екенін білесің. Іштей өз бағаңды білесің ғой. Тыңда,
сен сияқты ешкім де
өзіңді білмейді. Өйткені ешкім дəл өзің сияқты жиырма төрт сағатты
сенімен бірге өткізбейді. Сондықтан сенің өзің туралы пікірің бəрінен де
маңызды.
Əрқайсымыз əртүрліміз. Соған сəйкес, əрқайсымыздың күресетін
қарсыласымыз, алысатын дұшпандарымыз да басқа. Көрсеқызар үшін ол
керек емес затты сатып алудан сақтану болуы мүмкін. Қызқұмар үшін зина
жасаудан сақтану болуы мүмкін. Мешкей үшін тамақтан сақтану болуы
мүмкін. Ақшаны қажет емес нəрсеге,
артық шоколадқа жұмсамау, некеге
адалдықты сақтап қалу да өзіңе деген құрметіңді арттырудағы бір қадам.
Достарыңызбен бөлісу: