Пелопонес, ал орта Грекияны – Аттика аймағы деп атайды. Теңіздерде аралдар көп. Олардың ең үлкені – Крит аралы.
Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі. Грекияда Крит-Ахей өркениеті б.з.б. 2000 жылдары қалыптасты.
Криттегі ең ірі қалалар Кносс пен Фест болды. Археологтар Кносс қаласынан көп қабатты үлкен сарай қалдығын тапқан. Бұл сарайда Криттің ең атақты патшасы Минос тұрған. Сарайдың жүздеген бөлмелері, баспалдақтары мен дәліздері болған. Сән-салтанат өткізетін залдарының қабырғалары фрескалармен (фреска – әшекейленген сурет, сылақ кеппей тұрып, қабырғаға салынған) өрнектелген. Сарай қабырғаларында суретшілер салған әр түрлі суреттер бар. Соның бірінде Критте киелі деп саналған бұқамен шайқас ойыны бейнеленген. Криттен табылған заттай мәдени бұйымдар б.з.б. II мыңжылдықта бұл жерде әр түрлі қолөнер кәсібі болғанын дәлелдейді.
Қазба жұмыстары кезінде бетінде жазуы бар жүздеген қыш тақталар табылған. Демек, олардың өз жазуы болған.
Археологиялық зерттеулер б.з.б. XV ғасырда Крит аралының солтүстік жағалауындағы Фера аралында орасан зор вулкан атқылағанын анықтады. Соның салдарынан Крит патшалығы күйреген.
Ахей мемлекеті оңтүстік Грекиядағы Пелопоннес аймағында орналасқан. Осы аймақта Крит мемлекетінен сәл кейін бірнеше ахейлік қала-мемлекеттер пайда болған. Олар Микены, Пилос, Тиринф және тағы басқалар. Микены ахейлік мемлекеттер ішіндегі ең ірі, әрі қуаттысы саналды.
Микеныдағы қазба жұмыстарын белгілі археолог Генрих Шлиман басқарған. Шлиман қазба жұмыстары кезінде зәулім дуалдардың қалдықтары мен «П» әрпі тәрізді етіп салынған «Арыстандар қақпасын» көрген.
Тікесінен қатар қойылған екі тас үстіне екі арыстанның бейнесі қондырылған. Арыстандар алдыңғы аяқтарымен бағандарға сүйеніп, артқы аяқтарымен тікесінен тұр.
Микены қаласы төбеде орналасқан. Қаланың төңірегін биік тастармен қоршаған. Бұл қоршау қаланың халқын сыртқы жаулардан қорғап отырған. Қаланың ішіне тек «Арыстандар қақпасы» арқылы кіруге болатын.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Микены қаласының патшасы мен оның туыстары қамалдың ішінде, басқа тұрғындардан оқшау тұрған. Демек бұл қамалды Микенының ақсүйек тұрғындарына арнап салған.
Микены бейіттерінде үйге қажетті әр түрлі бұйымдар да табылған. Олардың ішінде мыстан, күмістен, алтыннан жасалған құмыра өзінің әдемілігімен әшекейлілігі жағынан ерекше көрінген. Құмыраның екі тұтқасы бар, екі тұтқасында екі кептер бейнеленген.Оны құс және балық суреттерімен әшекейлеген.

Грекиялық мемлекеттер бір-бірімен жиі соғысып отырған. Ал кей жағдайда олар бірлесіп, басқа елдерге де басқыншылық соғыстар жүргізген. Б.з.б. 1200 жылы Микенының Агамемнон деген көсемі гректердің біріккен әскерін басқарып, Кіші Азия жеріндегі Троя қаласын басып алады. (Троя Кіші Азияның солтүстік батысындағы қала). Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары гректердің Троя жорығына арналған.


Б.з.б.XII ғасырда Балқан түбегіне үлкен қауіп төнген-ді. Бұл қауіп солтүстіктен оңтүстік түбекке гректердің жаңа тайпасы – дорийліктер шапқыншылығы салдарынан туған еді. Шапқыншылықтың нәтижесінде алғашқы ірге көтерген шағын мемлекеттер талқандалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет