Екінші болма



Pdf көрінісі
бет29/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Еріншектіктен айрылу
Жылжымайтын  мүлікпен  айналысатын  алпауыт  компанияның  иесі
Дональд  Трамптың
19
 1990  жылдары  жеке  берешегі  1  миллиард  доллар
болған.  Бұны  Дональд  кітабында  жазады.  Сөйтіп,  бір  күні  үйде


теледидардың  алдында  отырғанда,  мықты  кəсіпкерлер  мен  банкирлер
жиналған банкетке шақырылғаны есіне түседі. Барғысы жоқ, себебі үлкен
қарызы бар, ал іс-шарада бизнесмен достары да, кредиторлар да болады.
Үйде  отырып,  ары  ойланып,  бері  ойланып,  «ақыры  босқа  отырмын  ғой,
бара  салайын»  –  деп,  əлгі  банкетке  барады.  Бір  бөлек  жерде  жасы  келіп
қалған,  үлкен  адам  отыр  екен.  Сондағы  адамдардан  кішкене  бөлектену
үшін  Дональд  қарт  адамның  қасына  отырады.  Онымен  əңгімелеседі,
жақсы  қарым-қатынас  құрады,  бір  сөзбен  айтқанда,  уақытын  жақсы
өткізеді.  Келесі  күні  таңертең  Дональдты  кредиторлары  шақыртады.
«Бекер  бардым-ау  кеше.  Кредиторларым  тойлап  жүргенімді  көріп,
ерегісіп қалды ма?» , – деп іштей күмəнданады. Сөйтсе, кешегі отырыста
оның қасында отырған қарт адам Дональд Трамптың ең үлкен кредиторы
болып  шығады.  Содан  ол  Трамптың  ой-өрісіне,  өмірге  деген  көзқарасына,
біліміне  тəнті  болып,  оған  көмегін  көрсетіп,  кризистен  шығып  кетуіне
септігін  тигізеді.  Үйінде  ерініп,  ештеңеге  зауқы  болмаған  Дональд  Трамп
пен ерінбей отырған Дональд Трамптың арасындағы бес секунд уақыт бар
еді, сол секундтар оның бар өмірін өзгертті.
Тағы  да  айтарым,  кез  келген  жүйе  тыныштыққа  ұмтылады.  Мысалы,
біздің  ағзаға  да  ең  ұнайтын  нəрсе  –  жата  беру.  Сондықтан  ұйықтағанда
демаламыз. Ми – адам ағзасындағы энергияның 8%-ын қалыпты жағдайда
өзіне қорек етіп алып тұрады, ал егер сəл ойлансақ, 38%-ын, яғни ағзадағы
энергияның  1/3  (үштен  бір)  бөлігін  алады.  Сəл  жұмыс  істесек,  ойлансақ,
қарнымыздың  ашатын  себебі  осында,  өйткені,  ағза  энергияны  талап  етеді.
Біздің  ағзаға  мидың  жұмыс  жасауы  қолайлы  емес,  екеуі  сондықтан  бір-
біріне  əрдайым  қарама-қайшы  келіп  қалады.  Ағзамыз  энергияны  сақтап
қалу үшін, миды əрдайым тыныштыққа алып кетуге тырысады. Сондықтан
миды ұйқыдан шығарып тұру үшін «momentum» – бес-ақ секунд қажет.
Бір  мысал  келтірейін.  Бенджамин  Франклин  –  философ,  ғалым,
мемлекет  қайраткері,  оның  портреті  жүз  доллар  ақша  белгісінде
бейнеленген.  Ол  өзінің  достарынан  «қандай  жаман  мінезім  бар?»  деп
сұрайды.  Олар  Франклинге  он  үш  кемшілігін  айтып  береді.  Бенджамин
Франклин  əр  апта  сайын  бір  минусымен  күресіп,  он  үш  апта  бойы  жаман
мінездерін түзеп отырған.
Басқадан  сұраудың  жақсы  жағы  –  минустарыңды  өзің  іздегенше,
басқалардың айтқаны дұрыс, себебі, «сырт көз – сыншы».
Хэл Элрод
20
өзінің əйгілі «Магия утра. Как первый час дня определяет
ваш успех» (The  Miracle Morning. The  Not So Obvious  Secret Guaranteed to
Transform  Your  Life)  деген  кітабында  осының  тамаша  жолын  айтады.  Ол
күндердің бір күні өзін дамытуды алға қоюды шешкенін жазады. Сол күні


отыра  қалып,  хат  жазады.  Электронды  поштасына  жиырма  үш  адамның
адресін  белгілеп  барып  тоқтайды  да,  əрқайсысына  мəселесін  баяндайды.
«Өзімді  дамытумен  айналысқым  келеді.  Маған  көмегіңіз  керек.  Мықты
жəне  əлсіз  тұстарымды  белгілеп  берсеңіз»,  –  деп  шынайы  пікір  сұрайды.
Əрине,  бұл  робот  кұрастырған  кұрғақ  хат  сияқты  болмауы  керек,  жеке
адамға деген жеке қарым-қатынасыңыз сезілуі тиіс. Бірақ ең бастысы, бұл
əдіс жұмыс істейді. Өйткені өзің туралы шындықты сұрағанда, адамдар көп
жағдайда,  турасын  айтады.  Əрине,  сын  есту  ешкімге  ұнамайды.  Алайда
сын шын болса, дертке дауа болатындай күші бар.
Мен  де  осы  жолдан  өттім.  Хат  жазған  жоқпын.  Таныстарыма:  «Мен
туралы не ойлайсың? Кемшілігім мен артықшылығым қайсы?», – деп сұрау
салдым.
ЖІГІТТЕР  ƏДЕТТЕ  БІРІН-БІРІ  АЯМАЙДЫ.  «Косягыңды»  бетіңе
жақсылап тұрып басады. Мысалы, тез сөйлеген соң алаяқ сияқты көрінуім
мүмкін. Көп адам сенбейді екен. Бұл мен үшін ащы шындық болды.
«Қасқырдың  аузы  жесе  де  қан,  жемесе  де  қан»  деген  сол  болар,  сірə.
Мектепте  де,  колледжде  де  мұғалімдермен  жақсы  араластым.  Балалардың
арасындағы  əңгімелер  олардың  құлағына  жетсе,  автоматты  түрде  бəрі
менен  көретін.  Қатысым  болса  жоқ  да,  бəрін  жеткізетін  жеңіл  ауыз  мен
сияқты  қабылдайды  екен.  Соның  бəрімен  күрестім.  Жеңдім.  Өзімді,
ойымды, ниетімді қай ортада да сауатты түрде жеткізуге дағдыландым.
Кемшілік  көп,  комплекс  болуы  мүмкін,  фобия  болуы  мүмкін,  бірақ
оның жеңуге болмайтыны жоқ.
Құдайдың  бізге  адыраспандарды  бергені  анық.  Олар  біздің
бойымыздан бірден жоқ болып кетпейді. Сенімсіздікті қолданатын болсақ,
«бір нəрсені істейiн бе, əлде істемейін бе?», «бойымда ондай қасиет бар ма,
жігерім  жетеді  ме?»  деп  сенімсіздік  танытпай,  бір  жеңіске  жетіп  жатсақ,
«бұл жақсылық, бұл жеңіс шынында да менен бе, əлде Құдайдан ба?» деп
сенімсіздік  танытайық.  Қырсығатын  болсақ,  өзіміздің  жүрмей  жатқан
тірлігімізге  қайсарлығымызды  қайрау  үшін  қырсығайық.  Эгомызды
қолданатын болсақ, білім, тəлім алғанда, тек қана өзіміз қолдану үшін, тек
қана  өзіміз  ғана  үйрену  үшін,  тек  қана  өзімізге  пайдалы  болу  үшін  ғана
үйренейік.  Біреуге  айту  үшін,  біреудің  аузын  жабу  үшін  емес.  Жалқаулық
танытатын  болсақ,  біреуді  жамандайтын  кезде,  біреуді  кінəлайтын  кезде,
біреумен жарысатын кезде жалқауланайық.
Егер  адыраспандарды  жеңбесең,  сенің  үйренгенің,  ақылды  болғаның,
барлығын  дұрыс  істегеніңнің  құны  –  бес  тиын.  Біз  өзімізді  жеңген  сайын,
елдің көбі ұмтылатын материалды құндылықтардың қалай келгенін өзіміз-


ақ байқамай қаламыз.
Екі  қабатты  үйге,  қымбат  автокөлікке,  он  бес  мейрамхананың  иесі
болуға  емес,  өзіңнің  мықты,  мінсіз  нұсқаңа  талпынсаң,  соған  жетсең,
жақсы бір қосымша ретінде материалды құндылықтар өзі пайда болады.
Сонымен, минустарыңды түртіп ал, дұрыс қабылдай біл жəне олармен
жұмыс жаса!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет