Екінші болма



Pdf көрінісі
бет24/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Жеңістің адыраспандары


Комплекс  туралы  «Ішкі  комплекс  –  жеңіс  үшін  таптырмас  қазына»
деген  тарауда  егжей-тегжейлі  жаздым.  Есіңде  болсын,  комплекс  –  диагноз
жəне  таптырмас  қазына.  Егер  онымен  күресе  білсең,  ол  сені  алға  қарай
итермелейтін мықты күшке айналады.
Сенімсіздік əдетте, балалық шақтан бастау алады.
Сондықтан құрметті ата-аналар, балаңызға тəрбие бергенде, оны өзіне
сенімді  етіп  өсіріңіз.  Ол  өз  мүмкіндіктеріне,  ақыл-парасатына,  күшіне
сенімді  болуы  керек.  Ертеңгі  күні,  əрдайым  балаңыздың  орнына  шешім
қабылдап,  оның  артынан  жүгіріп  жүрмейсіз  ғой.  «Балам,  саған  сенемін.
Бүгін 3 алыпсың, бірақ кішкене ғана тырыссаң, ертең 5 деген баға аласың»,
– десеңіз, оның өзіне деген көзқарасы өзгере бастайды. Нəтижесінде, ертең
өскенде  бір  адыраспан  кемиді.  Өмір  жолында  адамдардың  барлығы  да
қиындықтарға  тап  болады,  əрбіреуі  онымен  күреседі.  Бұл  өмірде  тек  сен
ғана  өзіңе  сенімсізсің,  сенің  ғана  қолыңнан  келмейді,  ал  басқалар  мықты
деп ойлама. Əр адамның бойында қорқыныш, үрей, өзіне деген сенімсіздік
болады,  оны  жеңіп  шығу,  жеңіске  жету  жолын  жалғастыруға  мүмкіндік
береді. Ата-анаңды, қоғамды, тағдырды бұл үшін кінəлама, ал да жаса, яғни
күрес.  Бір-екі  рет  ұрынғаннан  кейін  иммунитет  пайда  бола  бастайды,
сенімділік артады.
Бір  күні  үлкен  ғұлама  адам  тыныш  жерде  ойланғысы  келіп,  көлдің
жағасында  отырған  екен.  Жанына  бір  ит  келіп,  су  ішпекші  болады.  Суға
жақындайды да, қайта артқа қашады. Бірнеше рет суға келеді, қайтадан
шегінеді. Бір кезде шыдай алмай, шөлдегені соншалық суға секіреді. Сонда,
ол ит өзінің судағы бейнесінен өзі қорыққан екен.
Сенімсіздікті  қазір  жеңсең,  ертеңгі  күні  ол  саған  ешқандай  қиын
мəселе тудырмайды, барлығы өз қолыңда. Өзіңе сенімді болсаң, нəтиже де
болады. Сенімсіздікті жеңу бұл бір сапар сияқты. Себебі, оны бір рет жеңу
жеткіліксіз,  бір  іс  қолыңнан  келмесе,  бір  нəрсе  ойыңнан  шықпаса,  бірден
өзімізге сенімсіз болуға бейімбіз ғой. Бұл жолдағы үлкен жанармайымыз –
майда  жеңістеріміз.  Мысалы,  бұзылып  жүрген  ұйқыңның  режимін
дұрыстау, кешігу əдетінен арылу, паразит сөздерді қолданумен күресу, жаңа
тіл  үйрену,  кітапты  оқып  бітіру,  тағы  да  басқа.  Бұл  жеңістер  кішкентай
болғанымен,  оның  артындағы  сезімдер  үлкен.  Сондықтан  да,  сенімсіздік
пен  комплексті  жеңудегі  бір  жəне  бірегей  таптырмас  құрал  –  майда
жеңістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет