Powerpoint таныстырылымы: Өзін өзі реттеу түсінігі (10_L2W2D1_Tұжырымдамалық
карталар үлгілері)
Мінез-құлықтың қандай түрлері өзін өзі реттеудің дəлелдемелері болып саналады?
Issue 1
Date: 12/12/2011
Зерттеу барысында мұғалімдер оқыту ауқымы мен қызмет сипатын, қоршаған
айналаның əсерін; практиктер мен басқа ересектер қызметіне тиесілі болу сипатын, түрі мен
деңгейін; қызмет үдерісінде қолданылатын жəне ұсынылатын өз бетімен оқу түрлерін тіркеді.
1-жаттығу. Өзін өзі реттеудің тұжырымдамалық картасы
Осы жаттығудың мақсаты курстың қатысушыларын:
• теория мен практиканы талқылауға;
• өзін өзі реттеу немесе өз бетімен үйренудің дəлелі болып табылатын балалардың мінез-
құлқының практикалық үлгісімен бөлісуге шақыру болып табылады.
Түйінді сұрақтар:
Өзін өзі реттеу дегенді қалай түсінесіз?
Сіз қандай мінез-құлықты өзін өзі реттеуге оқытудың дəлелі деп санайсыз?
Сіз өз сыныбыңызда өзін өзі реттеуді оқытуға ықпал ететін қандай жағдай жасайсыз немесе
жасағыңыз келеді?
Осы қызметті жүзеге асыру үшін сіз курсқа қатысушыларды 2-4 мұғалімнен шағын
топқа бөлуге жəне əр топқа қағаздың үлкен парағы мен бірнеше түсті қалам беруге тиіссіз.
Топқа арналған нұсқаулықтар:
1. «Өзін өзі реттеу» терминін қалай түсінетінін талқылау.
2. Өз тəжірибесінен алынған өзін өзі реттеу үлгілерінің келісілген тізімін құру.
3. Балалардың өзін өзі реттеуінің негізгі элементтері мен олардың арасындағы қарым-
қатынасты көрсететін тұжырымдамалық карта құру үшін осы тізімді пайдаланыңыз.
Басқа мұғалім орындаған осы сияқты қызмет нəтижесін көрсететін тұжырымдамалық картаны
көрсететін таныстырылымды қараңыз жəне оны курстың басқа қатысушыларының
таныстырылымдарымен салыстырыңыз.
Powerpoint таныстырылымы: Өзін өзі реттеудің теориялық негізі (8_L2W2D1_Мектеп
жасына дейінгі балалардың өзіндік реттелуі)
Осы таныстырылым аталған сабақтың басында талқыланған теориялық бөлімінің үлкен
бөлігін қорытады.
Бұл таныстырылымда CindLe жобасында зерттелетін өзін өзі реттеудің төрт саласын
айқындайтын Марта Бронсон (2002) жұмысы ұсынылған:
танымдық аспект, метатану
Балалардың өз оқуы туралы білімі мен өзін өзі тану деңгейін арттырумен байланысты. 1970
жылдары метатануды ғылыми көзқарастарды зерделеу жəне дамытудың негізгі аспектісі деп
америкалық психолог Джон Флэйвел (жоғарыда теориялық негіздер бөлімін қара) санай
бастаған деген жорамал бар.
эмоционалдық аспект: «эмоционалдық зият»
Эмоция саласында балалар өз əсері мен өзгелердің əсері туралы көбірек хабардар болады;
бұның эмоциялық өзін өзі бақылауын жəне басқа адамдар үшін қам жеуді дамыту үшін негізгі
мəні бар.
əлеуметтік аспект: зерде теориясы
Балалар достық орнатуға, өзге адамдармен ынтымақтасып жұмыс істеуге жəне ересектердің
көмегінсіз əлеуметтік мəселені шешуге біртіндеп үйренетін əлеуметтік саламен байланысты.
Заманауи зерттеулер осы əлеуметтік қабілеттің шешуші деңгейде балалардың дамушы «зерде
Issue 1
Date: 12/12/2011
теориясына», яғни басқа адамдарда оның өзінікіне ұқсас ой-өрісі бар екенін түсінуіне
байланысты болатынын көрсетті.
ынталандырушылық аспект: шеберлік бағдары
Ынталандыру саласындағы зерттеулер балаларда бақылау сезімі мен өз күшіне деген
сенімділік сезімінің немесе ғылыми əдебиетте «шеберлік бағдарын» дамыту деп аталатын
қасиеттер маңызды екенін көрсетті, бұл қауіп-қатермен байланысты жағдайда төзімділікті;
қателіктен сабақ алуын жəне күрделі міндеттерді шешуден рахат алуын дамытуға жол ашады.
2-жаттығу: Өз бетімен оқу/өзін өзі реттеудің төрт аспектісін көрсететін
бейнежазбаларды қарау.
Папкада төрт бейнежазба бар:
Костюм кию (TrHW2_D4_video1)
Балмұздақ жасау (TrHW2_D4_video2)
Планшет (TrHW2_D4_video3)
Кеңседе (TrHW2_D4_video4)
Əрбір бейнежазба Марта Бронсон жіктеген санаттарға қатынасына қарай өзін өзі
реттеу мінез-құлқын бейнелеу үшін таңдалып алынды:
Танымдық;
Эмоционалдық;
Əлеуметтік;
Ынталандырушылық.
Осы кезеңде топқа таңдалған бейнежазбалардың қай санаттағы мінез-құлықты
бейнелейтінін көрсетпеңіз.
Əрбір топтан өз бейнежазбасына көңіл аударуын сұрап, барлық төрт бейнежазбаны
қараңыз.
Əрбір топтан бірінші «Бақылау парағын» (12_L2W2D1_Өз бетімен оқуды дамытуды
бақылау парағы) пайдаланып, қаралған бейнежазбаның ерекшелігін/сипаттамасын талдап,
бақылау нысанының бірінші парағында өз бақылаулары туралы ескертпе жазуын сұраңыз.
Нысанның екінші бөлігінде əрбір топ мінез-құлықтың төрт санаты ішінен біреуіне
мейлінше сəйкес келетін бейнежазба туралы өз идеясын жазуға тиіс (7_L2W2D1_Өзін өзі
реттеу моделі).
Əрбір топтан курстың басқа қатысушыларының алдында өз бейнежазбасы бойынша
өзінің түсініктерін жəне бақылауларын йтып беруді сұраңыз.
Тренерге арналған ақпарат: өзін өзі реттеудің ұсынылып отырған түрлі аспектілерін
егжей-тегжейлі сипаттайтын бейнежазбалар:
• Күртеше кию. Эмоционалдық
• Балмұздақ дайындау. Əлеуметтік
• Планшет. Танымдық
• Кеңседе. Ынталандырушылық
(бірақ бұл бейнежазбаларда өзін өзі реттеудің төрт аспектілерінің арасында өзара байланыс
бар екендігі сөзсіз).
ЕКІНШІ
АПТА
БЕСІНШІ КҮН
Атмосферадағы белгілі бір газдар жер бетінен шығатын энергияны сіңіріп алады.
Көмір қышқыл газы осындай газдардың бірі болып табылады жəне ол адам іс-əрекеттерінің
салдарынан көбейіп жатқан газдардың бірі.
Парник əсері
Жер атмосферасында көмір қышқыл газ парник тəрізді əрекет етеді, ол энергияны сіңіріп,
жердің жылуын сақтап қалады.
Бұл күрделі процесс, оның негізгі кезеңдері төменде көрсетілген:
Күн сəулелері Күннен Жерге жетеді;
кейбір сəулелер Жердің атмосферасынан шағылып, ашық кеңістікке кері оралады;
бірақ кейбір сəулелер Жер бетіне дейін жетіп жатады;
Жер бетіне жететін күн сəулелері Жерді жылытады:
сондықтан Жер қызады;
Жер өз кезегінде өзінің жылу сəулелерін (инфрақызыл сəулелер) шығарады;
бұл сəулелердің кейбіреулері кеңістікке өтеді;
кейбіреулерін жылуды көбірек шығаратын парник газдары сіңіріп алады;
органикалық отынды жаққанда жəне ағаштарды кескенде адамдар атмосфераға көмір
қышқыл газын босатады;
бұл атмосферада көмір қышқыл газының, демек парник газдарының көп екендігін
білдіреді;
олар инфрақызыл сəулелерді көбірек сіңіреді жəне Жер бетіне қарай бағытталған
жылуды көп шығарады;
бұл Ғаламдық жылынуға əкеледі.
Сіздің тапсырмаңыз
Ғаламдық жылыну мен парник газдары əсерінің анимациясын жасау. Анимацияны ойлап
шығарып, көрсету үшін 7 адамнан тұратын топта жұмыс істеуге тиіссіздер.
Тапсырманы орындау үшін алдымен сіз анимацияңыздың сюжетін ойлап табуыңыз керек.
Кейіпкерлерді, іс-қимыл болатын жерді жəне ортаны көрсете отырып, əр топ үшін
осылардың бірін (менің көрсеткенімді) пысықтаңыз.
Келесі беретін кеңесім, топтарды жұптарға бөліңіз, əр жұп əртүрлі бөліктерді ойластырады –
кейбіреулері ортаны (оқиғаны) немесе нақты кейіпкерлерді ойлап таба алады, басқалары
осының анимациясын қалай жасау керектігі туралы ойлана алады.
Бұл сабақтың соңына қарай тапсырманы тезірек аяқтауға көмектесіп, біз анимацияны жұма
күні көре алар едік.
Біз фильмдерді Оскар сыйлығында сияқты етіп бағалап, ең жақсы фильм үшін жүлде
тағайындаймыз!
ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ ЖƏНЕ ПАРНИК ƏСЕРІ
АКТ-ның ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ:
СІЗДІҢ МҰҒАЛІМДІК ТƏЖІРИБЕҢІЗ ТУРАЛЫ ЖАЗБА
Стратегияны сіз қалай жəне қашан
қолданғаныңыз туралы мысалдар
Стратегия
Еліктеу/Ұқсату
(имитация)
жəне
модельдеу
- оқушыларға мектеп зертханасында өте
баяу немесе жылдам, өте қауіпті немесе өте
қымбат болуы мүмкін құбылыстармен
танысып түсінуге көмектеседі;
- оқушыларға ауыспалы жағдайлардағы
өзгерістердің
əсерін
зерттеуге
немесе
тұжырымды түсінікті нығайтуға мүмкіндік
береді.
Шамаларды өлшеп, жазып алу үшін
жабдықты
пайдалану,
мысалы,
температураны, ылғалдықты, жарықты
жəне қысымды жазу үшін сенсорларды
пайдалану, таныстырылым мен нəтижелерді
жазу кезінде көмектесіп, уақыт үнемдейді.
Оқушыларға экспермменттің мəні туралы
болжамды түсіндіру, бағалау жəне айту үшін
көп уақыт беруге мүмкіндік береді.
Деректер қоры мен кестелер ақпарат
арасындағы байланысты пысықтау үшін
оқушыларға
ақпаратты
ұйымдастыруға,
іздеуге жəне сұрыптауға, мысалдарды іздеп,
болжамдарды тексеруге мүмкіндік береді:
мыс.; түрлі тағамдардың құнарлылығы
туралы деректі табу.
Жарияланымдар мен таныстырылымға
арналған бағдарламалық жасақтама, мыс.
Мəтінді өңдеуге арналған процессор, шағын
баспа жүйесі, мультимедиа бағдарламасы,
оқушылардың түсінігін дамытуға жəне өз
қорытындыларын басқаларға таныстыруға
мүмкіндік береді.
Ақпарат көздері, мыс. Интернет, CD-Диск
жəне деректер, оқушыларға білімі мен
түсініктерін дамытуға арналған ақпарат
табуға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақталар жəне
сыныптағы əрекеттестік
Кембридж
университетінің,
Ашық
университет жəне Ланкастер мен Эксетер
университеттеріндегі
əріптестермен
бөліседі
*
. Мен бастауыш мектепте
интерактивті тақтаны (ИТ) пайдалану
мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі үш
зерттеу жобасына қатыстым. Бұл зерттеу,
ИТ Британияның бастауыш сыныптарында
пайдалану мұғалімдердің белгіленген,
тиімді тəжірибесіне қандай қатысы барын
қажетті деңгейде түсінусіз, «оқытуды
түрлендіретін» (жəне түрлендіруге тиіс)
құрал ретінде ғана таратылып, орын алады
деген қауіптеріне негізделген. Сондықтан
біз осы технологияны пайдалануда үлкен
тəжірибесі бар мұғалімдер сыныптың
күнделікті
өмірінде
оны
қалай
қолданатынын зерттедік. Атап айтқанда,
біз:
•
ИТ мұғалім-оқушы əрекеттестігінде
ерекше функция атқара ма?
•
ИТ
пайдалану
сыныптағы
əрекеттестіктің қалыпты түрлерін өзгертті
ме ?
•
Оқушылардың мектептегі сабақтарға
белсенді қатысуына ИТ пайдалану əсерін
тигізе ме?
•
ИТ мұғалім мен оқушылар арасындағы
көзқарастардың жалпы жүйесін құруға
көмектесе ме жəне балаларды оқытудың
келісушілігі мен ұзақтығын арттыра ма?
•
Мұғалім белсенді пайдаланатын ИТ
коммуникативті функциясы бар ма?
•
Сыныптағы
балалардың
бірлескен
жұмысын қолдау үшін ИТ пайдалы ресурс
болып табыла ма? - деп сұрадық.
Қосымша мақсатымыз ИТ-ны тиісті білім
теорияларымен байланыстыру болды.
Орыс психологі Выготскийдің біртума
шығармасына
негізделген
əлеуметтік-мəдени теория, білім мен
түсінікті
жинақтауда
құралдардың
маңыздылығын мойындайды. Бұл көзқарас
бізге ИТ-ны мұғалімдердің қалыптасқан
тəжірибесін арттыруда, бұзуда немесе
таратуда көмектесетін құрал ретінде
зерттеуге мүмкіндік берді. Англияның
оңтүстік-шығысындағы
бастауыш
мектептерде мұғалімдер жазып алған
бейне-сабақтары, əр сыныпта жазылған
сабақтардың
бірізділігімен
біздің
деректерімізді
ұсынды.
Мұғалімдер
барлық жердегі зерттеулерге белсенді
қатысып, кейіннен өз пікірлерін ұсынып
отырды.
Нəтижелер
*
Карен Литтлтон, Пол Уорвик, Аллсон Твиннер, Джулиа
Гиллен, Джудит Кляйн Старман, Рут Кершнер және Сара
Хеннеси.
Талдауымыз
ИТ
мұғалімдерге
оқу
бағдарламаларының мазмұнын бұрынғыға
қарағанда жеңілірек жəне біркелкі көрсетуге
мүмкіндік беретінін көрсетті. Мысалы,
мұғалім алдын ала бейнені, содан соң
тақтадағы жазбаша ескертулерді көрсетті,
содан соң балаларды тақтаға шығып,
суреттер мен мəтіндерге жауап беруді
сұрады жəне тақтада қорытынды шығарды.
Енді осы барлық іс-əрекеттерді ИТ-ға
енгізуге болады.
Мұғалімдер балаларды қызықтыру үшін
жəне ақпаратты əртүрлі форматта бере
отырып, олардың дамып келе жатқан
түсінігін
бағыттау
үшін
ИТ-ны
пайдаланатынын көрдік. Осы қызметтің
кейбір түрлерін ИТ-сыз өткізуге болса да,
ИТ таныстырылымының икемділігі мен
жылдамдығы басқа технологияларда өзіне
тең
таппайды. Бұл жоспарлауға көмектеседі.
«ИТ пайдалану сыныптағы əрекеттестіктің
қалыпты нысандарын өзгертті ме?» деген
сұраққа біздің беретін жауабымыз: «жоқ».
Тақтаның сыныптың алдыңғы бөлігінде
орналасуы сұрақтармен жəне жауаптармен
алмасу үшін мұғалім бүкіл оқушылардың
назарларының алдында болатын дəстүрлі
оқыту стилін нығайтуға бағытталған, ал
оны
басқа
стильдермен
жəне
де
тəжірибелік сабақтармен алмастыруды
ниет етудің арқасында тиімді оқыту орын
алады.
ИТ оқушылардың сабаққа белсенді, əдетте
кезекпен қатысуына, сондай-ақ топтың
қызметін
ынталандыру
үшін
жақсы
мүмкіндіктер ұсынады. Бұл жеке жəне
ұжымдық қызмет идеяларын жинақтау үшін
өте пайдалы. Мысалы, мұғалімдер мен
оқушылар сыныпта талқылауға визуалды
түрде қатыса алады. ИТ балалардың топтық
қызметін ұйымдастыру үшін жақсы құрал
бола алады, мысалы, ол мұғалімге балалар
бірге жұмыс істей отырып, өзара əрекеттесе
жəне
түсіндіре
алатын
қызықты,
мультимедиялық
ресурстардың
жақсы
құрылымдалған
топтамасын
жасауға
мүмкіндік береді. Өзінің топтық жұмысында
ИТ пайдаланған балалар сыныптағы барлық
жұмысқа белсенді түрде қатыса білді. Бірақ
олардың
ИТ-ны
тиімді
пайдалануы
мұғалімдердің оларды топта жұмыс істеуге
қалай дайындағанына байланысты болды,
мысалы, қалай сөйлеу жəне бірге жұмыс
істеу жөніндегі «негізгі ережелерді» жасау
кезінде
олармен
келісу. (www.
thinking-together.org.uk
қара).
Онсыз,
топтағы жұмыс, əдеттегі, ИТ пайдаланусыз
сияқты өнімсіз болуы мүмкін. ИТ-ның
көлемі мен сыныптың қабырғасында биік
орналасуы осы технологияны пайдалану
кезінде балалар үшін кейде қиындықтар
туғызып жатады.
ИТ мұғалім үшін сабақты мұқият
жоспарлау мен аяқ астынан болған оқиға
бойынша шара қабылдауды біріктіруде
ұсынатын икемді мүмкіндігін ерекше атап
өткен жөн, мысалы оқушылардың жете
түсінбегенін зерделеу үшін. Мұғалімдер
ресурстардың көмегімен кез келген уақытта
алға да, кейін де жылжи алады, сондықтан
ақпарат пен идеяларды жалпы визуалды
жазбаларға,
бірлесіп
жасалған
материалдарға жəне түсінуге арналған басқа
құралдарға сүйене отырып, диалог пен
талқылау негізінде қайта қарауға жəне
жасауға болады. Сондай-ақ, мұғалімдер
балалардың іс-əрекеттерін субституитивті,
яғни
оқушылардың
ұқыпсыздықтарын
«қолдай» алады, себебі олар ресурстары мен
іс-əрекеттерін ИТ-да əзірледі. Осылайша,
құзырлы мұғалімдер осы технологияны
балаларды оқытуда келісушілікті жəне
ұзақтықты қамтамасыз етуге көмектесу үшін
пайдалана алады. Қосымша ақпарат алу үшін
http://iwbcollaboration.educ.cam
.ac.uk/
қараңыз.
Қорытынды
ИТ-ны сабақ нақты құрылымдалған,
барлық
қажеттті
материалдармен
қамтамасыз етілген болуы үшін пайдалануға
болады, ал олардың икемділігі мұғалімдерге
сабақ
кезінде
болатын
жағдайларға
жоспарсыз əрекет жасауға көмектеседі.
Біздің
қорытындымыз
мынадай:
бойынша білім беру жөніндегі
ма териалдары
ТЕХНОЛОГИЯ
Сыныпта ғы әрекеттестік
Нил Мерсер бастауыш мектепте интерактивті тақталарды
пайдалану жөніндегі өз зертеулерімен бөліседі
Талдауымыз ИТ мұғалімге бұрынғыға қарағанда, оқу бағдарламаларының
мазмұнын аса жатық жəне біркелкі ұсынуға мүмкіндік беретінін көрсетті»
ам
технологиялық қабілетті мұғалімдер ИТ-ны
шығармашылық бағытта да пайдаланады.
Бұрынғы сабақты дайындау мен сабақ берудің
ұзақ үдерістерін жылдамдатуға болады - жəне
білікті, шығармашыл мұғалімдер оларды,
іс-əрекеттің кейбір ерекше тартымды түрлерін
жасау үшін пайдаланады. Бұл жаңа құрал
кəсіби тəжірибенің, пəн бойынша білімнің жəне
педагогикалық
дағдылардың
қажеттігін
алмастырмайды.
ИТ
шығармашылықпен
пайдаланылса
оқушылардың
қатысу
белсенділігі артуға жаңа мүмкіндік береді жəне
сабақтарды тартымды жəне қызықты етеді.
ИТ-ның визуалды керемет материал арқылы
жан-жаққа
жеңіл
жылжу
жəне
жаңа
ұғымдардың
дамуына
қарай
мұндай
таныстырылымдарды бейімдеу үшін ұсынатын
нысандарының педагогикалық мəні зор. Бұл –
ИТ-ны қолдануда білікті маманның қолына
түссе іске асады.
Сонымен қатар, біздің нəтижелеріміз жаңа
технологияларды енгізу сабақ беру стилін түп
негізімен
өзгертпейді
деген
пікірімізді
нығайтады. Біз бақылаған мұғалімдер ИТ-ны
тиімді пайдаланды – бірақ олар оны өздерінің
қалыптасқан оқыту стилін қолдау үшін
пайдаланды. Біз, осы технологияның үкіметтік
жəне басқа жақтаушылары сендіретіндей,
ИТ-ның оқыту əдістерін «түрлендіруінің»
ешбір дəлелдерін көрген жоқпыз. Демек кейбір
табысты мұғалімдер олардың тəжірибесі
кейбір жаңа технологияларды қолданғаннан
мүлде жаңарып кетеді деп күтпеуі тиіс:
Біз не білеміз
• ИТ енгізу табысты мұғалімдер
үшін оң нəтижелер берді.
• ИТ пайдалану оқыту əдістерін
автоматты
түрде
түрлендірмейеді.
• ИТ əлеуеті мұғалімдердің кəсіптік
дамуымен тығыз байланыста болса ғана
іске асырылатын болады.
технология кəсіпқойларға өз жұмысын жасауға
қаншалықты жақсы көмектесетініне қарай
бағаланатыны өте орнықты. Осы көзқарасқа
орай, ИТ ағылшын мектептеріне енгізілуі
табысты мұғалімдер қолында оң нəтижелер
береді. Егер біз қадағалаған озат тəжірибелер
мысалдары мұғалімдер арасында таратылып,
барлық мұғалімдер осы технологияда сарапшы
болу үшін оқитын болса, бұл ИТ-ны дамыту
үдерісіне септігін тигізеді. Бірақ сыныптағы
өзара əрекеттесудің инновациялық типтерін
дамыту үшін ИТ-ның əлеуеті диалогті тиімді
қолдануды
дамыту
жəне
сыныптағы
оқушыларды жұмысқа тартумен байланысты
болған кезде ғана іске асырылады. Британдық
тəжірибе сабақтарының осы технологияларды
қолдануды кез келген ірі масштабта жаңа
бастап келе жатқан əлемнің басқа елдерінде
оның қолданылуына əсерін тигізгенін көру
қызықты болар еді.
жəне
Автор туралы
Нил Мерсер Кембридж универстетінің білім
профессоры. Ол сыныптағы диалог пен
балалардың ойлау қабілетінің дамуына
ерекше қызығушылық білдіретін, ғылым мен
математика
жəне
мектептерде
ИКТ
пайдалану салаларында бірқатар жобалар
жүргізген психолог. Оның соңғы кітаптары
Сөздер мен Ойлар: бірге ойлау үшін біз тілді
қалай
пайдаланамыз,
диалог
жəне
балалардың ойлау қабілетін дамыту (Карен
Литтлтонмен) жəне Мектептегі əңгімені
зерделеу (Стив Ходкинсонмен).
Ұсынылатын əдебиет
Гиллен Дж., Клейн Старман, К.Литтлтон,
Мерсер Н жəне Твиннер А. (2007) «Оқыту
революциясы»? Британ бастауыш
мектептерінде интерактивті тақталардың
педагогикалық тəжірибесін зерттеу. Оқыту,
медиа жəне технология, 32 (3), 243-256.
Мерсер Н., Хеннеси С., жəне Уорвик П.
(2010) Интерактивті тақтаны диалогты,
технологиияны, педагогика мен сыныптағы
білім алуды ұйымдастыруда қолдану, 19 (2),
195-209.
Уорвик П., Мерсер Н., Кершнер Р., жəне
Клейн Старман (2010) Топтың интерактивті
тақтаны қолдана отырып жүргізген бірлескен
жұмысында оқушыларды ғылымға үйретуде
мұғалімнің жанама қатысуы. Компьютер
жəне білім беру, 55 (2), 350-362
ТЕХНОЛОГИЯ
Сыныптағы əрекеттестік
ВТОРАЯ НЕДЕЛЯ
ПЕРВЫЙ ДЕНЬ
НАБЛЮДЕНИЕ ЗА ПРОЦЕССОМ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ:
Высказывают ли ученики свое мнение в порядке очереди или часто прерывают
друг друга?
Приветствуют ли они идеи друг друга?
Слушают ли они друг друга и реагируют ли на идеи одноклассников?
Просят ли они друг друга высказать свое мнение (например, спрашивая
«Почему вы так думаете?")
Формулируют ли студенты свои мнения с указанием причин, объяснений и
приведением примеров?
Меняют ли студенты свою точку зрения с учетом комментариев
одноклассников?
Обмениваются ли они идеями перед принятием групповых решений?
Составьте карту, иллюстрирующую, кто с кем в классе ведет дискуссию.
|