Қызылорда облысы
Сырдария ауданы
Аманкелді ауылы.
№ Жұмыс мазмұны Уақыты Жауапты адам
1. Шығармашылықпен жұмыс жасауға Қыркүйек Топ жетекшілері
қабілетті балаларды жинау
2. Балалардан жеке ерекшелігіне Қыркүйек
Топ жетекшілері
қарай топ құру
3. Әр топтың жұмыс жоспарын құру Қыркүйек
Топ жетекшілері
4. Оқушылар шығармасын Үнемі Топ жетекшілері
баспасөзге ұсыну
№ Жұмыс мазмұны
Әдіс-тәсілдері
Уақыты
1. «Сөз ойла , тез ойла» Жағдаяттық сұрақтар
Қазан
2. «Білім кілті» Сайыс
Қараша
3. «Менің сүйікті кейіпкерім» Әңгімелеу Желтоқсан
4. «Менің арманым» Шығарма жазу
Қаңтар
5. «Ғажайып ел» ертегі құрастыру Шығармашылық жұмыс Ақпан
6. «Қиялым сенсің, қылқалам» Сурет салу, шығарма жазу Наурыз
7. Күрделі ұйқастар Дамыту жаттығулары
Сәуір
8. «Тіл байлығы – тірегім»
Өлең құрастыру Мамыр
9. «Таза болса табиғат – Шығарма жазу
Қыркүйек
аман болар адамзат»
4. “Қазақстан мектебі”№2, 2015.
26
www.kazmektep.kz
жылдық білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне
еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Әлемнің
БЕЙІНДІ БАҒЫТТА ОҚЫТУ:
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН
ТӘЖІРИБЕЛЕР
Гүлзада АЛДАБЕРГЕНОВА,
№14 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі
12
бірқатар елдерінде 12 жылдық білім берудің белгілі бір халықаралық
стандарты қалыптасқан. Қазақстан Республикасындағы білім беруді
дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
бойынша 2020 жылы 12 жылдық білімге көшу жүзеге асырылады.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезеңдеп көшу
басталды.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе
жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жекебасының, сондай-
ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді,
шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастыру мен дамыту болып отыр.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген дамудың негізгі үр-
дістері мыналар:
– қоғам дамуының қарқындылығы;
– ақпараттық қоғамға көшу;
– мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
– халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғалам-
дық проблемалардың туындауы;
– қоғамның демократиялануы;
– экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестің өсуі;
– адам капиталы мәнінің артуы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында «Білім беру рефор
-
масы – Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық
және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы
білім беру жүйесі қажет», – деп 12 жылдық білім беруге баса назар
аударған еді.
12 жылдық білім берудің мақсаты:
– өз ойын еркін айта алатын;
– өзін көрсете білетін;
– өзін-өзі дамыта алатын;
– жоғары білімді;
– ұлттық тілді;
– тарихты жетік меңгерген;
– бәсекеге қабілетті;
– отандық, әлемдік мәдениеті бойында қалыптасқан;
– шығармашылығы дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Бұл мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:
– тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру;
– құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;
27
www.kazmektep.kz
– оқушының ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері және
қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
Сондықтан жалпы орта білім беру мектептерінде баланы әмбебап білім,
білік, дағдылармен қаруландыратын, өзіндік іс-әрекетке үйрететін және
білім беру мазмұнының сапасын анықтайтын басты құзыреттіліктердің
қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйе құрылуға тиіс. Бұл жүйе әр жастағы
тұлғаны туындаған кез келген мәселені шешуде қолдана алатын жаңа
әдістерді игеруге, қалай оқу, қалай ойлау керектігіне үйретуге негізделуі
шарт.
Оқу – бұл, ең алдымен, бұл үрдіске қатысатын адамдар арасындағы
қарым-қатынас. Мұғалім – оқушы мен оқу материалы арасындағы
дәнекер. Ендеше мектептің дайындығы, көбіне, мұғалімнің әр оқушының
ерекшелігін байқап, түсініп, ескере алу қабілетіне және өз шәкіртіне
көмектесе алу біліктілігіне байланысты. Демек, мұғалім а) жаңа оқу ма-
териалымен таныстыруда әртүрлі әдістерді қолдана білуі керек; ә) оқыту
барысында әр оқушының өз өмірлік тәжірибесі мен даму деңгейіне сәйкес,
білімді меңгеруіне мүмкіндік беретін тапсырмаларды қолдануы керек;
б) оқушыларға өз жетістіктерін көруге жағдай туғызуы керек.
Бұл мақсат-міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесі оқытудың
жаңа технологияларын: жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды,
зерттеу, жобалау әдістерін, т.б. қолдана отырып, оқытуды ұйымдастыруы та-
лап етіледі.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең
бір елеулі жаңашыл шешім – бейінді оқытуды енгізу болып табылады.
Бейінді-бағдарлы оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылығының
және қабілетінің дамуына жағдай жасайтын, олардың келешекте ие болуға
тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің
жоғары сатысында жүзеге асады. Бейіндік оқыту жаратылыстану-
математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар
бойынша жүзеге асырылады.
Бейінді оқытудың негізгі міндеттері төмендегідей:
– пәнді қандай да деңгейде тереңдетіп оқытып, оқушылардың жеке
қабілеттерін ескеру;
– орта және жоғары білім салаларының сабақтастығын жетілдіріп,
мұғалімнің кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейде болуын талап ету;
– жоғары сынып оқушыларының өзіндік әлеуетін анықтап, сәй-
кес кәсіби білім беру аясында білім алуын жалғастыру үшін қажет
қабілеттіліктердің қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
Бейінді оқытуды енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің
жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын
ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін
жасау.
Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде ин-
форматика пәні бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары төмендегідей
мақсаттарды көздейді.
1. Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу.
2. Болашақ мамандық ерекшеліктерін таныстыру, оқушылардың түрлі
іс-әрекеттерді орындау барысында осы мамандық иесі ретінде өзіндік сына-
луына жағдай туғызу.
3. Бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру.
4. Оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында ке-
лешекке қажет білік пен дағдының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Жалпы алғанда информатикадан бағдарлы сараланған білім беру
элективті курстардың келесі түрлерін ұсынуға болады.
1. Пәндік элективтік курс, оның міндеті базистік оқу жоспарындағы
28
www.kazmektep.kz
«Информатика» оқу пәні бойынша білімді кеңейту және тереңдету оқу үшін
қолайлы болады.
2. Курстың жеке бөлімдері тереңдетіп оқытатын арнайы курстар.
Мұндай курстарға «Әлеуметтік информатика», «Логикалық программалау»,
«Компьютерлік терілім», «Компьютерлік модельдеу», «Web-дизайн», «Ком-
пьютерде іс-қағаздарын жүргізу» және т.б жатуы мүмкін.
3. Оқушылардың қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығу-
шылығын дамыту мақсатындағы қолданбалы элективті курстар («Инфор-
матика және техника», «Информатика және компьютер», «Информатика
және ақпараттық орта»).
4. Бағдарламалауға арналған есептер шығаруға элективті курстар.
Пәнаралық элективті курстар, олардың міндеттері – оқушылардың ком-
пьютер мен ақпарат туралы білімдерін интеграциялау.
Информатика сабағында бейіндеп оқытуда интеллектуады ойындардың
тиімділігі – олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын
дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің
жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың
жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді
ұйымдастыруға байланысты.
Педагог және психолог ғалымдар ойын іс-әрекетін жан-жақты зерттеп,
баланың дамуына, тәрбиеленуіне, танымдық қызығушылығын арттырудың
негізгі құрылымы ретінде қарастырылды. Ойын бірнеше қызмет атқарады:
– ойын-сауық;
– коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
– әлеуметтендіру.
Информатика сабағында білімді пысықтау, бекіту үшін интеллек-
туалды ойындар пайдаланылады. Мұғалім тәрбиешіге интеллектуалды
ойындарды талдау кезінде міндеттің орындалғанын, әрекеттің жүзеге
асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге әкелгендігін қада-
ғалаудың маңызы зор.
Негізгі орта мектепте информатиканы бейінді оқытудың мазмұны мен
ұйымдастырылуы, «12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-
мазмұндық моделі» жайында және «Жалпы білім беретін орта мектеп-
тердің жоғары сатысынан бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары»,
«Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде ин-
форматика пәнін бейінді оқытуды дамыту», «Информатика пәнін бейіндеп
оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігі» сияқты бейінді түрінде
оқытсақ, бірінші жағынан білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі, екінші
жағынан информатиканы оқи отырып, жаратылыстану-математикалық
бағыттағы оқу пәндерінен білімдерін тереңдетеді.
Алға қойылатын ауқымды мәселелер де жоқ емес.
1. Оқушыға заман талабына сай жан-жақты білім беру жолында жаңа
технологияларды қолдануды жетілдіру.
2. Әдістемелік жұмыстардың ғылымилығын қарастыру.
3. 12 жылдық білім беру мақсатында оқу- тәрбие үрдісінде жаңа жол-
дарды іздестіру.
Мемлекетіміздің мәртебесін өзге де өркениетті елдер деңгейіне жеткізу
үшін білім сапасын көтеру, білім беру ісін дамыту арқылы еліміздің
жарқын болашағын жасай алатын білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу –
біздің борышымыз. Ал 12 жылдық білім беру еліміздің білім беру саласын
көркейтуге үлкен үлес қосады, қазақ мектебінің болашағын айқындайды.
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы.
29
www.kazmektep.kz
оғамның қозғаушы күші жастар десек, олардың бойына ұлттық
тәлім-тәрбиенің ұрығын сеуіп, бәсекеге қабілетті, екі аяғында нық
ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ –
ЖЕТІСТІКТЕР ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Айна АҚЫЛБЕК,
Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қ
әрі сенімді тұра алатын қоғам мүшесін қалыптастыру әрқашан ұстаздар
қауымының еншісінде қала бермек. Тәні де, дені де сау әрі әлемдік
сұраныс талаптарына жауап бере алатын білімді, өз саласында кәсіби
біліктілік деңгейі талапқа сай ұрпақ ғана белгілі бір жетістікке қол жеткізері
анық. Ал мұндай ұрпақтың іргетасын балалар бақшасында қалап, мектеп
қабырғасында жүрген тұста ғана баптауға мүмкіншілік бар.
Жетістікке жетелейтін, жетістікке бастайтын жолға салуда ұстаздың
іс-әрекеті жоспарлы түрде болуы шарт. Ал дұрыс құрылып, дұрыс
бағытталған жоспарды заманауи білім мен жаңаша әдіс-тәсілдермен
қаруланған білікті маман ғана іске асыра алатыны анық. Осы орайда, бір
айта кетер жайт, қазіргі таңда үкімет құлағын ұстаған ақ жағалылар мен
үкіметке тікелей қатысы бар азаматтарымыздың назары осы білім сала-
сына ауғалы қашан. Соның игі нәтижесі ретінде білім саласына сына-
лап еніп келе жатқан сындарлы оқыту, яғни жаңа формация үлгісіндегі
мұғалімді даярлау жолын мақсаттаған Kембридж бағдарламасы болып
отыр. Аталмыш бағдарлама негізінде мектеп мұғалімдері 3 деңгейлі оқу
курстарынан өтіп, білімдерін тереңдетіп, әдіс-тәсілдерін шыңдауда. Бұл бір
жағынан, бүгінгі қоғамымыздағы ұстаздар беделін арттырып, зиялы қауым
өкілдерінің біліктілік мәртебесін көтеріп жатса, екінші жағынан, ортан
қол әлеуметтік ортаның материалдық жағдайын жақсартуда. Шындығында,
қарапайым отбасылық материалдық мәселелерді шеше алмаған мұғалім
оқушылар арасында орын алып жататын кикілжіңдерді оң шеше алары
неғайбыл. Сондықтан үкімет тарапынан болып жатқан бұл бастамалар
жалғасын табуы тиіс деп ойлаймын.
Кез келген оқушының бойында жетістікке қол жеткізе алатын
мүмкіншіліктер болары сөзсіз. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей
береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда,
айналсаң артыңда тұрғандай», – деп Сократ айтқандай, ше-
бер ұстаз сол мүмкіншіліктерді тап басып, танып қана қоймай, сол
мүмкіншіліктердің көзін ашып, дұрыс арнаға түсуіне хал-ахуал туын-
датуы тиіс. Сонда Kембридж бағдарламасы негізіндегі өткізген сабақ
түрлері жемісті нәтижелерін берері даусыз. Мәселен, үйде өз-өзінен
тұйықталған бала, сыныптастарының ортасында белгілі бір назарға ие
бола алмай жүрген оқушы топтық, ұжымдық жұмыстарда өзін танытуға,
өзіндік ой-пікірін қорғауға, яғни оны айтуға толық құқығы да бар
екендігі, онымен қоймай, өзіндік пікірін өз деңгейінде қорғай білсе,
ұлы жеңістің бас тамасы, міне, осында болмақ. Яғни оқушыны оқи
білудің барлық жақтарын қарастыруына мүмкіндік беретін 7 модуль
кіріктірілген сабақтар ықыласы жоқ оқушының қызығушылығын оята-
ды. «Білген сайын білмегеніңнің» көбеюі, солардың жауабын іздеуге
талпыну, тиімді әдістер арқылы оқушының ақыл-ой, қабілет-дарынының,
сол сияқты тұлғалық ерекшеліктерінің өсу, даму деңгейінің бастапқы
кездегіден әлдеқайда жоғарылағанын байқау қиын емес. Тіпті, өзін-өзі
бағалауда оқушы өз-өзіне сыни көзқараспен қарай отырып, жетістік,
30
www.kazmektep.kz
кемшіліктерін елеп-екшей отырып әділ бағасын беруге ұмтылады. Оқушы
өзінің бұрынғы бойында бар сенімсіздіктен толығымен арылып, кез
келген нәрсені дұрыс бағдарлай алатындығын, әсіресе, болашаққа батыл
қадамдар жасай алатындығын айтып ағынан жарылады. Сынып ішінде
өзіндік орны бар екендігін, сыныптастары өзімен санасатындығына көзі
жетеді. «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері»
осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Жетістікке адам бірден
кенелмейді, біртіндеп, сатылай түрде жетеді. Жетістіктің әрбір деңгейін ба-
сынан өткізген бала жеңістің де дәмін анық сезінері белгілі. Сондықтан
оқушыны оқытып қана қоймай, жан дүниесіне терең үңіліп, нені білгісі
келеді, қандай сұрақтар жиі мазалайды, не нәрсе көп ойландырады, оның
неге қабілеті бар, күнделікті сабаққа келгендегі көңіл күйі қандай, достары
қандай, кімдермен жақсы қарым-қатынаста, әлеуметтік ортасы қандай де-
ген сұрақтар төңiрегінде жұмыс жүргізілсе, мұғалім өзіне және шәкірттеріне
тиімді жақтарды қарастырса, пәнге енжар қарап, қызықпайтын оқушы бол-
майды. Осылайша сынып көлеңкесінде қалып, өзімен-өзі жетіліп келе
жатқан жекелеген оқушының тұлғалық даму деңгейінің көрсеткіші осын-
дай нәтижелерге қол жеткізбек.
Халқымыздың болашақ алтын діңгегі мен Отанымыздың келешек
ұстыны болар ұрпақ тәрбиелеп шығарсам деп жар құлағы жастыққа тимей
жүрген ұстаздар қауымы үкімет пен халықтың аманатын арқалап жүрген
қоғамымыздың бүгінгі таңда беделіне селкеу түскен белді мүшелері
екендігін мойындамасқа лаж жоқ.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы.
сновой компетентностной педагогики является компетентностная па-
радигма. Компетентностная парадигма вырастает из прагматической,
МОДЕЛИРОВАНИЕ СОВРЕМЕННОГО УРОКА
В КОНТЕКСТЕ КОМПЕТЕНТНОСТНОЙ ПЕДАГОГИКИ
Тамара ЖИГОМПАР,
учитель технологии и черчении средней
образовательной школы №12
Аннотация. Ключевые компетенции являются способностями, определяющи-
ми готовность учащихся к интеграции познавательных и практических умений и
навыков для принятия успешных решений, не противоречащих нравственным и эти-
ческим нормам.
Ключевые слова. Компетентностная педагогика, организационные формы
обучения.
О
когнитивно-информационной парадигмы образования. Но, в отличие от нее,
осознает невозможность и бессмысленность бесконечного расширения пре-
подаваемой следующим поколениям информации, которая, с одной стороны,
нарастает лавинообразно, а с другой, морально устаревает каждые 2–2,5 года.
Сторонники данной парадигмы (компетентностной педагогики) настаивают
на том, что ожидаемым результатом образовательного процесса является не
система знаний умений навыков (ЗУН), а набор заявленных государством
ключевых компетенций, без которых невозможна деятельность современно-
го человека в интеллектуальной, общественно-политической, коммуникаци-
онной, информационной и прочих сферах.
Компетентностная парадигма нацелена на усиление практической ори-
ентации и инструментальной направленности общего среднего образования;
31
www.kazmektep.kz
стремится подготовить человека умелого и мобильного, владеющего не на-
бором фактов, а способами технологического их получения. В настоящее
время компетентностная педагогика находится на уровне педагогического
научно-экспериментального исследования в мировом образовательном про-
странстве.
В последние десятилетия существенно изменились содержание и область
применения понятия «Технология». Оно охватывает в настоящее время как
материальный, духовный, так и социальный аспект человеческой деятель-
ности, тесно взаимосвязанные между собой. Мы определяем технологию как
область знаний, методов и средств, используемых для оптимального преоб-
разования и применения материи (материалов), энергии и информации по
плану и в интересах человека, общества, охраны природы. Технология изуча-
ет средства и методы этих преобразований. Изучение ее направлено, в конеч-
ном счете, на развитие личности, ее преобразующего мышления.
Усвоение содержания предмета «Технология» должно позволить уча-
щимся:
– сознательно и творчески выбирать оптимальные способы преобразо-
вательной деятельности из многих альтернативных подходов с учетом их
последствий для природы, общества и самого человека;
– мыслить системно, комплексно;
– самостоятельно выявлять потребности в информационном обеспече-
нии деятельности;
– непрерывно овладевать новыми знаниями, применять их в качестве
методов и средств преобразовательной деятельности.
В статье выделены следующие основные понятия компетентностной
педагогики – обучение, учение, научение, компетентность, организационные
формы обучения.
«Обучение – это процесс не только приобретения знаний, умений, но и
ценностей, убеждений через самостоятельное изучение, опыт. Это учениче-
ство, которое ведет к определенным устойчивым и измеримым изменениям
в поведении или позволяет индивиду сформировать новую ментальную мо-
дель, которая позволяет пересмотреть старую ментальную модель (концеп-
туальные знания, такие как ценности и убеждения). Этот процесс зависит от
опыта и ведет к долгосрочным изменениям в потенциале поведения». В этом
определении акцент сделан на том, что обучение зависит от практического
опыта и приводит к изменению поведения человека.
Учение – одна из сторон процесса обучения – деятельность ученика в
овладении знаниями и навыками;
совокупность теоретических положений о какой-либо области явлений
действительности;
система воззрений какого-либо ученого или мыслителя.
Научение взаимозаменяемо с теорией поведения. Научение иногда на-
зывают психологией стимула – реакции.
Компетенция – это комплекс действий, которые должен совершить че-
ловек в конкретной жизненной ситуации. Формулируется с обязательным
использованием глагола «Уметь»!
Компетенции, которыми должен обязательно владеть каждый человек,
могут быть отнесены к важным для жизни компетенциям, т.е. жизненными
навыками.
Современный урок определяется соответствием организационных форм
продуктивным методам обучения.
Организационные формы обучения, варианты непосредственного и опо-
средованного педагогического общения между обучающими и обучаемыми
в учебно-воспитательном процессе.
Непосредственное общение чаще всего происходит в парной форме ор-
ганизации занятий (учитель – ученик, ученик – ученик). Групповая форма
|