Екінші болма



Pdf көрінісі
бет101/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Жауапкершілік. Арман мен мақсат туралы жоғарыда айттық қой. Бұл
екеуінің  тағы  бір  елеулі  айырмашылығы  бар.  Армандағанда  бəрі  тамаша,
таңғажайыптардың  бəрі  өзінен-өзі  болып  жатады.  Мақсат  үшін  сен
жауаптысың.
Брайан  Трейсидің  «Достижение  Максимума.  12  принципов»  деген
кітабы былай басталады: «Баяғыда бір таудың бөктерінде данышпан қария
тұрыпты.  Оның  білмейтіні  жоқ  екен,  билеушілер  де,  саудагерлер  де,  бəрі
соның  алдына  келіп  сұрақтарына  жауап  іздесе  керек.  Сол  таудың  етегінде
кішкентай ауыл бар екен дейді. Бұл ауылдың балалары шалға сұрақ қоюды
əдетке  айналдырған.  Қарияның  кез  келген  сұраққа  жауабы  бары  оларды
ойландырады. Шал жауап бере алмайтын бір сұрақ қояйық дейді.
Күндердің  күні  балалардың  бірі,  Арам:  «Данышпанды  жерге
қарататын сұрақ таптым», – дейді. Қолына кішкентай құсты қысып ұстаған
ол: «Шалдан мына құс тірі ме, өлі ме деп сұраймын. Егер өлі десе, жібере
саламын.  Тірі  десе,  өлтіре  саламын.  Не  десе  де,  оныкі  дұрыс  болмай
шығады»,  –  дейді.  Балалардың  бəрі  шуылдасып,  Арамды  ортаға  салып,
шалға келеді. Сосын жаңағы бала: «Міне, қолымда құс бар, ол өлі ме, тірі
ме?»,  –  дейді.  Оның  көзіне  қарап  мысқылдаған  Шал:  «Арам,  ол  сенің
қолыңда», – депті.
Мен  осы  шалмен  келісемін.  Сенің  əр  əрекетің  жаңа  мүмкін
болашақтарды тудырады. Өміріңде болып жатқан барлық нəрсеге өзің ғана
жауаптысың.  Мемлекетті  кінəлама.  Ата-анаңды  кінəлама.  Бауырларыңды,
достарынды  кінəлама.  Ұстаздарыңды  кінəлама.  Əсіресе  бастығын  мен
əріптестеріңді  кінəлама.  Өйткені  басқаны  таңдай  алмасаң  да,  жұмысты
таңдайтын  өзің.  Кім  болатыныңды  өзің  шешесің.  Тағдырыңды  қолмен
жасайсың. Сен өз өміріңнің бағбанысың.


Осы QR кодты сканерлеп, Алан де Боттонның дəрісін көре аласың.
Self  help  кітаптардың  бəрінің  айтқысы  келетіні  де  осы.  Алан  де
Боттон
65
, өзінің алты миллион рет қаралған Жеңіс туралы тед дəрісінде (A
kindler,  gentler  philosophy  of  Success)  мынаны  айтады.  Осыдан  төрт  жүз
жыл  бұрын  кедей  адамды  unfortunate  дейтін.  Яғни,  жолы  болмаған,
Құдайлар, не əйтеуір бір жоғары күштердің бұйрығымен кедейлікті арқалап
жүруге  мəжбүр  жандар.  Қазір  кедей  адамды  loser  деп  атайды,  демек,
жоғалтқан,  қолында  барынан  айырылып  қалған  жəне  осы  екі  сөздің
арасындағы айырмашылық адам психологиясының төрт жүз жылдық даму
эволюциясын көрсетеді. Біздің жеңіске жеткен жетпегенімізге бұрын Құдай
жауапты деп ойласақ, қазір өзіміз жауаптымыз деген тоқтамға келдік.
Бір  орнында  тұрған  көліктің  кілтін  бұрап,  газды  бассаң,  ол  орнынан
жылжиды. Дəл солай сенің өмірің де өз əрекетіңді күтеді. Кез келген мақсат
жауапкершіліктен басталады. Бұл менің өмірім, оны қалай сүретінім өзіме


байланысты,  мынау  менің  мақсатым,  оған  жетуім  өзімнің  қолымда.  Адам
осылай, өз өмірі үшін жауапкершілік алуы керек.
Өзің ойлашы, мемлекетті сынағаннан, билікті жамандағаннан тұрмысы
түзелетін  болса,  осы  уақытқа  дейін  қазақтардың  бəрі  баяғыда  миллионер
болатын еді ғой? Аяқты аспанға асып қойып, тағдырға шағым айтып жата
беруге болады, одан не өзгереді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет