Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы.
ицей әкімшілігі «Тәуелсіз елім, абыройлы Ана тілім!», – деп жүрегі алып
ұшқан, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері,
ҒИБРАТТЫ КЕЗДЕСУ
Сара ОРГАНОВА,
Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Л
«Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, филолог, профессор, «Мемлекеттік
тілге – құрмет» бірлестігінің және Алматы облыстық әзірбайжан этно-мәдени
орталығының төрайымы, қазақ халқына бүйрегі бұрып тұратын қазақтың Асы-
лы – Осман Асылы Әлиқызымен кездесу ұйымдастырып, салиқалы сұхбат құрды.
Кездесу барысында мемлекеттік тілге, Асылы апайдың қызметіне байланысты
бейнематериалдар көрсетілді.
Кездесуге қатысушылар апайға көптеген сұрақтар қойып, оған толық жа-
уап алып, ғибратты әңгімелерін тыңдады. Әңгімелердің ең басты тақырыбы –
елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау
қажеттілігі. Сонымен бірге қазақ қызы қандай болу керек және оның ерекше
қасиеттері төңірегінде әңгіме қозғалды.
Кездесу өте қызықты, мағыналы өтті. Кездесуді қорытындылаған лицей ди-
ректоры Акбулут Халил Ибрагим мырза Асылы апайға рақмет айтып, көпшіліктің
ризашылығын білдірді.
Алматы қаласы.
7
www.kazmektep.kz
үгінгі таңда елімізде педагогикалық шеберлік орталығы шетелдік
әріптестерімен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибе мен педагогикалық
Б
КОУЧИНГ ПЕН ТӘЛІМГЕРЛІКТІҢ РӨЛІ
Ұлжамал БЕЙСЕБАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық
шеберлік орталығының менеджері
Білім жүйесі: ізденістер, игі істер
тәжірибені қолдану арқылы үш деңгейлі Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары негізінде курс өткізіп,
курстан кейінгі жұмыстарды жүргізуде. Курс барысында тыңдаушылар өздері
жылдар бойы қалыптастырған педагогикалық тәжірибесін бүгінгі ұсынылған
бағдарлама мазмұнымен ұштастыруы қиын. Атап кетер болсам, «коу-
чинг» термині оларды ойландырады. Өйткені, тыңдаушылар «бұл бұрынғы
әрекеттеріміз емес пе», «оқыту семинарын ұйымдастырушы едік ғой» де-
ген түсінбеушіліктерді білдіреді. Сонымен бірге коучинг пен тәлімгерлікті
ажыратуда өзіндік келіспеушіліктерін көрсетеді. Әрине, мұндай жағдайлар
ілгерілеуге ұмтылып отырған тыңдаушыларда туады, бағдарлама мазмұнынан,
ғаламтордан, әріптестерден ақпарат алмасу арқылы өз күмәндерін курс
соңында сейілтеді. Дегенмен, олар мектепке барғанда әріптестерімен жұмыста
осы мәселелер көптеген кедергілер тудырғанын айтады. Осы туындаған жайт-
тан кейін өз ізденісіммен бөлісу алға қойылды. 2014 жылдың ақпан айында
басталған бірінші деңгей курсындағы жалпы орта мектепте, шағын орта мек-
тепте қызмет ететін тыңдаушыларыма аудиттік зерттеулеріндегі сауалнама
сұрақтарына «Коучинг» терминімен таныссыз ба?», «Коучинг пен тәлімгерлік
неліктен мектеп мұғалімдеріне ұсынылған?», «Коучинг пен тәлімгерліктің
айырмашылығы қандай?» деген сұрақтарды қосуды ұсындым. Нәтижесінде
сауалнама алынған 30 пайыз мұғалім естуіміз, оқығанымыз, қатысқанымыз
бар деп жауап берсе, ал 70 пайыз мұғалім хабарсызбын деген жауапты берген.
Екінші «Коучинг пен тәлімгерлік неліктен мектеп мұғалімдеріне ұсынылған?»
деген сұраққа білім сапасын арттыру деп тұтас жауап берген. Үшінші
сұраққа бұрынғы тәжірибеміздегі тәлімгерлік әрекетіне ұқсас деген жауапты
73 пайыз мұғалім, коучинг – сұрақтар арқылы мәселені шешуге бағыттау, ал
тәлімгерлік – бір мұғаліммен ұзақ уақыт жүргізіледі деген жауапты 27 пайыз
мұғалім берген.
Осы аудиттік зерттеудің ішіндегі сауалнамалардың нәтижесіндегі
көрсеткішті және тыңдаушылардың мектеп тәжірибесіндегі коучинг пен
тәлімгерлік жасаудағы кедергілерін болдырмайтын жолдың бірі – коучинг
пен тәлімгерліктің тиімділігін, жетістікке жетудегі маңыздылығын айқындау.
Осыған орай төмендегі ақпаратты ұсынамын.
Коучинг – бұл маңызды мақсаттарға жетуге арналған жеке кеңес беру,
жоспарлау тиімділігін арттыру, ішкі әлеуетін шоғырландыру, қажетті
қабілеттіліктер мен дағдыларды дамыту, нәтижені алу үшін озық стратегиялар-
ды меңгеру.
Коуч венгрлерден бастау алған, ХVI ғасырда Англияда бекітілген. Ол ар-
баны, күймені білдірген. Бұл мақсатқа тез жету және жолда жылдам жүруге
көмектесумен байланыстырылған.
Коуч – бұл коучинг сессиясын жүргізуші, ал коучингке қатысушы ретінде
бір мұғалім немесе бірнеше мұғалім бола алады. Коучинг – бұл проблема ая-
сынан тиімді шешім аясына ауысу технологиясы (кезіндегі арба айдаушының
әрекеті секілді).
8
www.kazmektep.kz
Коуч – бұл өзгерістер агенті іспеттес. Өз өміріңіздегі қазіргі және кейінгі
кездегі жетуді қалайтыныңызды қарайтын серіктес. Коуч сізге түрткі жасайды.
Ол сізге шығармашыл, басынан барлық қажетті ресурстарға және қабілетке
ие тұтас тұлға ретінде қарайды. Коучтың міндеті – сіздің әлеуетіңізді ашуға
көмектесу.
Джон Уитмор коучингті қолданудың жеке және кәсіби әрекеттегі
жетістіктерін келесідегідей бөледі:
– іс-әрекеттің өнімділігін жақсарту, коучинг осы үшін қолданылады;
– ұжымдағы адамның дамуы;
– ұжымдағы мүшені оқытудың ең тиімдісі, коучинг жұмысты үзбей
жылдам оқуды қарастырады, бұл үрдіс қуантады және рахаттандырады;
– ұжымдағы өзара қатынасты жақсартады;
– өмірлік сапасын жақсарту. Өзара қатынасты және осымен байланыс-
ты табыстылық жұмыстағы барлық ахуалды жақсартады;
– менеджерде немесе мұғалімде көп бос уақыттың болуы. Коучинг арқылы
дайындалған жанда жауапкершілік артады, оны қадағалаудың қажеті жоқ,
жоғары нәтижелі жұмысқа бағыттайды;
– көптеген конструктивті идеялар туындайды;
– адамдардың шеберлігі мен ресурстарын жақсы қолдану, коучинг
топтағы айқындалмаған таланттарды анықтайды;
– қиын жағдаяттарда жылдам және тиімді әрекет ету. Адамдар
бағаланатын жерде қайықты судан шығаруды сұрамай-ақ, одан бұрын әрекет
етеді;
– өзгерістерге жоғары деңгейдегі икемділік және бейімділік. Болашақта
икемділікке деген қажеттілік өседі. Өмірдегі бәсекелестік, технологиялық
инновациялар, жоғары жылдамдықтағы ауқымды қарым-қатынас, эконо-
микалық және әлеуметтік тұрақсыздық, осы қажеттілікті өмір бойында
жасайды. Мұндай жағдайда тек икемді мен бейімді ғана өмір сүре алады.
Коучингтің негізгі мақсаттарының бірі – адамды жаңаша ойлауға үйрету.
Жетістік жолындағы кедергілерді жеңіп, жаңа, үлкен нәтижелерге жетуге
түрткі болады, коучинг тек мансапқа ғана емес, адамның жеке өміріне де
жағымды ықпал етеді.
Сонымен коучинг қандай болады? Коучинг ұжымдағы басқару стилі. Оның
негізін қалаған Джон Уитмор. Ол – коуч болып, өзінің қарамағындағыларға
тәлімгер және тренер болған адам.
Коучинг түріндегі қазіргі таңдағы менеджмент ұжымдағы адамдарға би-
дай секілді қарау керек, олардың әрқайсысы бұрыннан шығармашылық әлеуеті
бар деп қаралады. Әрбір қызметкер көптеген міндеттерді шешуге, бастама
көтеруге, таңдау жасап, оны жауапкершілігіне алуға қабілетті. Басшы-коуч
қызметкерлерді жауапкершілікті өздеріне алуға, қызметтерді бөліп беруге
мүмкіндік береді. Қызметкердің іске асырылмаған әлеуеті, мектеп ұжымының
жіберіп алған пайдасы секілді.
Коучинг пен тәлімгерліктің қандай айырмашылығы бар?
Тәлімгерлікте бұрыннан бар білімі мен кәсіби дағдыны дамытады.
Тәлімгерлікте аға буын ретінде мансапта көтерілуге, ұжымда өзін ұстауға
үйретті. Кәсіпте үнемі бақылау, өзіндік тұрақты кәсіби моделін құруға
көмектесті.
Коучингтің басты ерекшелігі – қызметкерге оның проблемасын шешіп беру
емес, оған өз шешімін табуға көмектесу. Коуч сіздің проблемаларыңыздың
эксперті емес, бірақ ол сіздің өзіндік мүмкіндіктеріңізді ашатын эксперт. Коуч
қызметкерді әлеуетке ие тең әріптес ретінде қарайды.
Коучингтің айырмашылықтары мыналар.
1. Коучтер эксперттік кеңес беру жүргізбейді. Олар қызметкерге мақсатқа
жетудің өзіндік жолдарын және тәсілдерін табуға, қажетті дағды мен
іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Коучтер – мықты сұрақ қою бойынша экс-
9
www.kazmektep.kz
перттер, олардың сұрақтары жаңалық ашуға көмектесіп, санасын айқын етіп,
әрекет етуге ұмтылдырып, адамды мақсатына жетелейді.
2. Коучингте жұмыс қазір және болашақтағы әрекетке бағдарланған. Коуч
ұстанымдарын айқындатып, болашақтағы әрекет жоспарын жасауға ықпал
етеді. Коучинг өткен проблема мен қиын жағдайлармен жұмыс жасамайды.
3. Коучингте нұсқау беру болмайды. Қызметкер немен жұмыс істейтінін
өзі таңдайды.
Бәсекелестікте мектептердің негізгі ресурстары идеология болып табыла-
ды. Коучинг – көшбасшы идеологиясына қызметкерлерді кіріктірудің және
ұйымдағы адамдардың өзара әрекет тәсілінің оңтайлы құралы. Қандай ұйым
мұны тиімді қолданады? Жетекші елдердің ғалымдары ондаған жылдар бойы
қолдан жасалған интеллект жасауға тырысып жатыр. Дегенмен, нәтижесіз.
Шешуі тиіс маңызды міндеттердің бірі – жүйені өзі оқу. Ұйымды дамыту, тұтас
ұжымдық сананы жасау, оның жұмысының өзін оқыту мен қолдауды талап
етеді. Өзін оқытатын ұйым – бұл ортақ көзқарасы бар, іске асыру алгоритмі
үздіксіз бейімделеді, талданады, түзетіледі, яғни ұжымдағы әрекетте ұдайы
үрдіс жүреді. Бұл ұйымның дамуы сыртқы ортаның талабына реакция ретінде
емес, оның ішкі қажеттілігін іске асыру ретінде жүреді. Өзін оқытатын ұжымды
жасаудың мақсаты – көшбасшының және оның серіктестерінің интеллектік
модельдерінің негізінде жалпы интеллектік модельдерді жасау және дамыту.
Айталық, көшбасшының бірден-бір мақсаты – ұжымды басқару немесе жалпыға
ортақ сапаны басқару. Осы жүйені басқарудың және іске асырудың жетістігі
осы идеологияға қызметкерлердің кірігуіне байланысты. Өзін оқытатын
ұйымның негізіне мәнді кооперация жатады, адамдардың өзіндік позициясының
негізіндегі өзара әрекеті. Мәнді кооперация ұйымдастыру іс-әрекеттің мәніне
қатысты адамның өзін анықтауын қамтамасыз етеді. Өзін оқытатын ұйым өзінің
қызметкерлеріне адамның жоғары қажеттілігін іске асыруға мүмкіндік береді.
Бұл көшбасшының көмегімен өзінің позициясын қалыптастыру нәтижесінде
іске асады, ұйымдағы өзінің мәнді орнын анықтайды. Өмірдің мәні – жаңаны
тану, өзінің тұлғалық позициясын дамыту, әлеуметтік өзара әрекет формасын
дамыту. Адам мұндай ұйымда өзінің арманын орындау үшін әрекет етеді, ал
ұйым оған жетудің оңтайлы ресурсы болып табылады. Өзін оқытатын ұйымда
адам өзінің өмірлік мәнін іске асырады. Экономиканы, білім беруді бүгінде
идеялар жүйесі басқарады. Ақша төмен маңызға ие, ол төменгі ресурс саты-
сында. Идеология – экономикалық міндеттерді, білім берудегі міндеттерді іске
асыру құралы. Идеология экономиканың, білім берудің өзегі болып табылады.
Коучинг жеке және іскерлік болып екі категорияға бөлінеді. Тәжірибе
бойынша іскерлік проблемамен келеді. Адамның жасайтынының 80 пайызы
өзіне байланысты: оның құндылығы, қажеттіліктері және қалауы. Жеке кеңес
берулер түрлі формада жүргізіледі:
– жеке кездесулер;
– телефон бойынша кеңестер;
– электронды пошта бойынша хат жазу.
Осы формалардың барлығында жоспарды консультантпен бірге
клиенттердің жеке тапсырмаларды орындауы қаралады (тапсырмалар,
әрекеттер, жаттығулар), үрдісті мониторинг жасауға көмектесетін, қажет
болған кезде ойын іске асыруға қолдау көрсетіледі. Коучинг стратегиялық
және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған, адамға оңтайлы түрде ре-
сурсты қолдануға мүмкіндік береді.
Әдебиет
1. Максимов В. Е. М17 Коучинг от А до Я. Возможно все. – СПб.: Издательство –
Речь, 2004. – с. 272 .
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым, 2012.
Шымкент қаласы.
2. “Қазақстан мектебі”№2, 2015.
10
www.kazmektep.kz
ілім берудің ХХІ ғасыр адамы үшін қажетті біліктіліктерді қалып-
тастыруға бағдарлануы, оқушылардың жеке қабілетін дамыту болып
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТІҢ
МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ТИІМДІЛІГІ
Әсия КӨПЕШОВА,
Сәуле МАТАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық
шеберлік орталығының аға менеджерлері
Б
табылады. Сондықтан, ХХІ ғасырда білім берудің келесі 4 негізіне көңіл
бөлу керек деп санайды :
– білу үшін оқу;
– адам болып қалыптасу үшін оқу;
– алған білімді іске асыру үшін оқу;
– өмір сүру үшін оқу.
Осындай талап қойылып отырғанда елімізде өзгермей қалудың өзі
мұғалім қауымы мен білім саласы үшін қауіпті. Экономиканың қарқынды
дамуы еліміздегі кез келген салаға өз ықпалын тигізбей қоймады. Сондықтан,
педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі
жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие
үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім
оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда қозғаушы күшке ие. Ғылым
мен техниканың қарыштап даму заманында мектептегі дәстүрлі оқытуды
ешкім де жоққа шығарып отырған жоқ. Дегенмен, деңгейлік курс-
тардан өткен мұғалімдер үлкен кедергілерге ұшырауда. Әрине, егер
мұғалім оқушыға оқулықпен шектеліп, тек бағдарлама төңірегінде ғана
білім беретін болса, қазіргі заман оқушысы осындай әрекетке толық
қанағаттана алмайды. Мемлекеттік стандартты толық меңгеруіне кепілдік
бермей отырғандығы, оқушылардың қажетті білім көрсеткішін көрсете
алмауы және білім стандартының барлық оқушыларға қолжетімді бол-
мауы да ойлануға тура келетін үлкен проблемалардың бірі. Осы жөнінде
С.Мирсейтова (Оқушының ойлауын дамыту нысандары мен әдістері, 7-
бет) еңбегінде оқу құралының мақсаты – сыни тұрғыдан педагогтердің
оқытуда жаттанды ақпараттан гөрі ондағы қойылған мәселені зерттеуге,
талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшуіне күш
салу үшін көмектесу.
Елімізде білім саласындағы осындай бетбұрыс жасалынып жатқан
жағдайда оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын
жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім
сапасын жоғарылату үшін басты бағыт-бағдар мұғалімдердің біліктілік
арттыру курстарында берілуде. Әрине, барлық мұғалім өз сабағында
оқушылардың қызығушылық деңгейін сақтап қалу үшін оқу-тәрбие үрдісінде
түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүр-
гені мәлім. Ол мұғалімнің кәсіби жұмысының жауапкершілігіне де байла-
нысты. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақта қамту мүмкін емес.
Демек, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технология-
сын таңдап іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы
оқушының технологияны қабылдауы, оған деген ынтасының артуы үшін
мұғалім тарапынан іске асырылады және оған баса назар аударылуы тиіс.
Мұғалім тарапынан жаңалыққа бетбұрыс жасауы, 12 жылдық оқытуға
көшу қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін
ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді, шығармашылықпен дамыған жеке
11
www.kazmektep.kz
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор.
Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және
мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар
оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан
сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз» , «салыстырыңыз» ,
«түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген
тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді.
Оқу үрдісіндегі болып жатқан жаңалықтың өзі мұғалім қауымынан
талап етіп отырған бетбұрыс, ол сындарлы оқытуға негіздеу болып табы-
лады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген
анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті)
теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009). Деңгейлік
курстардан өткен мұғалімдер сындарлы оқыту теориясын қолдана от-
ырып, оқушылардың белсенділігін сұрақтар қоя отырып алған білімін
толықтыру, өзіндік пікір қалыптастыру, құрбы-құрдастарымен байланыс
жасау арқылы білімдерін арттырады (МАН-І денгей, 8-бет).
Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа
бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығар-
машылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Енді Жордж Ланд және
Бес Жерман жүргізген зерттеу жұмыстарынан мысал келтіретін болсақ,
төмендегідей мәлімет анықталады. Зерттеу жұмысына 1600 баланы (3–5
жас аралығындағы) қатыстыра отырып 8 сынақтан өткізеді. 3–5 жас
аралығындағы балалардың қалыптан тыс ойлайтындығы, шығармашылығы
және креативтілігі 98 пайызға дейін екендігі анықталған. Осы зерттеу
жұмыстарына қатыстырылған балаларды 5 жылдан кейін қайта зерттеу
жұмыстарына қатыстырғанда олардың креативті ойлауы 70 пайызға дейін
төмендеген. Дәл осындай зерттеу жұмыстарын 25 жасар және одан
жоғары жастағыларға өткізгенде көрсеткіш 2 пайыз болғандығына
таң қалған. Балалардың шығармашылық жұмыстарының не себептен
жасы өскен сайын төмендейтіндігін анықтау барысында олар бірлескен
жұмыстың жоқтығынан деген тұжырымдамаға келген. Себебі, 3–5 жасар
балалар бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жүргізетіндігі белгілі. Демек,
оқушыларға үрдіс барысында бірлескен жұмысты көбірек пайдалану керек
деген түйінді ой жасауға болады. Өйткені, ынтымақтастық пен бірлескен
жұмыстың ықпалының рөлі үлкен.
Отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психоло-
гиядағы ізгілікті дәстүрлер мен ой-пікірлерді зерделеп, адамға бағытталған
әлеуметтік-психологиялық танымды дамытуға басымдылық жасалып отыр.
Ендеше, оқу үрдрісінде оқушылардың белсенділігін арттыратын және
сол жаттығулар арқылы өзара әрекеттестігін жақсартатын әдістерге
көбірек көңіл бөліну керек. Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің
барлығы болмаса да, сабақ үрдістерінде тиімді тәсілдер арқылы өзгеріс
енгізуге ұмтылуда. Осындай өзгерістердің бірі: Lesson Study. Ол мұғалім
тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-
әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық
тәсіл. Бұл әдіс ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып,
Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын
қолданыла бастаған.
Бұған шараны бірлесе жоспарлап өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен
оқуды талдай отырып өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер
тобы қатысады. Оны өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа
әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу
немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне та-
ратады.
12
www.kazmektep.kz
Lesson Study әдісін қолданған мұғалімдердің пікірлері: «Жаңа әдіс-
тәсілдерді тиімді қолдану арқылы білім дағдысын қалыптастыру» тақы-
рыбымен жүргізілген Lesson study-ге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
4 мұғалімі қатыстық. Lesson study әдісін қолдана отырып бірлескен
жұмыс арқылы оқушының білім сапасын арттырып, білік дағдысын
қалыптастыратын сабақ жоспарының тиімді үлгісін жоспарлауды көздедік.
Оқушы әрекетін бақылау арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен топтық
бірлескен жұмыстың білім сапасына әсерін зерттеуді мақсат еттік. Зерттеу-
ге 6 «ә» сыныбын бекіттік, ақылдаса отырып үш деңгейлі оқушыларды
және оларды кімдер бақылауға алатынын алдын-ала белгілеп алдық. 6-сы-
ныпта қазақ тілі пәні бойынша орта мерзімді жоспарлауға лайықты «Етіс
және өздік етіс», «Өзгелік және ырықсыз етіс», «Ортақ етіс» сияқты бір
тараудың тақырыптарын таңдап алдық. Алғашқы жоспарлауды сынып
оқушыларының келешек нәтижелерін анықтаудан бастадық. Онда оқушыны
жеке тапсырманы орындайтын, сөздерді құрамына қарай талдайтын, топ-
та бірлесіп жұмыс істейтін, тест тапсырмаларын орындайтын, өз бетінше
анықтама құрай білетін, өз деңгейін бағалай алатын деңгейге жеткізуді
мақсат еттік. Сабақ барысында қолданатын әдіс-тәсілдер мен ресурстарды, 7
модульден қамтылатын басымдықтарды да орта мерзімді жоспарлап анықтап
алдық. Жоспарлау барысында циклге қатысатын мұғалімдердің барлығының
сабақ барысында бос болуларын, сабақ біте салысымен талқылауға қатысуға
мүмкіндіктері болуын қамтамасыз ету үшін мектеп әкімшілігімен бірлесе
отырып сабақ кестесіне біраз өзгерістер енгізуімізге тура келді. Бір кафедра-
да ондаған жылдар бірлесе отырып еңбек етіп келеміз дегенімізбен,
барлығымыз бірлесе отырып сабақ жоспарлап көрмеген екенбіз. Бұл
бірлескен жұмыс барысында бір-бірімізді жаңа қырымыздан танығандай
болдық. Жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер, жоспарлаудың өзіндік қыр-
сырларымен бөлісу бізді мақсат еткен жұмысқа ерекше шабыт бергендей
жаңа құлшыныстарға жетеледі десек те болады.
«Білім саласына өзгеріс не үшін керек?», «Қолданылатын тәсілдердің
тиімділігі неде?», «Мен өз оқушыларымның қажеттілігіне қарай қандай
әрекет жасауым керек?» деген сұрақтарға жауап іздегенде, мұғалім өз
ісіне рефлексия жасай алғанда ғана білім саласындағы өзгерістің тиімділігін
түсінеді. Ол, негізінен, білім саласындағы қызметкерлердің біліктілік курс-
тарынан алған білімдерін қаншалықты тиімді қолданып жатқандығына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |