Екінші болма



Pdf көрінісі
бет28/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127
АДЫРАСПАНДАРДАН
ҚАЛАЙ
ҚҰТЫЛАМЫЗ
немесе
МОЙЫНДAУ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ
Адыраспандардан  құтылу  қиын  деп  жатамыз,  ал  негізінде  оны
қиындататын  өзіміз.  Бойымыздағы  кемшіліктерден  құтылудың  жақсы
тəсілдері бар: оның біріншісі жəне негізгісі мойындау.
Қызды  киноға  шақырмағандығың  неден?  Саған  ұнамағандықтан  ба?
Əлде, өзіңе деген сенімсіздіктен бе?
«Екінші  болма!»  тренингін  де,  кітабын  да  дайындау  барысында
көптеген  проблемаларды  тыңдап,  оларды  халыққа  айтып,  жоғымызды
жоқтап,  шынайы  көзбен  қараудың  бізге  қиын  түсетінін  байқадым.  Осы
тренингпен  бір  қалаға  барып:  «Біздің  қандай  проблемаларымыз  бар?»,  –
деп  сұрағанымда,  екі  адам  орнынан  тұрып  кетіп  қалғаны  есімде.  Сахнада
тұрғанда,  олардың  көздерінен  қандай  да  бір  проблемалардың  бар  екенін
естігісі  келмейтінін  байқадым.  Қырсықтық  туралы  айтқан  кезімде,
орындарынан  тұрды  да,  кетіп  қалды.  Сонда  байқағаным,  мойындау  бізге
қиын, ал мойындаудың қиын екенін мойындау, ол – үлкен ерлік.
Мойындау  да  оңай  болып  көрінгенімен,  ерік-жігерді  талап  етеді.
Себебі,  мойындаудың  артында  əлсіздігіңді  қабылдау,  эго  мен  сасық
көкіректің  араласынан  пайда  болған  менмендік  сезімдер  жатыр.  Бұл
айтылуы  жеңіл,  ал  жасалуы  қиын  тəсіл,  бəлкім  оның  себебі  мойындаудың
оңай болып көрінетіндігінде шығар.
Джим  Коллинз
18
 «От  хорошего  к  великому.  Почему  одни  компании
совершают,  другие  прорыва  нет»  деген  кітабының  отыз  тоғыз  бетін
мойындау  тақырыбына  арнаған.  Қарап  отырсаң,  кəсіпкерлікке  қатысты
кітап,  менеджментке  деген  жаңа  көзқарас  тудыратын  кітап,  онда  он  есе
дамыған,  табысты  болып  есептелген  компаниялар  туралы  айтылады.  Ал
осы  он  есе  дамыған  компаниялардың  ортақ  қасиеті,  ол  –  мойындай
алуында делінген.
Сондықтан сен де, мойындау керек екенін қабылдасаң, əрі қарай оңай
болады. Себебі, адыраспандардан құтылудың алғышарттарының бірі – осы
мойындау.
ЕКІНШІ,  адыраспандардың  сені  неден  шектейтінін  есепте.  Жақсы
бизнеске  ақша  салудың  орнына,  қырсығып,  əріптесіңе  мінезіңді  көрсеткің


келіп,  шығынға  əкелетін  бизнеске  ақша  құйдың.  Нəтижесінде  банкрот
болдың. Кімге, нені дəлелдегің келді? Нəтиже қандай?
ҮШІНШІ, рационалды ойлау жүйесін қос. Өзіңнің сасық көкірегіңнің
кесірінен  сенің  жеке  көлігің  жоқ,  сондықтан  автобуспен  жүресің.  Ал
негізінде,  жарыңның  ағасы  қарызға  берем  деген  сол  ақшаны  алғанда,
бизнесіңді  дөңгелетіп,  қарызды  пайдасымен  қайтарар  едің.  Кəсіпкер  деген
формада, жеке көлік те, туыстардың назары да өзіңде болар еді.
ТӨРТІНШІ,  адыраспандармен  күрес.  Еріншектікті  жеңуге  келетін
болсақ, бұл оп-оңай.
Ерініп тұрған Қуаныш пен ерінбей тұрған Қуаныштың арасы – əрекет.
Егер  ол  əрекет  жасаса,  демек,  еріншектікті  жеңгені.  Мен  істеймін  деп,
ерінбей  əрекет  жасау  бар-жоғы  бес-ақ  секунд  уақытыңызды  алады.
«Momentum»  деген  түсінік  бар.  Ол  3  –7  секунд  аралығы.  Осы  уақыттың
ішін  де  шешім  қабылдауың  керек.  Сондықтан  ерініп  тұрған  кезің  мен
ерінбей тұрған кезіңнің арасы бес-ақ секунд, осыны ұмытпа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет