Екінші болма


НЕГЕ БАТЫС КІТАПТАРЫ БІЗГЕ КӨМEKTЕСПEЙДІ?



Pdf көрінісі
бет15/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

НЕГЕ БАТЫС КІТАПТАРЫ БІЗГЕ КӨМEKTЕСПEЙДІ?
Бойымыздағы
проблемалардың
барлығын
тізбектеп
шықтық,
анықтап  алдық.  Мақсат  қоя  алмаймыз,  эго,  сенімсіздік,  тағысын-тағы  –
осының
барлығы
адам
өмірінде
бір
дискомфорт
(жайсыздық)
туындатады.  Бұл  сезімнен  адамның  құтылғысы  келіп  тұрады.  Сол  кезде,
бас
сауғалап
Батыс
методикасын
(əдістеме)
іздейді.
Батыс
авторларының  бұл  туралы  «Мақсатқа  жетудің  елу  бір  жолы»,  «Өзіңді
дамытудың сексен сегіз жолы», «Арман табудың он алты жолы» сияқты
кітаптары өте көп.
Триггер
14
 деген  түсінік  бар,  мысалы,  адам  өзін  кедеймін  деп  сезініп


жүрсе, сол кедейлік туралы əңгіме естice, ойында ұстап, бірден оны миына
қабылдап  алады.  Адам  триггерлерге  ілініп  қалады  да,  сол  триггерлерді
іздей  бастайды.  Тура  солай,  адамдар  Батыс  методикасын  іздестіре
бастайды.  Əрине,  Батыс  кітаптары  мен  методикалары  жұмыс  істейді  жəне
олар  пайдалы,  бірақ  олар  сол  жақтың  азаматтары  үшін,  сол  қоғамға
бейімделген.  Ал  бізде,  өзіміздің  қоғамға  тəн,  осы  ортадан  шыққан
ауруларымыз,  проблемаларымыз  немесе  əке-шешеміздің  бойымызға
сіңірген  аурулары  бар.  Батыс  кітаптары  көмектеспейді  емес,  көмектеседі,
егер  біз  қойған  талап  соған  сəйкес  болса.  Ал  біз  қойған  талаптар,
күнделікті  өмірдегі  қателіктеріміз  бен  кемшіліктер  болғандықтан,  Батыс
реалиясы  (өмір  салты)  бөлек,  ал  біздің  реалиямыз  бір  бөлек.  Біздегі
дизельді  автокөліктер  нашар,  дұрыс  жұмыс  істемейді  дейді,  өйткені  бізде
дизель  нашар.  Ал  ол  автокөлік  шетелдік  жолдар  мен  солардың  дизеліне
арналған.  Байқасаңыз,  Батыс  көліктерінің  сипаттамасында  сегіз  литр
бензин  «жейді»  десе,  бізде  шамамен  он  бір  литр  бензин  кетуі  мүмкін.
Себебі, бізде жанармай сапасы нашар. Қайтадан батыс реалиясы мен біздің
реалияның  екі  түрлі  екеніне  көз  жеткіземіз.  Сол  сияқты,  Батыс  кітаптары
да, солардың ішкі дүниесіне арналған.
Ізденіс жолында жүргенімде Бодо Шефер
15
, Роберт Кийосаки
16
сияқты
авторлардың  кітаптары  қолыма  бірінші  болып  түсті.  Олар  шынында  да,
мықты  мотивация  береді,  болашаққа  сенім  сыйлайды,  ертеңгі  өмірің
қандай  болатынын  əдемілеп,  əсерлендіріп  суреттеп  береді.  Бірақ,  бұл
кітаптардың  бірінші  «минусы»,  олар  сенің  ертең  қандай  болатыныңды
айтады.  Арманда,  мақсат  қой,  мотивацияң  болу  керек,  еңбектен,  сонда
жетістікке  жетесің  дейді.  Алға  қадам  жасауға  дайын  тұрғаныңда,  неден
бастайтыныңды білмей қаласың. Яғни, бұл кітаптар нені жəне қалай жасау
керегін  белгілеп  бермейді.  Көбіміздің  мотивацияны  жинап  алып,  іске
келгенде  еш  нəрсені  жүзеге  асырмауымыздың  себебі  осында.  Тауды  да
қопарып тастауға дайын болғаныңда, не істейтініңді білмейсің. Ал мен өзім
көп  ойландым,  көп  зерттедім.  Батыс  моделіндегі  кітаптардың  көбі
мотивация  беру  үшін  жарамды  екені  күмəнсіз,  бірақ  менің  түсінгенім,
қазақтарға,  əр  қадамның  жазылғаны,  неден  кейін  нені  жасайтыны
белгіленіп,  айтылғаны  жағады.  «Біріншіден,  компанияның  атын  ойластыр,
екіншіден,  салаңды  таңда,  үшіншіден,  нарықты  зертте»  дегендей.
Сондықтан  да  жылдар  бойы  өзім  қолданған,  өзіміздің  менталитетке  сай
жеңіске  жетудің  «қазақша»  моделін  ойластырдым.  Ұзақ  жыл  бойы  өзімді
дамыту,  минустарыммен  күресу,  армандау,  тағы  да  басқа  барьерлер
(кедергілер)  мен  дайындықтар  арқылы  өтіп,  қазіргі  күні  жеңіс  жолында
келемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет