(Мустафаева А., «ескерту», Оразымбетов «ескерту», «сөгіс», Оңдасын С. «ескерту», Кабатова И. «ескерту»).
Жыл көлемінде олардың 3-еуіне берілген тәртіптік шаралар директордың орынбасарының ұсыныстарына сәйкес алынып тасталды.
(Мустафаева А., «ескерту», Оңдасын С. «ескерту», Кабатова И. «ескерту»).
2022 жылы қызметтегі табыстары, үлгілі еңбектері үшін 15 қызметкер жоғарғы органдардың құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, сондай-ақ Орталық басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.
2022 жыл ішінде 50 қызметкерге еңбек демалыстары берілді.
Осы кезеңде:
-4 қызметкер жүктілікке және бала тууына байланысты демалысқа шыққан, олардың барлығы бүгінгі күні бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста.
(Ерәлі Ә., Балаби А., Жұмабаева Ш., Абдиканиева А).
Денсаулық жағдайына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сай 49 адам демалыс алған.
(оның ішінде Рызаказиев Ж. -11 күн; А. Абишова-11 күн; Айтөре Ж.-20 күн;
Т. Амануллаева-13 күн).
- 46 қызметкер жалақысы сақталмайтын демалыс алған.
(оның ішінде: Измаханова А. 6 рет-31 күн.; Тастыбаева А. 5 рет-28 күн).
2022 жылы 55 қызметкер облыс көлемінде және республиканың басқа өңірлерінде іссапарда болған.
(жалпы 23 бұйрықпен 55 адам, оның ішінде: 7 қызметкер- Б№02-02/193; №02-02/191, №02-02/188/1, №02-02/170, №02-02/157, №02-02/156, №02-02/28, -қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жоғарғы органдар тарапынан ұйымдастырылған семинарларға, тренингтерге қатысу, басқа өңірлердегі әріптестердің іс тәжірибелерімен танысу мақсатындағы іссапарлар).
Жастарды еңбекпен қамтуды жақсарту, олардың мүмкіндігінше жұмыс тәжірибелерін игерулеріне жағдай жасау мақсатында мекемеге 2022 жылы:
-жастар тәжірибесімен 8 жас қабылданды.
(Қалдашов Ж.,Тоқбергенов А.,Курпажанова А., Амантай А.,Алмагамбетов А.,Дуйсенбиев А.,Жамиғат Б., Макшатов Н).
- қоғамдық жұмыспен 8 жас қабылданды.
(Сырлыбаева Г.,Мақтымкулова Г., Еріш Құңдызай, Букенова Н., Манасбаева А., Нурлдаева Н., Кыргызбаева А., Қозыбағарова Н).
Тиісті мерзімі бітуіне байланысты:
- жастар тәжірибесімен қабылданғандардың 6-ы босатылды.
(Дуйсенбиев А., Алмагамбетов А., Тоқбергенов А., Амантай А., Қалдашов Ж.)
- қоғамдық жұмыспен қабылданғандардың 8 -еуі босатылды.
(Кыргызбаева А., Еріш Қ., Сырлыбаева Г.,Мақтымкулова Г., Букенова Н., Манасбаева А., Нурлдаева Н., Қозыбағарова Н.)
2023 жылдың 1 қаңтарына ваканциялық жұмыс орны - 1 (көлік жүргізуші).
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, көпшілікпен жұмыстар ұйымдастыру т.б. мәселелеріне арналған семинарларға, курстарға, тренингтерге 2022 жылы –7 қызметкер қатысып, сертификаттар алған. 5 қызметкер «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін айқындауға тестке қатысты.
Орталық қызметкерлері:
- 2022 жылғы 25 наурызда Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Б.Ғ. Нұрғазиева бастаған республикалық делегация мүшелерінің қатысуымен азаматтық сектормен байланыс мәселелері бойынша өткізілген семинарға;
- 29 наурызда облыстық экономика басқармасы және ПРООН өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Ерікті ұлттық шолуды талқылау және ТДМ-ның (тұрақты даму мақсаттары) басым міндеттерін айқындау» тақырыбындағы семинарға толығымен қатысты.
Орталықтың қызметі материалдық-техникалық қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда әрбір қызметкер жеке компьютерімен жұмыс жасайды, барлық бөлімдерге электронды пошта, Интернет жүйесін пайдалану мүмкіндігі жасалған.
Орталықтың штат саны бойынша барлығы – 59 бірлік, оның ішінде -14 –і техникалық персонал.
Жастармен тікелей жұмыс жасайтын 45 қызметкерлердің гендерлік – жас құрамы бойынша:
18-30 жасқа дейінгілер – 31,
30 – 49 жасқа дейінгілер – 14,
50 – жастан жоғарылар – 2.
Қызметкерлердің –21-ы әйелдер.
Басшы лауазымдардағы әйелдер саны – 7 (директордың орынбасары, бөлім басшылары).
Қызметкерлердің білім деңгейі бойынша нақты санының:
Жоғары білімді – 36 (80 %);
Басшы лауазымдардағы әйелдер саны – 7 (директордың орынбасары, бөлім басшылары).
Қызметкерлердің білім деңгейі бойынша нақты санының:
Жоғары білімді – 39 (86,6 %);
Оның ішінде :
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес- 13;
Педагогикалық - 15;
Заңгерлік-7;
Журналистика- 1;
Техникалық білім - 9
Екі немесе одан да көп жоғары білімге ие–7.
Қызметкерлердің ұлттық құрамы бойынша -100%-ы қазақтар.
Қызметкерлердің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы еңбек өтілдері бойынша:
- 1 жылға дейінгі-12;
- 1 жылдан 5 жылға дейінгі –21;
- 5 жылдан 10 жылға дейінгі – 10;
- 10 жылдан жоғары – 5;
Атқаратын лауазымдағы өтілдері бойынша:
1 жылға дейінгі – 26;
1 жылдан 3 жылға дейінгі - 14;
3 жылдан 6 жылға дейінгі-5;
- 6 жылдан жоғары қызмет өтілі бар тұлғалар - 0;
- 10 жылдан астам қызмет өтілі бар тұлғалар - 0;
2022 жыл ішіндегі жұмыстан шыққандар бойынша:
-барлығы- 15
Оның ішінде:
- теріс себептер бойынша – 0;
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша – 0;
-тәртіптік жаза негізінде - 0;
- жастармен жұмыс жасайтын басқа мекемеге ауысқан -3;
-өз еркімен жұмыстан шыққандар - 15;
басқа себептермен – 0.
Орталыққа 2022 жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер- 1, оған белгіленген мерзімде жауап берілді.
Орталыққа осы мерзімде облыстық, қалалық және аудандық мекемелерден 275 құжат келіп түсті, бақылаудағы құжаттардың барлығының белгіленген мерзімінде орындалуы қамтамасыз етілді. Орталық тарапынан облыстық, қалалық және аудандық мекемелерге 397 хат жолданды.
Жоғарғы органдардан келген құжаттар бойынша сұратылған ақпараттардың, мәліметтердің мерзімінде орындалуы қамтамасыз етілді. Облыс әкімдігінен, басқармадан жолданған хаттамалық тапсырмалардың, басқа да құжаттардың уақытылы орындалуы қамтамасыз етілді.
2022 жылдың қараша айында қызметкерлермен жасалған еңбек шарттарын толығымен электронды форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету жайлы облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетовтың тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп, аталған құжаттар электронды форматқа көшіріліп, жүргізілуде.
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2021 жылғы 3 қарашадағы №02-02/241 бұйрығымен мекеме бойынша өрт қауіпсіздігін және еңбек қауіпсізді еңбекті қорғау қызметін қамтамасыз етуге жауапты болып әкімшілік және персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің заңгері (мемлекеттік сатып алу бойынша маманы) А. Оразымбетов бекітілген.
Жыл басында «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті Қызылорда қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мамандарымен Орталық ғимаратының өрт-техникалық жағдайына ерекше тәртіп бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижесінде біршама өрт қауіпсіздігін бұзу фактілері анықталған болатын. Аталған өрт қауіпсіздігін бұзу фактілері бойынша дер кезінде, уақытылы бірқатар шаралар жүргізіліп, кемшіліктер жойылды.
Үстіміздегі жылғы 26 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш. Баймановтың Шиелі ауданы жастарымен, Қызылорда облысының жастары және жастар ұйымдарының өкілдерімен, барлық деңгейдегі Жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері мен қызметкерлерімен кездесуі өткізілді.
Оның барысында республикада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар, жастардың өмір сапасын, қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға қатысты шаралар, «Жастар туралы» ҚР Заңына, Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік Ережеге өзгерістер енгізу туралы Ш. Баймановтың хабарламасы тыңдалды.
Сондай-ақ, оған қатысушылар мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, Жастар туралы Заңға, ЖРО туралы үлгілік Ережеге, мемлекеттік бағдарламаларға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Жинақталған ұсыныстар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне жолданды.
2022 жылғы 18 наурызда өткен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылғы жұмыс қорытындысы және 2022 жылдың негізгі міндеттері туралы мәселе талқылаған алқа мәжілісінде аймақта мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жайлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының есебі тыңдалды.
Өткен жылдың басында Жастар Орталығының сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Жыл ішінде осы жоспарды жүзеге асыру мақсатында Орталық қызметкерлерімен және жастармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» №3 жобасы аясында 39 шаралар ұйымдастырылды.
Шараларға «Әділдік жолы» РҚБ (республикалық қоғамдық қор) атқарушы директорының орынбасары Н. Муканов, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық маслихат депутаты, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы, “ЖАҢАРУ” Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ-ның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Баймаханов Қажданбек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Ж. Қозбағарова, "Жастар рухы" жастар қанатының төрайымы Қахарманова Әсем, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының заңгері Айбергенова Айсана Ерболатқызы, т.б. қатысып, әңгімелер өткізді.
Өткізілген шаралар бойынша толық ақпараттар облыстық басқармаға уақытылы ұсынылуы қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттердің алдын алу мақсатында жастарға арналған жобаларды жүзеге асыруға жауапты қызметкерлер тізімі орталық директорының 2022 жылғы 9 ақпандағы №02-01/08/1 бұйрығымен бекітілді, олармен заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мекемедегі кадрлық ауысуларға байланысты аталған бұйрыққа Орталық директорының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №02-01/29 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
Өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, Жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстары жайлы 2022 жылы облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында («Opennews.kz» ақпарат агенттігі, 24 қаңтар, 2022 жыл, «Қызылорда» телеарнасы, «Өзекжарды» бағдарламасы, 8 ақпан 2022 жыл, «Қызылорда» телеарнасы, «Ақиқат алаңы» бағдарламасы, 11ақпан 2022 жыл, «Ақмешіт жастары» газеті, 3 наурыз 2022 жыл, «Ұстаз мәртебесі» газеті, наурыз 2022 жыл.) мекеме директорының 5 рет сұқбаттары жарық көрді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі №543 қаулысына сәйкес «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органының атауының өзгеруіне байланысты мекеменің ережесін қайта бекіту үшін тиісті құжаттар Орталықтың құрылтайшысы- «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мерзімінде ұсынылып, бекітілді. Мекемені әділет органдарынан қайта тіркеуден өткізу, қазынашылық органдарынан есеп шоттарын қайта ашу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың ақпан айында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша іс-шаралар жоспарының» мекемеге қатысты тармағын орындау бойынша атқарылуы тиіс шаралар көлемі нақтыланды.
Орталық қызметкерлері 2022 жыл көлемінде өткізілген жалпы республикалық "Birge: Taza Qazaqstan" экологиялық акциясына, тазалық, тал егу акцияларына, қала бойынша өткізілген сенбіліктерге қатысты.
Жастар орталығы ғимараты маңайының тазалығын қамтамасыз ету, жиналған қоқыстардың уақытылы әкетілуін қадағалау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу, «Жастар аллеясын» шағын аудан тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналдыру бағытында шаралар мекеме қызметкерлері тарапынан тұрақты жүргізіп келеді.
Арнайы бекітілген кестеге сәйкес апта сайын бөлімдер бойынша Орталық маңайының тазалығын қамтамасыз ету сенбіліктері тұрақты өткізілді.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жастар Орталығының қызметкерлері Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы бекіткен нысан бойынша қаланың Т. Рысқұлов атындағы көшесі бойында 6 рет тазалық жұмыстарын жүргізу сенбіліктерін өткізді, оларға 150-ден астам қызметкер қатысты. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасын тапты.
Мекеме қызметкерлері қайырымдылық шараларын жүзеге асыру мақсатында «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өтінішіне сай 3 мүгедектің «Сыр дидары» газетіне 2022 жылға жазылуларына мүмкіндік жасады.
Мекеме ғимаратының ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңының 25-бабының талаптарына сәйкес болуы үшін шаралар жүзеге асырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимаратқа кіріп-шығуын қамтамасыз ететін көлбеулігі талапқа сай пандусқа тиісті көрсеткіш белгілер қою, ғимараттың бірінші қабатынан төмен деңгейде орналасқан акт залына түсіп-шығатын баспалдаққа мүгедектер арбасына арналған механикаландырылған пандус орнату жүзеге асырылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталық ғимаратында толығымен (жертөле, І-ІІ қабаттары) дератизация жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың қыркүйек айында Орталық ғимараты жылу жүйесінің қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді.
Орталық қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасау мақсатында Орталық директорының 2022 жылғы 22 маусымдағы №02-01/19, 2022 жылғы 22 қазандағы №02-01/35 бұйрықтарымен мекеменің жұмыс уақыты режиміне өзгерістер енгізілді.
Мекеме қызметкерлеріне берілген мүліктің және де басқа құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін толық жеке материалдық жауаптылық туралы шарт жасалатын лауазымдар тізбесі 2022 жылғы 7 желтоқсандағы №02-02/40 бұйрықпен бекітілді, олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалды.
2022 жылдың қазан айында мекеменің теңгерімдегі жарамсыз және пайдалану мерзімі өткен деп танылған негізгі қорларды есептен шығаруға уәкілетті органның келісімі алынды. Мекеме директоры Т. Тлестің 2022 жылғы 3 қазандағы «Ұзақ мерзімді активтерді және тез тозатын заттарды түгендеу комиссиясының құрамын бекіту туралы» №02-01/31 бұйрығымен түгендеу комиссиясы құрылып, түгендеу жұмыстары жүргізілді, тиісті құжаттар ресімделді.
2022 жыл соңында Орталықтың 2023 жылға арналған кешенді жұмыс жоспары әзірленіп, басқарма басшысының келісіміне ұсынылды, мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |