Екінші болма



Pdf көрінісі
бет42/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ҮЙPEHУДІ ҮЙPЕНУ
Үрену – жеңіске жету жолындағы тағы бір кедергі. Мойындау керек,
адамдардың  басым  бөлігі  үйренуге  дағдыланбаған.  Оның  себептері  тіл
білмейді,  қалыптасқан  фундаментальды  ой-өрісі  жоқ,  логика  дамымаған,
кітап  оқудың  техникасын  жəне  мидың  жұмыс  жасау  құрылымын
білмейді.
Адамдар,  үйренуге  келгенде  барлығын  білеміз  деп  ойлайды.  Ал  шын
мəнісінде, іске келгенде болмайтын қателер жібереді.
Себебі,  үйренген  жоқ,  үйренгісі  келмейді  де.  Қарапайым  мысал,
Intermet-тен  қажетті  ақпаратты  алу  үшін,  біз  Google-ға  дұрыс  сұрақ  қоя
алмаймыз.
Кез  келген  істі  бастаудың  алғышарты  –  мен  білмеймін  деп  айту,  оны
мойындау. Көп адам «өзім білемін», «өзім істей аламын» деген позицияны


ұстанады.
Қарапайым мысал: Еркебұлан деген досым келіп:
«Қуаныш,  шаңғы  тебуді  үйретесің  бе?»,  –  деді.  Сонда  мен:
«Еркебұлан,  өзіңді  дүниедегі  ең  сорлы  адам  ретінде  сезiндiң  бе?»  –  деп
сұрасам  «иə»,  –  дейді.  Сол  сезімді  бастан  кешкеннен  кейін,  мен  де  оған
шаңғы  тебудi  қуана-қуана  үйреттім.  Көрдің  бе,  бастысы  –  білмейтініңді
мойындау!
Біз  алып  жүрген  білімнің  жарамдылық  мерзімі  екі  үш  жыл  ғана  деп
айтып жүремін. Себебі, заман дамуда, əрдайым жаңару, өзгеру барысында.
Егер  бір  рет  алған  білімімізге  жабысып  қалатын  болсақ,  қаласақ  та,
қаламасақ  та  ол  ескіреді.  Мысалы,  маркетингтен  алған  білімің  толығымен
бес  жылда  өзгереді  деп  айтады.  Осы  уақытқа  дейін  маркетингтің  атасы
атанған  Филип  Котлердің
32
 «4P»  деген  маркетингтің  моделі  бар.  Осы
туралы  жазылған  Котлердің  кітабын  тіпті  «Библия  маркетинга»  деп  атап
кеткен.  Бірақ  уақыт  өте  келе,  «7Р»,  «7E»,  «Experience  marketing»,  тағы
басқалары  шықты.  Енді  Котлердің  моделі  қазіргі  таңда  халыққа  өтпейді.
Сондықтан  біз  бір  нəрсені  үйренбеуіміз  керек,  ал  үйренуді  үйренуіміз
керек.
Менің  ресейлік  «Бизнес  молодость»  жобасына  берген  сұхбатымды
көрген  бір  жігіт,  тренингке  келіп  «Бағаларды  қалыптастыруда  Элияху
Голдраттың
33
 кітабына  негізделдім  дедіңіз  сұхбатта.  Ол  қай  кітап?»,  –  деп
сұрады. Менен естіген жауап, оған ұнамаған шығар, бірақ сабақ болсын деп
көптің  көзінше  айттым:  «Google»-ға  кіресің,  Элияху  Голдратт  деп  тересің,
сонда шығатыны төрт-ақ кітап. Неліктен сол төрт кітапты да оқымасқа?».
Еркебұлан  деген  досымның  «Тандыр  №1»  деген  дəмханасы  бар.
Күніне  800  дана  самса  сатады.  Басқа  дəмханаларда  жалпы  норма  күніне
100-120  дана.  Еркебұланның  жақсы  қасиеті  ақыл  сұрайды,  əрдайым
үйренуге дайын. Қалай айтасың, солай жасайды, басын ауыртпайды.
«Үміткер» реалити-шоуының он екінші бөлімінде үміткерлер панасыз
қалған иттер орталығына қаражат жинайды. Осы орталықтың иелері өздері
іс-шара өткізіп, 59 мың теңге тапқан. Ал біздің үміткерлер шоу барысында
маркетинг,  нейромаркетинг  дегенді  оқып,  айтқан  ақылымызды  тыңдап,
соның  арқасында  бір  күнде  шамалап  алғанда  600  мың  теңге  табады.  Бір
мəселе – панасыз иттер орталығына көмектесу, бірақ, дайындықсыз келген
жағдайда  аз  қаражат  табады,  ал  алдын-ала  ойластырылған,  үйреніп,
дайындықпен келсе, жоғары нəтиже көрсетеді.
Тағы  да,  көбі  үйренбей,  білмей  жатып  бизнес  ашады,  өзіне  сай  емес
қызметке  кіріседі.  Бір  кітаптан  оқығаным  бар  еді,  бір  идея  туғанда,  ол


туралы пікірді үш əйел адам нан сұра. Сонда бұл идеяңның дұрыстығы, не
бұрыстығы айқын болады делінген. Сондықтан да бас салып, ойыңдағыны
жүзеге асыруға асықпа.
Маған  кеңес  сұрауға  70  миллион  теңгесі  бар  бір  жігіт  келді.  Əдетте,
идеялары  бар,  бірақ  қалталарында  500  мың  немесе  1  миллион  шамасында
қаражаты барлар келетін. Ал бұл жігітте идея жоқ, бірақ 70 миллионы бар.
Оған «5 миллион теңгені ал да, өзіңе жұмса, саяхатта, көр, біл, шабыттан»
дедім. Ол оған ақша жұмсағысы келмеді.
«Олай  болса,  кітапханаға  бар  да  «Менде  бизнес  идея  жоқ  болса,
бизнес  идеяны  қайдан  табам»  деген  кітап  сатып  ал»  –  дедім.  Ондай  кітап
жоқ! Жоооқ!
Жаңа  ақпаратқа,  білімге  қабілетсіз  адамдар  болмайды.  Еріншек
адамдар  ғана  болады.  Себебі,  адамның  бəрі  қабілетті.  Мəселе  оны  толық
пайдаланбауда.  Брайан  Трейси  «Достижение  максимума.  12  принципов»
(Maximum  Achievement:  Strategies  and  skills  that  will  Unlock  Your  Hidden
Powers  to  succeed)  деген  кітабында  Стэнфорд  университетінің  зерттеуін
келтіреді.  Адам  өз  миының  мүмкіндігінің  екi  пайызын  ғана  пайдаланады
екен.  Ал  адам  миы  дегеніңіз,  ондаған  миллиард  жасушалардан  тұратын
күрделі  құрылыс.  Ол  секундына  ондаған  фактіні  тіркей  алатын  қабілетке
ие. Кейбір зерттеулер, адам миы жүз триллион сөзге тең ақпаратты сақтай
алады дейді.
Ал осы ғажайып құрылыстың 98 пайызы «жұмыссыз» ұйықтап жатыр.
Өмір – тұнып тұрған мүмкіндік. Міне – істе, міне – дəмін тат, оқы, үйрен.
Үйренуді  үйрену  қарапайым  тақырып  болып  көрінгенімен  көпшілікке
жетіспейтін  дағды.  Үйренуді  үйренудің  кілті  мидың  жұмыс  істеу
механизмдерін  түсінуде,  жад  пен  қайталаудың  рөлін  ұғуда  жатыр.  Бұл
бөлімде халықаралық мамандардың пікірінде теориялық ақпарат қана беріп
қоймай, қарапайым құралдарды да беруге тырыстым.
Адам  миы  ең  күрделі  жəне  толық  зерттелмеген  ағза.  Алайда  оның
құбылыстары  мен  заңдылықтарын  түсіну  ісіміздің  тиімділігін  арттыруға
мүмкіндік береді.
Өзгеше  айтсақ,  үйренуді  үйрену  үшін  миымыздың  қалай  жұмыс
істейтініне, ойлау үдерісінің түрлеріне тоқталайық. Осы бөлім Калифорния
университетінің  докторы  Барбара  Оакли
34
 еңбегінің  негізінде  алған  жəне
пайдаланған өз тəжірибемде жазылды. Барбара ханымның пайымдауынша,
адамда 2 ойлану режимі бар: зейінді жəне шашыраңқы.
Зейінді  режим  –  көңіліміздің  барынша  фокусталған  кезі.  Көбіне  бір
мəселені  терең  ойланған  кезді  білдіреді.  Ал  шашыраңқы  ойлану  режимі
ештеңе  шоғырланбай,  ойдың  кең  не  бос  күйде  болуы.  Əдетте  мəселеге


тереңдемей, үстіртін қарау не ойланумен анықталады. Мысал ретінде ойды
жеміс ағашындағы алма деп алатын болсақ зейінді ойлану кезінде назар тек
бір немесе бірнеше алмада ғана болады. Ойлардың жылдамдығы да жоғары
болады.
Ал  шашыраңқы  ойлану  кезінде  назар  алмада  емес  толық  жеміс
ағашына  ауысады.  Барлық  алмаларды  көрмесек  те,  толық  көріністі
байқаймыз.
Егер  есеп  шығарсаң,  яғни  сандарды  көбейтумен  айналыссаң,  миың
зейінді режимде жұмыс істейді. Өмірде бір проблемаға кездесіп, оны шеше
алмай  жүргенде  миымыз  зейінді  режимнен  шыға  алмай  қалады.  Бұл  өз
кезегінде  миға  кері  əсерін  тигізеді  жəне  үнемі  зейінді  режимді  болу
мəселені шешуге көмектеспейді.
Ешқашан  бір  мəселені  ұзақ  жəне  үзбей  ойланғаннан  шешімі  табыла
салмаған.
Ал  сурет  салу  сынды  іспен  шұғылдансаң  шашыраңқы  режимге
ауысасың. Күнделікті тұрмыстағы серуендеу жуыну немесе ұйықтау сынды
əрекеттер  –  шашыраңқы  режимге  ауысудың  қарапайым  жолдары.  Көп
мəселе шешімін таңда табатыны да осыдан.
Тиімді  жұмыс  істеу  үшін  екеуі  де  маңызды.  Екеуі  тиынның  екі  жағы
сияқты.  Екі  режимді  сауатты  басқара  алған  адам  ғана  ойланудың  шыңын
бағындыра алады.
Не  үшін  екеуін  кезекпен  ауыстырып  отыру  керек?  Себебі,  зейінді
ойлау  кезінде  мида  жаңа  нейронды  байланыстар  орнай  бастайды,  бірақ
қызмет  етпейді  Сол  жаңа  нейробайланыстың  арасында  «ток»  жүруі,  яғни
жаңа  дүниені  қабылдауы  үшін  уақыт  керек.  Ал  уақытты  тек  шашыраңқы
ойлану  режимі  береді.  Бұл  бір  кірпіш  қалаумен  ұқсас  үрдіс.  Бірқатар
кірпішті
қалап
шыққаннан
кейін,
келесі
қатарды
қаламай
тұрып,  арасындағы  цементке  қату  мүмкіндігін  бересін.  Асығып,  уақыт
бөлмей,  кірпішті  үсті-үстіне  қалай  беретін  болсаң,  қабырғаң  ертегінде-ақ
құлап қалады.
Үйрену  үрдісі  де  дəл  осылай  жүреді.  Тиімді  үйренудің  кілті  –
уақыттын  рөлін  түсіну.  Мысалы,  кішкентай  бала  тақпақ  жатағаннан  кейін
бірден  айтып  беруі  екіталай.  Ал,  ертеңіне  сұрасаң,  айта  алу  ықтималдығы
жоғарылайды.  Сондықтан  бүгінде  интервалды  оқыту  немесе  қайталау
(spaced  learning/spaced  repetition)  ең  тиімді  əдістердің  қатарында.
Интервалды  оқыту  дегеніміз  кез  келген  жаңа  дүниені  қабылдауда  араға
уақыт  салып  отыруды  білдіреді.  Мысалы,  жаңа  материалды  үзбей  жəне
қарқынды  2-3  сағат  тоқтамай  айтып  шыққаннан  гөрі,  қысқа  бөлшектерге
бөліп, арасында үзіліс не ойын кіргізіп өткізудің пайдасы зор.


Жад  та  үйрену  үдерісінің  маңызды  элементі.  Біздің  есте  сақтау
жадымыз  өздерің  білетіндей,  екіге  бөлінеді:  қысқа  жəне  ұзақ  мерзімді.
Қысқа  мерзімді  жадты  кейде  жұмыс  жады  деп  те  атайды.  Ғалымдардың
пайымдауынша, біздің жұмыс жадымызда тек 4 бірлікке орын бар.
Біз  соларды  үздіксіз  қайталап  тұрған  кезде  ғана  жұмыс  жадында
сақтай  аламыз.  Мысалы,  7–8  санға  қарағанда  3–4  санды  жаттау  жеңілдеу.
Кейде
кішкентай
балалардың
ойлану
жүйесінің
ерекшеліктеріне
байланысты  жəне  жас  ерекшелігіне  қарай  біз  үшін  қарапайым  заттарды
есте  сақтауда  қиындықтар  болып  жатады.  Дүкенге  кеткен  бала  не  үшін
барғанын  ұмытып  қалып  жатады.  Мəселен,  балада  ұзақ  мерзімді  жад
бірінші,  ал  жұмыс  жады  кештеу  қалыптасатындығында.  Жұмыс  жадын
орташа көлемдегі тақтайша деп елестетіңіз. Ол «тақтайшаға» көп зат жаза
алмайсыз.
Ал  ұзақ  мерзімді  жад  үлкен  (шексіз)  қоймаға  ұқсайды.  Мəселе  тек
қойманың ішіндегі жүйенің не бар, не жоқтығында. Жұмыс жадынан сəтті
өткен  ақпарат  ұзақ  мерзімді  есте  сақтау  жадына,  яғни  қоймаға  аттанады.
Интервалды  қайталау,  яғни  еске  алу  сол  ақпараттың  қоймадағы  орнын
анықтау.  Жиі  қайталанған  сайын  ол  ақпаратқа  апаратын  жол  жақсы
сақталады. Мысалы, бір жаңа материалды меңгергенде ертеңінде, тағы 2–3,
сосын 5-7 күннен кейін, 2 аптадан кейін, 1 айдан кейін жəне осылай араға
уақыт  салып  қайталап  отыру  ұзақ  мерзімді  жадта  жүйе  қалыптастырып,
үйрену тиімділігін арттырады.
Аталмыш  əдіс  шет  тілін  үйренуден  бастап  кез  келген  қарапайым
ақпаратты  қабылдауда  қолдануға  тиімді.  Бір  ақпаратты  бір  күнде  бірнеше
рет қайталау (кішкентай кезімізде өлең жаттауды еске алайық) бұлшық етті
шынықтыру  үшін  бір  күнде  100  рет  темір  көтергенмен  тең.  Нəтижесіз,
тиімсіз жəне үнемді емес.
Шашыраңқы  ойлану  режимін  қосудың  жақсы  амалы  –  жоғарыда
аталған  ұйқы.  Ұйқы  өзінше  бір  арсыз  əрекет  болғанымен,  сауатты
қолданылған  жағдайда  өте  пайдалы.  Зейінді  ойлану  барысында,  яғни  бір
мəселені  қатты  ойланғанда,  не  шешуге  тырысқанда  нейрондардың
арасындағы  құбылыстардан  мида  уыт  (токсин)  бөліне  бастайды.  Осы
уыттың кесірінен нейрондардың арасындағы өткізгіштік қасиеті төмендеп,
ойлану  бəсеңдейді.  Рекорд  қою  мақсатында  бір  тəуліктен  көп  уақыт
ұйықтамаған адамдарда елестер пайда болғанын айтады. Ол да осы уыттың
салдары. Бұл зиянды элементтерден айырылудың жалғыз жолы – ұйықтау.
Біз  ұйықтағанда  мидағы  сұйықтық  сол  уыттан  толық  тазарады.  Ал  қанша
сағат ұйықтау керек екені өзінше бөлек тақырып.
Неге  бүкіл  əлемдік  тартылыс  заңын  Ньютон  ашты?  Біздің  де


басымызға  алма  (не  басқа  зат)  түсіп  жүр  ғой.  Аңызға  сенсек,  бəрі  дəл  сол
алма түскен кезде болды ғой. Неге Менделеевтің кестесін Дмитрий мырза
ашты? Бəріміз күнде ұйықтап жүрміз ғой? Неге Архимед өз заңын дəл суға
түскенде  ашты?  Байқасаң,  көптеген  ғалымдар  өз  жаңалықтарын  зейінді
емес,  шашыраңқы  ойлану  кезінде  ашқан.  Жəне  бір  мəселе,  шашыраңқы
ойланудың  кұр  өзінен  де  пайда  аз.  Себебі,  шашыраңкы  ойланудан  арыла
алмай  жүрген  талай  адамдар  жаңалық  ашып  тастайтын  еді.  Жоғарыда
аталған  жандар  белгілі  бір  мəселені  терең  ойланғаннан  кейін  ғана  дем
алған кездерінде жаңалық аша алған.
Америкалық  өнертапқыш  жəне  кəсіпкер  Томас  Эдисон
35
 да
шашыраңқы  ойлануға  ауысу  кезінде  миға  келетін  шешімді  сақтап  қалу
үшін  отырып  ұйықтаған.  Сонымен  қатар  қолына  ауыр  темір  ұстап  алады
екен. Теледидардың алдында отырып, қалғып кеткенде пульт қолынан түсіп
кеткен кездер болған шығар. Томас мырза да дəл осылай маңызды ойларын
бекітіп отырған.
Мидың  белсенді  жұмыс  істеуі,  ақпараттарды  өңдеуі  нейрондарға
байланысты.  Ғалымдардың  айтуынша,  адам  баласы  есейген  сайын
минутына  56  нейрон  өліп  отырады.  Яғни,  уақыт  өткен  сайын  ми  қабілеті
əлсірей береді. Əрине, ешқандай жұмыс жүргізілмесе. Нейрондарды сақтап
қалудың ең жақсы амалы – жаттығу.
«Versus»  қолданбалы  жетістік  академиясы  Vertex  курсының  аясында
жүргізілген  ең  қиын  тапсырманың  бірі  күніне  10  мың  қадам  жүру  еді.
Көлігі бар, өмірінде қоғамдық көлікке отырмаған адамдар күніне 10 қадам
жүру  арқылы,  яғни  шашыраңқы  ойлану  режиміне  ауысу  арқылы  өздерінің
талай мəселелерін шешкенін айтқан еді. Жоғарыда айтылғандай, жаттығу –
ең оңай амалдың бірі. Vertex курсының қатысушылары бүгінге дейін күніне
10  қадам  жаттығуын  тастамады  деп  сенемін.  Өз  зейінімізді  басқару  –
үйрену үдерісін басқару.
Енді  нақты  техникаларға  көшетін  болсақ,  өзіңмен  помодора  тəсілін
бөліскім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет