СЕНІ БІРЕУ ҰРСА, ҚАЛАЙ ЖAУАП БЕРЕСІҢ? немесе ПРОАКТИВТІЛІК ТУРАЛЫ МОНОЛОГ Өмірде əсер ете алмайтын нəрселер бар: ауа райы, адамның өлімі, ақша бағамының өзгеруі. Қаласақ та, қаламасақ та бұларды өзгерте алмаймыз. Бірақ, əсер ететін нəрселер бар: біліміміз, іс-əрекетіміз, табысымыз. Өзімізді дамыту арқылы басқа жайттарға əсер ете аламыз. Проактивтілік дегеніміз – өрт лаулаған сəтте əрекет ету емес, өртті
болдырмау үшін, алдын ала əрекет ету. Сені біреу ұрған кезде, жауап
қайтару емес, сені біреу ұрмас үшін не істеу керегін ойлау.
Мысалы, студент болып жүрген кезде, жоғары оқу орнын бітіргенде
жұмыс істеу емес, оқу орнын тəмамдағанда, саған жұмыс берушілер
кезекке тұру үшін əрекет жасау. Отбасыңның қашан ыдырап кететінін күтіп
отырмау, оны болдырмау үшін жарыңды сыйлау, оған гүл əкелу, бұл –
проактивтілік.
Егер біз болған жағдайға реактивті емес, проактивті көзқараспен
қарасақ, біздің өміріміздегі көптеген кері əсер тигізетін жағдайлардың
болмауына əсер ете аламыз. Осы қағиданы дұрыс ұстансақ, көптеген
жеңістерге жете аламыз.