Дисциплинаға үйрену. Адамның жеңісі армандарының масштабына
жəне жоспарларының миссиясына сəйкес келетініне байланысты. Арманды
миссияға, миссияны шындыққа айналдыратын құдірет дисциплина (тəртіп)
деп аталады. Көбіміздің үлкен жеңістерге жете алмайтынымыздың бір
себебі – өзімізді тізгіндей алмайтынымыз.
Егер сенің де дисциплинаңмен жұмыс істеу керек екенін сезсең, ең
алдымен қай салада кемшін түсіп жатқаныңды анықта. Мысалы, кей
адамдар жоқшылықтың yысынан шыға алмайды. Ал одан шығу үшін,
біріншіден, жұмыс істеу керек, екіншіден, ақша жинау керек. Ақша жинау
үшін де дисциплина керек. Əр жалақыны, табыстың, кірістің отыз пайызын
жинауды əдетке айналдырып отыру қажеттігі жалпыға белгілі. Клемент
Стоун айтады: «Егер ақша жинай алмасаңыз, ірілік те қолыңыздан
келмейді». Үйіңде жинай алмасаң, сенімді бір адамға – анаңа, жолдасыңа,
досыңа жалақынның отыз пайызын сақтау үшін беріп қой немесе жалақы
алатын банкіңнен депозит ашып, карточкаңнан автоматты түрде аударып
отыруды əдетке айналдыр.
Болмаса, артық салмақпен күресіп жүрген шығарсың?
Артық шоколад жеп қоймас үшін, өзіңді сүйреп спортзалға апару үшін
де дисциплина керек. Мүмкін, темекіні тастағың келетін шығар? Таңертең
жаттығу жасауды əдетке айналдыра алмай жүрген боларсың? Келесі
дүйсенбіден бастаймын, жаңа жылдан бастаймын дегеннің бəрі – жай ғана
сылтау. Саған керегі дисциплина ғана.
Дисциплинаның негізі – əрекетті əдетке айналдыру. Бір нəрсе əдетке
айналғанда, ол «ұнайды, ұнамайды», «істегім келеді, келмейді» деген
категориядан шығып кетеді. Ол жай ғана əдетке айналады.
Психолог Терри Коул Виттакер айтады: кез келген əрекеттің əдетке
айналуы үшін үш апта уақыт керек. Жиырма бір күннен кейін ол автоматты
түрде істелетін болады.
Темірдей тəртіпке үйрену үшін, өзіңнің нашар əдетіңнің зардабын
анықтауың
керек.
Дисциплинаның
керектігін,
оның
зардабын
бағаламайынша түсінбейсің. Оның бірден-бір оңай жолы – тізім жасауды
үйрену.