Екінші болма



Pdf көрінісі
бет39/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Екіншіден, «нашар кəсіп, не сала болады» деген ойды санаңнан өшір.
Нашар  пəн  болмайды,  нашар  оқушы  болады.  Менеджментті,  заңды  не
экономиканы  оқуың  міндетті  түрде  жеңіске  жеткізбейді.  Есесіне  өзің
қалайтын  кез  келген  сала,  басқалар  дұрыс  бағаламайтын,  менсінбейтін
болса да, жаңа есіктерді ашуы мүмкін.
Өмірдің  өзі  дəлелдеді,  адам  өз  ісін  тапса,  оның  жетістігіне  ешкім
кедергі  бола  алмайды.  Мысалы,  Стамбұлда  Нұсрет  Гөкче
28
 деген
ресторатор  тұрады.  34  жасында  оның  Түркия  мен  Дубайда  бірнеше


мейрамханасы бар.
Жақында  Абу-Дабиде,  Маямиде  тағы  мейрамхана  ашқалы  жатыр.
Оның  жеңіс  жолына  қарасаң,  бес  сыныптық  қана  білімі  бар.  Он  үш
жасында  таныс  қасапшыға  келіп,  «білгеніңді  үйрет»  дейді.  Содан  бастап
еттің  барлық  түрін  зерттейді,  еттің  білгіріне  айналады.  Біртіндеп  сол
төңіректегі белгілі қасапшы болып шығады.
Ол  ет  тағамдарының  мейрамханасын  ашқанда,  бірден  тасы  өрге
домалағаны да содан. Сөйтіп, «Nusr-Et» пайда болды. Өз басым Стамбұлда
осы  мейрамханаға  екі  рет  барып,  кіре  алмай  кеттім.  «Maserati»,  «Ferrari»
сияқты  небір  қымбат  көлікке  мінген  адамдар  кезекте  тұр.  Оған  келген
қонақтардың  арасында  Мадонна,  Кэни  Уест,  Бред  Питт,  Леонардо  Ди
Каприо,  Мануэль  Нойер,  Криштиану  Роналду  бар.  Енді  өзің  ойлашы,  бір
кездегі  кішкентай  қасапшы  баланың  ашқан  мейрамханасы  Стамбұлға
келген  əлем  жұлдыздарының  сұранысқа  ие  орындарының  біріне  айналды.
Оның  құпиясы  неде  деп  таңғалдым.  Байқасам,  өз  саласында  алға  озған
екен.  Етті  пісірудің  шебері  болғаны  сондай,  ол  пісірген  сүйектің  өзін
қасықпен  жеуге  болады.  Міне,  осы  адамға  қарап  қазақша  ет
мейрамханасын ашу туралы идея келді. Əрине, ең бірінші іздеген адамым –
мықты қасапшы. Егер етке икемдің болса, қасапшы болуға кім кедергі?
Досым  Əлішер  Елікбаевтың
29
 facebook-те  жазған  əңгімесі  осы  жерде
есіме  түсіп  отыр.  Əлішер  Елордаға  жол  тартқанда  əпкесінің  пəтеріне
тоқтайды екен. Зəулім сарай емес, кəдімгі орта санаттағы жақсы пəтер, Есіл
өзенінің  оң  жағалауында  орналасқан.  Əлішердің  əпкесі  осы  пəтер  үшін
алған  кредитін  жақында  ғана  жауыпты.  Оның  пəтерін  жинайтын,  үй
тазалаушы  болып  жұмыс  істейтін  əйел  адам  бар.  Ол  таңертең  «MEGA-
Astana»-да өзі тазалайтын бірнеше бутиктің əрқайсысының алдына бір-бір
шелек  су  қойып,  уақытты  үнемдеп,  барлығын  жуып  шығатын.  Ал  сауда
орталығы  ашылған  кезде,  келген  қонақтардың  алдында  шүберекпен,
швабрамен жүруге болмайтындықтан, сол уақытта коттедждер мен үйлерді
тазалап  келетін.  Сауда  орталығы  жабыларға  дейін  қайта  оралып  енді
бутиктерді  емес,  сауда  орталығының  дəліздерін,  эскалаторларын  жуып
шығатын.  Осындай  кестесі  не  қарамастан,  ол  əрдайым  күлімдеп  жəне
қуанып жүреді екен. Туыстарымен бірге пəтер жалдап тұрады, бір бөлмеде
он  адам.  Еңбектеніп,  тірнектеп  ақша  жинап,  Астанадағы  Евразия  деген
ауданнан  бір  бөлмелі  пəтер  сатып  алады.  Ең  жақсы  аудан  болмағанымен,
бастысы  пəтер  алды  ғой.  Бірақ,  ол  адам  пəтеріне  көшпейді,  оны  жалға
беріп,  ал  өзі  əрі  қарай  он  адаммен  жалданған  пəтерде  тұрып,  жұмысын
жалғастыра  береді.  Ақшасын  шашып,  қымбат  мейрамханаларға  немесе
киім-кешекке жұмсамайтын.


Сөйтіп,  жалға  берген  пəтері  мен  күнделікті  тазалаушы  болып  істеген
жұмысынан  түскен  қаражатқа  Астанадағы  Радуга  деген  ауданнан  тағы  да
үш бөлмелі пəтер сатып алады. Жұмысында одан да мобильді болуы үшін,
автокөлік  сатып  алған,  енді  жолға  қоғамдық  көлікпен  көп  уақыт
жұмсамайды,  сондықтан  одан  да  көбірек  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  бар.
Қазір  ол  Астанадағы  ең  беделді  үйлердің  бірі  «Highvill  Astana»  тұрғын  үй
кешенінен  өзіне  пəтер  сатып  алды.  Түсініп  отырсыздар  ма,  Елорданың
шетінде
орналасқан
кішігірім
пəтерде,
Əлішердің
əпкесінің
үй
тазалаушысы  болып  Астанада  үш  пəтері  мен  автокөлігі  бар  адам  жұмыс
істейді.
Адам өзіне ұнайтын нəрсе тапса, онымен табандап айналысса, жеңіске
жетеді. Қазақстанның реалиясында ол мүмкін болатын жайт. Бұл Америка
емес. 200 жылдан бергі бəсеке жоқ бізде. Ал белгілі бір салада жеңіске жете
алмаса,  оған  сала  емес,  адамның  өзі  кінəлі.  Аяқ  киім  тазалаудың  шебері
болып  та,  үй  тазалаудан  да  табысты  болуға  болады.  Үй  тазалаудан
басқалардың  алдына  түсуге  болады.  Мысалы,  америкалық  жалғыз  басты
əйел  Джой  Мангано
30
 еден  жуатын  шүберек  ойлап  тауып,  миллионер
атанды.  Ол  туралы  Дэвид  О.Расселл
31
 «Джой»  деген  фильм  де  түсірді.
Қарап  отырсаң,  мəселе  қандай  салада  еңбектену  емес.  Мəселе  ішкі
потенциалыңызды өтеу, таңдаған салада бірінші болуға тырысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет