Топ мүшесін іздеуге арналған өлшемдер:
- бір айда туғандар;
- үйінде үй жануарын ұстайтын адамдар;
- екі ағасы бар немесе бірнеше ағасы бар адамдар жəне т.б.
B. Күн... сəулесін төгеді (бүкіл сыныпқа арналған тапсырма)
Оқушылар шеңбер болып отырады, бір адам ортада орындықсыз тұрады да «Күн ...
сəулесін төгеді» дейді, бұл орайда көп нүктенің орнына «көзілдірігі бар» немесе
«компьютер ойындарын жақсы көретін» деген сияқтыға келтіріп өз тарапынан бірдеңе
қосады. Осы сипаттамаға сəйкес келетіндер осы кезде орындарын ауыстырады, ал ортада
тұрған адам олардың орнына отырып үлгеруі керек, сөйтіп ауысып отырады.
C. Жұптағы сұхбат
Жаттығудың екі түрін ұсынамыз – бірінші (1) нұсқа көп уақыт, екінші (2) нұсқа азырақ
уақыт қажет етеді.
1. Есімдер тарихы:
Оқушылар жұптасып (жұптар кездейсоқ құрылуға тиіс) мəліметтерді қысқаша жазып
отырып, бір-бірінен сұхбат алады. Олар жауап берушіден оған бұл есім қалай
қойылғанын сұрайды. Əрқайсысы өз жауап беруші адамын бүкіл сыныпқа таныстырып,
«Бұл ... есімінің тарихы...» деп жалғастырады.
2. Мен сіздерді ... таныстырғым келеді:
Оқушылар жұптасып (жұптар кездейсоқ құрылуға тиіс) мəліметтерді қысқаша жазып
отырып, бір-бірінен сұхбат алады. Олар сөйлесетін адамынан көбірек ақпарат алулары
керек. Əрқайсысы өз жұбын бүкіл сыныпқа таныстырады, «Мен сіздерді ... таныстырғым
келеді» деп бастайды.
2. Іс-əрекеттік оқудағы рөлдер мен қарым-қатынастар
(Ойдан шығарылған мəнмəтін арқылы сөйлеу жəне түсiнудiң дағдыларын дамыту.
Рөлдер жəне өзара қарым-қатынас арқылы тұлғааралық қатынастарды дамыту).
A. Карта ойыны (бүкіл сыныпқа арналған тапсырма)
Қажетті заттар: Алдын ала дайындалған бiрнеше карталар жинағы. Мұғалiмге адамның
мəртебесі маңызды болып табылатын орын таңдау керек, мысалы, хан сарайы, үлкен
компанияның кеңсесі, кино түсiру павильоны.
Ойынның шарты:
1. Сыныптан 4 ойыншы таңдалады. Ойыншылар қорапшадан 4 карта таңдайды,
карталар олардың маңдайларына жапсырылады. Картада не бейнеленгенін тек
басқа ойыншылар ғана көре алады карталарды маңдайға жапсыру үшін, жіпті
қолдануға болады). Сахналау көрсетіледі, ойыншылардың рөлдері картадағы
белгілерге сəйкес болуы тиіс. Ойыншылар өз рөлдерін білмегендіктен, ойын
барысында басқалар олардың не көрсетуге тиіс екенін түсіндірулері керек.
2.Ойыншылар сахналаудан кейiн өздерiнің рөлдеріне сипаттама береді, əрі оларға
өздерінің рөлдерін түсінуге көмектескен қимыл жəне сөйлеу арқылы берілген
көмектерді атап көрсетеді.
Жалпы рефлексия: Топ қатысушылары сөздер, іс-əрекет жəне сезімдер арқылы
өзара қарым-қатынастың қалай көрсетілгеніне көңіл аудара отырып, қатысушы
ретінде не сезінгендерін талқылайды.
B. Кеңседе (рөлдік жұптармен жұмыс істеу)
(Драма жəне рөлдiк ойындар арқылы ойдан шығарылған мəнмəтінді анықтау сөйлеу
жəне түсiну арқылы сенiмдi спикер дағдыларын дамытуға көмектеседі).
Ойдан шығарылған мəнмəтін белгілеу: мұғалiм іс-əрекет орнын ұсынады, мысалы,
банктегі кеңсе (2 кресло мен үстел).
Оқушылар жұптарға бөлініп, «А» жəне «В» деп аталады
«A» - несие бөлiмiнің қызметкері
«В» - қарыз алушы, банк клиенті (оқушылар несие не үшiн керектігін өздері ойлап
шығарады).
1-бөлім. Оқушылар рөлдерін ойнайды – «A» «В»-ның қарызды төлей алатына
сенбегендіктен, сұрақ қояды. «B» аталған дəйектерге қарсы тұрып, дəлелдеу қажет.
5 минуттан кейiн мұғалiм ойынды тоқтатады жəне банк қызметкерінен оның шешiмi
туралы сұрайды.
Жалпы рефлексия: «А» тобы несие беретіндігін немесе бермейтіндігін талқылайды.
«B» өздеріне қойылған сұрақтарды талқылай алады.
2-бөлім. Мұғалiм топқа нəтижесінің қандай болуына қарамастан, тапсырманы одан əрі
орындау үшін барлығына несие берiлген сыңай таныту қажет екендігін хабарлайды. «А»
банк қызметкері болып қалады, «B» банк менеджеріне айналады. Енді оқушылар басқа
рөлдерді ойнау керек, онда банк менеджері несие бөліміне телефон соғып, клиенттің
несиені төлемейтіндігін хабарлайды. Несие бөлімінің қызметкерінің жұмыста қалуы
бастықтың шешіміне байланысты болады.
ТАПСЫРМАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯ
(мұғалімдердің тренингі аясында орындалады)
Осы бөлім бойынша оқушылар түсіну жəне сөйлеудің қандай дағдылары іске
асырылғанын талқылайды.
Іс-əрекеттік оқу: белгілі бір материалды суреттер арқылы оқытуға қарағанда, рөлдік
ойындар арқылы оқыту əдісі тиімдірек болып табыла ма, олай болатын болса, неліктен
екендігін талқылаңыздар.
2-бөлім. Əлеуметтік тіл
Бiз бұл бөлiмде «қарым-қатынас жасау теориясының» негізгі ұғымдарын қарастырамыз
жəне iс жүзiнде драманың тиiмдi қарым-қатынас жасауды дамыту үшін қажетті
мəнмəтіндi қалайша қамтамасыз ететіндігін зерттеймiз.
Визуалды жəне ауызша сауаттылықты түсіну рөлдiк ойындар арқылы дамытылатын
болады. Бұл тарау тілдің əлеуметтік қарым-қатынас арқылы дамитындығына негізделеді.
Ана тілді оқудың негізгі қағидаттары:
оқу үдерісінің негізі – бала;
өзінің қажеттіліктері, сезімдері мен қалауларын білдіру үшін ынталандыру мен
оқудың мақсаты қарым-қатынасқа ниеттенеді.
бала құрдастарымен, ересек адамдармен қарым-қатынастар арқылы,
теледидар, əн, сурет, кiтап арқылы оқиды;
тiлiн дамыту үшін бала күнделікті қарым-қатынасты қолданады - өзара
əрекеттесу, бақылау, эксперимент, себеп пен салдар;
бала əлеммен өзара əрекеттесу жəне ойын арқылы адами мiнез-құлық туралы
бiлiмді игереді (балалар əлеуметтік мəнмəтіннен қол үзбей оқиды).
Осылайша, ойдан шығарылған əлеуметтiк мəнмəтіндi қамтамасыз ету арқылы драма тiлдi
үйренуге ықпал ете алады.
Драманы зерделеу арқылы мынадай негізгі ұғымдар зерттеледi:
Жағдаят (қызмет пен мақсатты аудитория арқылы анықталады);
Мəдени мəнмəтін (сынып арқылы, оқушылардың ұлты немесе нəсіліне қатысты
анықталады).
Мəнмəтінтегi тиiмдi қарым-қатынас осы негізгі ұғымдарды іріктеу, таңдау жəне қолдану
үдерісіне көмектеседі.
ТЕОРИЯҒА КІРІСПЕ («Тілдің əлеуметтік теориясы» таныстырылымын қараңыз)
Жаттығулар
1. Саябақтағы орындық
(- импровизация – бүкіл сыныпқа арналған тапсырма)
Сыныптың бiр оқушысы бақтағы жалғыз орындыққа отырады. Өзгелері жартылай
шеңбер жасап айнала отырады. Басқалардың міндеті: орындықта отырған адамды
орнын босатып беруіне көндіру. Орындықта отырған адам өзін жайлы сезінеді, оған
қолайлы жағдай тумайынша орнын босатып беруге асықпайды. Басқа оқушылар
«орындықта отырғанды» өз орнын босатуға сендіре аламыз деген өздеріне сенімді
болған жағдайда ғана ойынға қосылады.
«Көндірушілер» өз мақсатына жету үшін əртүрлі рөлдерді қолдана алады. Мысалы;
полиция немесе мүгедек адам сияқты т.б. рөлдер.
«Отырған» адам шын жауап беріп, өз орнында қалу үшін дəлелді деректерді келтіруі
тиіс.
Жалпы рефлексия: Қандай рөлдер орындықта отырған адамның орнын босатуына
түрткі бола алды? Нақты сендіре алған кім, неге?
2. Бұзақылардың пəтерге шабуыл жасауы
(бүкіл сыныпқа арналған тапсырма жəне 3-4 адамнан тұратын топтардағы топтық
жұмыс)
Бұл тапсырмада оқушылар «Əлеуметтік тіл» таныстырылымында айтылған теорияны
тəжірибеде қолданады.
Оқушылар белгілі бір əрекеттер арқылы тілдерін жəне сауаттылығын дамытады.
Жағдаяттың сыртындағы, ішіндегі жəне шекарасындағы əрекеттер
I. Оқушыларға бұзақылардың пəтерге басып кіргені туралы шын оқиға басылған
газеттер таратылып беріледі (үлестірме материалдар).
Мақалада бұзақы топ үйге келе жатқан екі жас адамның соңына түсіп, жастардың
(бірінің аяғы ауыр жұбайын қоса) жəне басқа пəтерлердің қариялары үйде қалған кезде,
үйді қоршауға алып, үйге тас, бөтелке лақтырады. Полиция қызметкерлері шақырылып,
жігіттердің біреуі ауруханаға жіберіледі.
II. Бүкіл сынып осы жағдаяттың «ішінде» болған қатысушылардың тізімін жасайды.
Олар; бұзақылар, жастар, қыз, кəрі көршілер, полиция қызметкерлері. Сондай-ақ,
жағдаяттың «шекарасында» (аурухана қызметкерлері, газет тілшілері, оқиғаға
қатысқан адамдардың ата-аналары мен туыстары) жəне «сырттағы» адамдар
(жаңалықты теледидардан естіген, газеттен оқыған адамдар, парламентте зорлық
мəселесін талқылайтын саяткерлер) тізімдері жасалады.
III. Оқушылар топтарда 3-4 адам бірігіп, «қимылсыз суреттер» арқылы сипатталған
оқиғалардың көріністерін жасайды.
IV. Содан
соң оқушылар
оқиғадан кейiн
мəнмəтінде
талқылау
үшiн
қатысушылардың бір тобын таңдап алады. Оларға рөлдерді, өзара қарым-
қатынастар жəне талқылаудың мақсаттарын есепке алу керек. Мысалы,
полицейдің жігіттердің біреуінен жауап алуы, репортердің бір көршіден сұхбат
алуы, саясаткердің жастар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуына
қандай шаралар қолданатындығы туралы оппозициялық партия өкілінің
сұрақтарына жауап беруі.
БӨЛIМ РЕФЛЕКСИЯСЫ
Оқушылар бөлiмнiң тапсырмалары арқылы əлеуметтiк тiлдің қалай
дамығандығын; осы стратегияларды əдеби мəнмəтінде қалай қолдануға
болатынын анықтайды: мысалы, романдағы оқиғаларды, кейiпкер жəне
қаhармандардың арақатынастарын зерделеу.
ОҚУШЫЛАРДА ОҚУДАҒЫ ВИЗУАЛДАНДЫРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Оқушылар үшін 11-14 жаста ғылымды оқудағы маңызды аспектілердің бірі
құбылыстар мен оқиғалардың белгілі ауқымын түсіндіру үшін терминдер мен ұғымдарды
қолдана отырып, негізгі ғылыми идеяларды қолдану мен пайдалану қабілеті болып
табылады. Бұл басты ғылыми идеялар табиғатта абстрактілі, сондықтан да ғалымдар
оларды түсіндіру үшін аналогия мен модельдерді жиі қолданады. Ағылшын тілін екінші
тіл ретінде үйреніп жатқан оқушылар төмендегідей салаларда табысқа жету үшін
сөйлеудің ғылыми стилін қолдануды дамытулары қажет:
Модельдер мен аналогтарды пайдалануда негізгі ғылыми идеяларды
визуалдандыру;
Болжамдар жасап, айғақтарды түсіндіріп, қорытынды жасауда негізгі ғылыми
идеяларды пайдалану;
Негізгі ғылыми идеяларды ғылыми сұраныс диапазоны шегінде пайдалану.
Модельдер мен аналогтарды пайдалану оқушылардың басты ғылыми идеяларды
түсінуін дамытуға көмектеседі.
Модельдер тиімді оқыту құралы ретінде пайдаланылады;
Абстрактілі идеяларды суреттеу жəне елестету үшін модельдер мен
аналогтарды пайдалану оқытудың мықты тəсілі болып есептеледі;
Құзырлы мұғалімдер жалпы модельдер мен аналогтардың күшті, əлсіз
жақтарын сезінеді жəне сыни тұрғыдан ойлауға ұмтылған оқушыларға қолдау
көрсетеді;
Құзырлы мұғалімдер оқушыларды өздерінің модельдерін жасауға тартады.
Ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқитын оқушылар үшін модельдерді пайдалану
ғылымды оқудағы ең күшті құрал болып саналады. Модельдер дерексіз идеялар мен қиын
байланыстарды нақты елестетуге көмектеседі. Бұл нақты елестетулердің ағылшын тілін
екінші тіл ретінде оқитын оқушылар үшін ғылымда өз мүмкіндіктерін ашуда, ғылыми
сауаттылығын дамытуда маңызы өте зор.
Ғылымда «модель» терминінің бірнеше түсіндірмесі бар. Ғылымды оқытуда
«модель» (үлгі) ұғымын нақты түсіндіру ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқитын
оқушыларға қажетті қолдау (көмек) деңгейін анықтауға көмектеседі.
Ғылыми модельдер - ғылыми идеялардың көпшілік мақұлдаған көрінісі, мысалы:
жарықтың сəулелері, энергия ұғымы жəне жасушалардың өмірдің негізі екендігі.
Оқыту модельдері:
объектілер мен үдеріс болып есептелетін физикалық модельдер, олар өте аз
немесе өте көп, немесе абстрактілі идеялар болып есептеледі, мысалы: күн
жүйесі, ас қорыту үдерісі, ұсақ бөлшектерді жүйелеу.
аналогтар, мысалы электр тізбектерін елестету үшін көлік ағыны идеясын
көрсетуге болады.
нысандарды, үдерістерді жəне веб-жүйелер сияқты дерексіз ұғымдарды
көрсететін визуалды диаграммалар.
ғылыми мəтіннің негізгі бөліктерін түйіндейтін блок-сызбалар.
жылдамдық, ара қашықтық, уақыт сияқты түсініктер арасындағы өзара
байланысты көрсететін кестелер, диаграммалар жəне математикалық
формулалар.
Issue 1
Date: 12/12/2011
ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ МОДЕЛІН НЕГІЗДЕУ
Эмоциялық
Танымдық
Əлеуметтік
Ынталандырушылық
ЖАДЫНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
1-жаттығу
Мақсаты: жадыны дамытуға арналған көптеген стратегияларды пайдалануға үйрену жəне
əртүрлі тапсырмаларды орындау үшін неғұрлым тиімді стратегияны іріктеп алу.
Шолу: басында тапсырма күнделікті өміріміздің аясындағы жады идеясын қарастырады,
содан кейін оны мектепте қолдану мəселесіне көңіл аударады. Бастапқыда бірқатар
техникалармен танысар алдында есте сақтау жəне еске түсіру қабілеті тексеріледі, сосын бұл
техникалар қысқа жаттығуларда пысықталады, содан кейін жадыға арналған күрделі
тапсырмалар кезінде қолданылады. Сабақтың соңында оқушылар қайталау, «жасырынбақ»
ойыны, топтау сияқты стратегиялар туралы мейлінше хабардар болуы тиіс.
Жадыны дамытуға арналған техникалар
Қайталау:
Сөзді өзіңнің қалауың бойынша еске түсіргенше қайта-қайта қайталау.
«Жасырынбақ» ойыны: Оқушылар ақпаратты жаттап алғаннан кейін ақпарат жасырылады
немесе өзгертіледі, содан кейін олар өздеріне қажет нəрсені еске
түсіруге тырысады. Аталған ақпаратты қайта қарауға болмайды.
Топтауға арналған тапсырмалар: есте сақталатын нəрсенің əртүрлі бөліктері арасындағы
байланысты табу арқылы топтарды қалыптастыру жəне оларға ат беру.
Фрагменттерді қалыптастыру: үлкен көлемді ақпаратты есте сақтау үшін шағын, оңай
есте қалатын «фрагменттерге» бөлу. Техника топтарды қалыптастыру
техникасына ұқсайды.
Қауымдастықтар: Таныс емес нəрсені бұрыннан таныс нəрсемен байланыстыру арқылы
есте сақтау.
Мнемоника:
Əрбір сөзі есіңізде сақтағыңыз келген нəрсенің алғашқы əрпінен
басталатын тіркес немесе сөйлемді ойластыру; мысалы кемпірқосақтың
түстерінің ретін еске түсіру үшін пайдаланамыз: (Қызыл, Қызғылт-сары,
Сары, Жасыл, Көгілдір, Көк, Күлгін) Қалам Қолымда, Сағындым
Жазды, Көктемде Көңіл Көтеріледі.
Бейнелер тізбегі/«Жады бойынша серуен»: Сөздер мен нысандар тізімін өзіңіз есіңізде
сақтағыңыз келген ретпен кездесетіндей оқиғаны ойлап табыңыз.
1-жаттығудың жан-жақты сипаттамасы
Бой жазу
1. Оқушыларды өз өмірлеріндегі есте қаларлық сəттерді ойлауға шақырыңыз – мысалы,
бастауыш немесе жоғары сыныптағы алғашқы күнін, туған күндерді, сосын олардың
естеліктерін сыныпта талқылаңыз. Оларға өткен айдың белгілі бір уақыты мен
мерзімін пайдалана отырып, сол уақытта қайда болғандарын сұраңыз. Оқушылардың
кейбір түрлі ақпараттарды қаншалықты жақсы есте сақтай алатындықтарын жəне
жеке бір оқушылардың басқалармен салыстырғанда ақпаратты тиімдірек есте сақтай
алатындықтарын салыстырыңыз.
Негізгі тапсырма
2. Сабақты бастамас бұрын сіз оқушылардан осы тапсырмадан кейін бірден зерттеуге
дайын жадыны пайдалануды талап ететін айрықша оқыту мақсатын ескергеріңізге
көзіңізді жеткізіңіз.
3. Сыныптан бір ақпаратты басқа ақпаратқа қарағанда есте қаларлықтай ететін не
екенін анықтаудан бастаңыз жəне бір нəрсені есте сақтау қабілетіне жеткізе отырып,
мектептегі оқуды табысты аяқтаудың, соның ішінде өз пəніңіз бойынша да
маңыздылығын түсіндіріңіз.
4. Есте сақтау жəне еске түсіру есте сақтау үдерісінің бөліктері екенін түсіндіріңіз.
5. Оқушыларға 20 нысан көрсетіңіз – мұны үстел үстінде, ақ интерактивті тақтада
немесе тізімде көрсетуге болады. Оқушыларға нысандарды есте сақтауға 3 минут
уақыт берілетіндігін жəне үш минуттан соң мұғалім нысандарды қалай есте
сақтағындықтарын тексеретіндігін түсіндіріңіз. Үш минут уақыт өткен соң бірнеше
оқушыға барлық тізімді айтіға жəне олардың мүмкіндіктерін жазып алыңыз.
6. Оқушыларды нысандарды есте сақтау мен еске түсіруге тырыса отырып, өздері
пайдаланған стратегия, тəжірибелерімен алмасуға ынталандырыңыз.
7. Кері байланыстың жəне өзіңіздің жеке есте сақтау тəжірибеңіздің көмегімен бір не
екі техниканы қоса отырып, кейбір стратегияларыңызбен бөлісіңіз: қайталау,
ақпараттарды топтау тапсырмалары, мнемоника, жадылық серуен немесе
қауымдастықтар жəне оқушыларға оны тəжірибеде қалай пайдалану керектігін
көрсетіңіз.
8. Оқушылардың техниканың қалай жұмыс істейтінін жəне олардың қаншалықты
пайдалы екендігін түсінуі үшін əртүрлі тапсырмалардың бірқатарында техниканы
орындауға мүмкіндік бере отырып, белгілі бір уақыт беріңіз, мысалы біздің күн
жүйеміздегі ғаламшарлар тəртібін есте сақтау, қарапайым сандарды есте сақтау
немесе Лондонның метро тармағындағы бекеттерді есте сақтау.
9. Оқушыларға
бұрын
қолданылған
стратегиялардың
біреуін
қолданудың
маңыздылығын көрсете отырып, тағы 20 нысанды есте сақтауға мүмкіндік беріңіз.
10. Оқушылармен қандай техникалар пайдалы болар еді жəне сіздің пəніңіз, басқа пəндер
бойынша да қандай салада олардың қолданылатындығын талқылаңыз.
Метатану
1. Бұдан əрі сыныппен табысты оқудағы жадының маңызын талқылаңыз. Оқушылардан
мектепте оқығандарын қалай есте сақтайтындықтарын жəне есте сақтауда
көмектесетін белгілі стратегияларды пайдалануға тырысатын-тырыспайтындықтарын
сұраңыз.
2-жаттығу
Мақсаты: бұдан əрі жадыны дамыту жəне ұзақ мерзімді жады мен түсінуде тиімді
ұсталатындай ақпаратты есте сақтаудың күрделі тəсіліне үйрету.
Шолу: Тапсырма қайталаудың неге тиімді техника болып табылатындығын ашады.
Тапсырма сонымен қатар есте сақтаудың еске түсіру кезінде пайдаланатындай есте сақтау
үшін мүмкін үдерісті қарастырады. Оқушылар тапсырма соңында ақпаратты есте сақтауға
жоғары деңгейде дайын болуы тиіс.
Ұсынылатын дереккөздер
Пелманизм немесе жұптық ойын - сөз немесе суреттері бар бірнеше ойын картасын
үшбұрыш түрінде немесе кездейсоқ тəртіпте жаю (оқушылардың қажеттіліктеріне қарай
карталардың саны əртүрлі болуы мүмкін). Оқушылар карталарды ашып қарайды да, лайықты
жұбын табуға тырысады. Жұбын тапқан кезде карталарды алып тастайды. Карталарды
жұбымен көп тапқан оқушылар немесе топ жеңеді.
Жадыны дамытуға арналған пасьянс - оқушыларға нысандар мен суреттер жинағы беріледі.
Оларға көбірек нысанды есте сақтаулары үшін бір немесе екі минут уақыт беріледі.
Нысандар мен суреттер аударылады да, оқушылар нысандар/суреттердің санын көбірек
айтуларына қарай ұпай жинайды. Аталған тапсырманы түрлендіру үшін бір немесе одан да
көп нысандарды алып тастап, оқушылардан қай нысан жоқ екендігін сұрауға болады.
Тиімділік əдістемесі (Эббингауз)
Екінші
күні
тізімді
қайта
оқуға
кеткен
уақыт
, минутпен
20
15
10
5
0
8 16 24 42 53 64
Бірінші күні тізімді қайталау саны
1.8-сурет. Эббингауз тиімділігін түсіндіру
2-жаттығудың жан-жақты сипаттамасы
Бой жазу
1. Барлық сыныппен немесе топта «Жұппен» ойнаңыз (сипаттамасын жоғарыда
қараңыз) ойнаңыз.
Негізгі тапсырма
2. Оқушыларға есте сақтауға жəне емтиханда қолдануға тиіс пəн немесе сурет бойынша
белгілі ақпаратты беріңіз.
3. Оларға 1-жаттығу туралы еске түсіре отырып, ақпараттың ең көп мүмкін санын есте
сақтау үшін бірнеше минут уақыт беріңіз де, алдында таратылған техникалардың
көмегімен олардың жадын тексеріңіз.
4. Оқушылардан қандай техниканы қолданғандарын, қолданса неге нақты соны
қолданғандарын сұраңыз.
5. Оқушылардан егер еске сақтауға арналған ақпарат бір уақыт ішінде қайта берілсе, ол
жадының сапасына қандай əсер ететіндігіне болжау жасауды сұраңыз.
6. Оқушыларға ақпаратты көрсетіңіз, олардың жадын тағы тексеріңіз, олардың
нəтижелерін кестеге жазып қойыңыз.
7. Əуелгі кезеңді 5 рет қайталаңыз жəне нəтижелерін Эббингауз тиімділігін көрсететін
бағанға жазып, сыныпқа көрсетіңіз (8.1 суртті қараңыз). Мектепте əртүрлі пəндерді
оқу кезінде бұдан қандай шешім шығаруға болатынын талқылаңыз.
8. Есте сақтауда қайталаудың табысты техника болып табылатын себебін анықтаңыз.
9. Нейрондық желінің физикалық моделін жасау арқылы талқыланатын теорияға
жалғасатын ғылыми деректерді көрсетіңіз. Физикалық таныстырылымның жақсы
əдісі құмды тұғырықтың түбіне өлшеуіш стақанмен ақырын су құю болып табылады.
Су жолын, астаулардың тереңдігін жəне судың құмға жайылуын бақылай отырып,
оны қайталаудың жаңа нейрондық бірігулері мен еске түсірулерін жасауға
көмектесетінімен байланыстыру.
10. Ақпаратты неғұрлым тиімді еске түсіруге көмектесу үшін қарапайым байланыстарды
табу жолымен есте сақтауға тырысатын ақпарат бөліктерін топтастыру тəсілдерін
табуға топтастыру стратегиясын қолданыңыз.
11. Оқушылардан өздері құрған топтарға «атау» беруін сұраңыз, содан кейін атаулардың
əрбір тобының астына белгі жасаңыз. Оңай есте сақталатын ақпараттық
«фрагменттердің» үлгісі жəне оның белгілері олардың жадыларын жақсартудың
маңызды бөлігі болып табылатынын түсіндіріңіз.
12. Соңында оқушыларға өздерінің «фрагменттелген» жазбаларын талдауға мүмкіндік
беріңіз жəне оларды қайта тексеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |