Әдебиет
1. Бірінші (ілгері) деңгей мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2. Мирсейтова С. Оқушының ойлауын дамыту нысандары мен әдістері.
Шымкент қаласы.
ұлттық қағидаға айналған. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге
асырудың тиімді жолдары Елбасының «Бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның
жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың
ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Алтынай ҚҰЛШЫНБАЕВА,
№93 жалпы білім беретін мектептің
математика пәні мұғалімі
азіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
Қ
13
www.kazmektep.kz
біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі еліміздегі ғылыми-
техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан
туындайды.
Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты
даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы
да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім
кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жал-
пы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі білім жағдайына тез
бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын
тұлғаны даярлау.
Білім беруді дамытудың проблемалары – қазіргі педагогикалық тео-
рия, практика талаптарына сай келетін жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің
білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды
белгілерінің жиынтығы.
Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиялары жөнінде ғалым И.С. Якиман-
ская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей
тұжырымдайды:
– басты мақсаты – оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен
қасиеттерін дамыту;
– білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәр-
биелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала
құрылуы тиіс;
– оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың
қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыру
қажет.
И.С. Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған
оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру үрдісінің негізгі қағидасы бо-
лып табылады, оның мақсаты – әрбір баланың мүмкіндіктерін танып дамы-
ту. “Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекше-
ліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің, яғни, қайталанбас жеке
тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті
шарты”.
Е.В. Бондаревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында
жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 бөлік
міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар:
– аксеологиялық;
– шығармашылық-әрекеттік;
– когнитивті;
– жеке тұлғалық.
Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт бөлігі
де, негізінен, сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың
жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және
шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік
береді.
Г.К. Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы – оқушының
жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты: табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны да-
мыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.
Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материал-
ды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға
бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:
– өз оқушыларының темпераменті, мінез-құлқы, көзқарасы, талғамы
мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;
– жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы,
бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік
жоспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты
қалыптасу деңгейін қадағалап білуі;
14
www.kazmektep.kz
– әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін
әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тар-
тып отыруы;
– мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақтылы айқындап,
жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға
сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;
– жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;
– тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып,
өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек
беруі;
– оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін
дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдас-
тырып, бағыттауы.
В.В. Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырым-
дамасының мәні төмендегідей:
1. Жеке тұлға дегеніміз – адамның арнайы білім алу және даму аясын
білдіретін педагогикалық категория.
2. Адам “жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын
атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.
Жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды да ол атап
көрсеткен.
1. Жобалау элементі – “тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас
өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып
табылады.
2. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады. Мұнда
сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде таныла-
ды.
3. Үрдіс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.
4. Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі.
5. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлғааралық,
субьектаралық қарым-қатынас сипатын алады.
Ендеше жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз – тек оқушыларды
бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл,
ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі
жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.
Г.К. Селевко бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектілендіруге
ұмтылатын “толыққанды тұлға” болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді.
Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім
қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың
мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттеріне
сай қалыптастырып, дамыту.
Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған тех-
нологиялар әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу
әдістері мен тәсілдерін іздеуден тұрады. Мұндай технологиялар психодиа-
гностика әдістерін пайдаланады, оқушылар қызметін ұйымдастыруға
деген көзқарасты өзгертеді, оқудың түрлі құралдарын қолданады. Демек,
жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық,
ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық
әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды
және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық
және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне,
қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
С.В. Кульневичтің атап көрсеткеніндей, білім беру үрдісін тұлғаға
бағдарлау ізгіліктік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді,
15
www.kazmektep.kz
бұл дегеніміз – білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық
мәні; жекелеген білік-дағдылар емес, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері,
өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар
қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқорлық көрсету және мұғалім мен
оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері
емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамы-
туы.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқу үрдістері: дамыта оқыту; бала-
ның жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету;
тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарас-
тырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты – адамды
қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға: ынты-
мақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың
жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға,
шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына
қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.
Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияла-
ры бар:
– В.Ф. Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;
– П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру техноло-
гиясы;
– В.В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
– Ш.А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
– Л.В. Занковтың, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту
технологиясы;
– Ю.К. Бабанскийдің оқу үрдісін оңтайландыру технологиясы;
– М.Чошановтың, П.И. Третьяковтың, К.Я. Вазинаның, В.М. Монаховтың
модульдік оқыту технологиялары;
– Г.К. Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;
– Ж.А. Қараевтың, Т.Т. Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М. Жанпейісованың,
Н.Н. Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары.
Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі
салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай
бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің
берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан білімдер мен икемділіктер
білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық
технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес,
мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық
әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным
да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту
мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім
беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде білім беру пәндік-маз-
мұндық, мазмұндық-әрекеттік және мазмұндық-тұлғалық байланыста
болуы керек.
Сондай-ақ, математикалық білім беру математикалық сауаттылыққа
түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені
математикалық сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек. Сауаттылық
мәселесі математика пәні мұғалімінің дайындық сапасының негізгі пробле-
масы. Бұл проблемалар:
– пән мұғалімінің теориялық әдістерінің жан-жақтылығы;
– мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері (курстар, семинарлар, т.б.);
– пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой-өрісінің жан-
жақтылығы.
16
www.kazmektep.kz
Менің математика пәні мұғалімі ретінде өз алдыма қойған мақса-
тым – оқытудың озық ақпараттық- инновациялық технологиялар әдістерінің
тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы
білім беру. Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасын төмендегідей
анықтауға болады:
– толықтығы; – жалпыланғандығы;
– тереңдігі;
– жүйелілігі;
– жеделдігі;
– түсініктілігі;
– икемділігі;
– беріктігі.
– нақтылығы;
Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арт-
тыру бағытында оқушыны неге тәрбиелеу керек:
– есептің берілгенін толық, ұқыпты оқып шығуға дағдыландыру;
– теорияны білу, оны логикамен ұштастыру;
– шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру;
– көру, есте сақтау қабілетін дамыту;
– есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу;
– пәнге деген құзырлылығын арттыру.
Білім мазмұнын орыс академигі И.Лернер айтқан тұрғыдан қарастырар
болсақ, ол мынадай бөліктен тұрады: білім (мәліметтер мен деректер),
икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер және көңіл күй
құндылықтары.
Осы білім мазмұнының “мәліметтер мен деректер” атты алғашқы
бөлігін (ұғымдарды анықтау, қасиеттерді түсіндіру барысында) гумани-
тарлық пәндерде көбірек сарапқа салынатын болса, “икемділіктер мен
дағдылар” атты келесі бөлігі (ережені негіздеу, есеп шығару) жара-
тылыстану пәндерінде таразыға жиі түседі. Бұл бөліктің алғашқыға
қарағанда салмағы ауырлау болады. “Шығармашылық іс-әрекеттер” атты
білім мазмұнының үшінші бөлігі мектепте сыныптан тыс жұмыстарда,
инновациялық мектептерде ғана өз мәнінде қолға алынуда, ал жаңа буын
оқулықтарындағы шығармашылық тапсырмалардың танымдық бағыты
басымдау болып келеді, оның үстіне ондай тапсырмаларды сабақта қолдану
көп жағдайда мұғалімнің шеберлігі мен қызығушылығына байланысты
келеді.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Тәуелсіз ел
атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды
танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ біліміне,
тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Бүгінгі күні біздің басты
мақсатымыз – өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта
отырып оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке
тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды
дамыту. Абай атамыздың “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден
балаға” деген нақыл сөзін естен шығармай, жалықпай, үлкен төзіммен,
алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына,
өмірде өз орнын таба білетін адамның қажеттілігін қалыптастыруына,
жақсы тәрбие, терең білім беру үшін аянбай жұмыс жүргізуге тиістіміз.
Әдебиет
1. Ашық сабақ журналы.
2. Ахметов Д. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психо-
профилактикалық жұмыстар.
3. Джобалаева Н.М. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында математи-
кадан білім беруді дамыту (баяндама).
4. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. – 2006. –
№ 1. – 21–23-б.
5. Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995.
6. Выготский Л.С. Психология. – М.: 2000.
Алматы қаласы.
17
www.kazmektep.kz
ліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім
беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жаңылсын АРЫСТАН,
«Шеңгелді» шағын жинақты жалпы
орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Е
білгеніңді іске қолдана білуде» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» , –
деп немқұрайдылыққа салынсақ, алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің
тағдырына қиянат жасаған болар едік. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті
мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы – әлемдік білім
кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар жасау. Қай заманда, қандай
реформа болсын, мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім
саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің,
мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға
қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты,
көзқарасы, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты
бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Оқушыға белгілі
бір дәрежеде білім берумен қатар оқып үйренуге деген ынтасын артты-
ру – әр ұстаздың бас ты міндеті. Сондықтан бала бойындағы қасиеттерді
ескере отырып сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап, оқушының
таным белсенділігін арттыруды мақсат еткен жөн. Танымдық белсенділікті
қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоционалдық, жігерлік
іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету
үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту
қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, дәріс тәрізді сабақ әдістері өз
нәтижесін бере алмайды. М.Жұмабаев “Педагогика” еңбегінде “Сабақ бары-
сында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа
беретін білімді жат күйінше емес, баланың бұрынғы таныс біліміне бай-
лап берсін” деген. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы
өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі
арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады. Өзім сабақ үрдісінде оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерінің бірі – деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технология-
сын пайдаланамын және бұл өте тиімді.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш дең-
гейлік: 1-деңгей – міндетті, оқушылық; 2-деңгей – алгоритмдік; 3-деңгей–
эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру; ал қосымша 4-деңгей–
шығармашылық. Ол өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру талаптарынан
тұрады. Бұл технологияның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті»,
«қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болсын,
жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден бастап орындайды. I
деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының
орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған оқушы «3» деген
бағамен бағаланады. Әрбір оқушы I деңгейді орындауға міндетті және одан
жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда
«үлгерімі төмен оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге
болады?» деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған
тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды
дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай балл жинау әдісімен бағаланатынын
ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмалар-
3. “Қазақстан мектебі”№2, 2015.
18
www.kazmektep.kz
да жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне
талдау жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді.
Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп
оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды. Бұл
технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне аса назар аударады.
Оқушылардың пәнді оқуға деген мақсаттарын айқындай келе, балалардың
өз бетімен жұмыс істеу әрекетін төрт деңгейге бөлуге болады.
Бірінші деңгей – бар білімін қолдана білу. Оқушы, әсіресе, жаттығу орындау
кезінде керекті ережелер мен формулаларды қолданып, өз бетімен тапсырмалар-
ды орындайды. Бірінші деңгейдегі оқушылар есеп шығару үлгісі болмаса, яғни
есеп үлгіге сәйкес келмесе онда есепті шығара алмайды. Тіпті есепті шығарудың
басқа әдістерін іздестіруге ұмтылмайды. Көбінесе, «мұндай есептер шығарған
жоқпыз» деп есепті қарастырмайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс істеп,
қосымша сабақта тапсырма беру арқылы деңгейін көтеруге болады.
Екінші деңгей – бірнеше анықтамаларымен формулаларды талқылап,
керегін өз бетімен қолданатын оқушылар. Бұл деңгейдегі оқушылар есепті
шығару кезінде өзі есепке талдау жасай алады.
Үшінші деңгей – есепті шығару кезінде тиімді әдістерін таңдап, есепті
бірнеше әдістермен шығаратын оқушылар. Мұндай оқушылар өзінің оқу
әрекетін жоспарлап, ұйымдастыра алады.
Төртінші деңгей – оқушылар сыныптан тыс оқулықтармен есеп-
тер шығарған, мектеп курсында қарастырылмайтын тақырыптарда өз
бетімен оқитын оқушылар. Мұндай оқушылар кіші ғылыми академияға
шығармашылық жұмысын дайындап, олимпиадаларға қатысып, шығарма-
шылық ізденісте болады.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерін көтеру үрдісі
төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде мұғалім оқушыға қарапайым таным әрекетімен таныс-
тырады. Ұлы адамдардың есептерінен, тарихи есептерден, ертегі есептерді
шығару әдістері көрсетілген есептерді жинақтап, рефераттар дайындауға
үйретеді. Логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептерді жеңілдерінен
бастап тапқырлыққа жетелейтін әзіл есептерді шығару барысында пәнге деген
қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. Оқушының
әрбір алға басқан қадамына көңіл бөліп, мадақтап отырған жөн. Сонда
оқушының өз мүмкіндігіне сеніп, қызығушылығы артады.
Кейбір жеке есептерді шығару барысында кітаппен жұмыс істеуге,
шығарылған есептерді оқып түсінуге, соған ұқсас есептерді тауып шығаруға
көмектеседі. Есептердің шығарылуына нұсқау беріп, өз бетімен орындалуына
мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде мұғалім есепті шығарудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін көрсетіп,
талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді. Берілген
тапсырмалардың бірнеше әдіспен шығарылуын талап етеді. Кейбір жаңа ма-
териалдарды оқушының өз бетімен оқып, әртүрлі қиындықтары бар тапсыр-
маларды оқу құралдарын, анықтамаларды пайдаланып шығаруы керек. Ол
есептерді шығарудың қалыптан тыс тәсілдерін қолдана білуге үйретеді.
Үшінші кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол кезеңде
оқушы негізгі деңгейге шығады. Мұнда оқушы сыныптан тыс қосымша оқуға
жалпылама қорытынды жасай білуге үйренуі керек. Оқушылар өз жұмыстарына
талдау жасап, қателіктерді болдырмау үшін нені әлі жетік білмеймін деген
мақсатта өз жұмысын қорытындылап, алдағы жұмысына жоспар құра білуді
үйренуі керек.
Төртінші кезеңде оқушы жұмысы шығармашылық ізденімпаздық
мағына алады. Математикалық заңдылықтарды, теоремаларды дәлелдеудің
басқа тәсілдерін іздестіруге, есептеулер жүргізіп, бақылау тәжірибелерінің
қорытындысы бойынша формула құрастыруға жетелеу керек.
|