Екінші болма


«МАҚСАТ  ҚОЮ»  –  ӨЗІҢДІ  ШЕКТЕУ



Pdf көрінісі
бет18/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127
«МАҚСАТ  ҚОЮ»  –  ӨЗІҢДІ  ШЕКТЕУ.  Жақында  ғана  Астана
қаласында оныншы мейрамхананы аштық.
«Сегіз,  он  немесе  жиырма  мейрамхана  ашамын»  деп  алдыма  мақсат
қойып,  өзімді  шектеген  жоқпын.  Кім  біледі  мүмкін  мен  елу  мейрамхана
аша алатын шығармын?
Ең бастысы, мақсатқа апаратын жолда жүру «Rumi Group»-ты ашқанда
алдыма  қойған  мақсатым:  «Quality  to  mass  –  сапаны  қолжетімді  ету»  –


болды. Сапалы Internet-ті, сапалы майлықтарды қол жетімді ету. Неге оның
барлығы  қымбат  мейрамханаларда  болады,  неге  біздің  мейрамханада  да
сапалы  сусабын  қолданбасқа,  елге  сапалы  тағам  ұсынбасқа?  Осындай
мақсат  пен  арманның  аясында,  «Rumi  Group»-та  дамыды.  Ал  егер  он
мейрамхана  ашуды  мақсатым  деп  алсам,  арманыма  жетіп  қойған  болатын
едім.  Ал  негізгі  мақсатым  он  мейрамхана  ашып  алу  емес,  осы
мейрамханалардың  қызметі  арқылы  сапаны  халыққа  беру,  оны  қолжетімді
ету.  Ал  бұл  жолда,  бəлкім  елу  немесе  жүз  мейрамхана  ашу  бұйыратын
шығар.  Сондықтан  есте  сақтаңыз,  «Мақсат  қою  –  адамды  шектеу»  деп
айттым.  Яғни  ол  сандық  немесе  материалды  болмауы  керек,  ол  бір
миссиямен,  арманмен  өрілген  мақсат  болуы  керек.  Мысалы,  «XA-XA
show»-дағы  Ақсұлтан  бауырым  бар.  Ол  «Менің  мақсатым  –  қазақ  тілін
сəнді  қылу»  дейді.  Бұл,  менің  ойымша,  керемет  мақсат.  Оның  аясында  ол
автокөлік  те  алуы,  басқа  да  материалды  құндылықтарға  қол  жеткізуі
мүмкін.  Ал  егер  де  біз,  өз  мақсатымызды  теңгемен  немесе  басқа  бір
эквиваленттермен  өлшеп  қойсақ,  онда  мақсатқа  қол  жеткізген  кезде,  əрі
қарай қайда барарымызды, қалай жүрерімізді білмей, қиналып қаламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет