4-Бейімделу факторы (С) – олар бір жаққа бару үшін бүге-шігесіне
дейін дайындалатын, бірақ көзге тік қарауға қорқатын, дегенмен, өзінікі
дұрыс екенін білсе, өз дегенінен қайтпайтын адамдар. Негізінен қағазбен
жұмысты жақсы жүргізетін заңгерлер, бухгалтер. Бірақ өздеріне сенімсіз,
ойларын ашық жеткізе алмайтын адамдар. Фактор S жəне С олар бір нəрсе
істесе оны толық зерттеп барып шешім шығарса, қалған екі факторлар
өзгеріске тез үйренеді.
PPL – тұлғаның сұлбалық анализі. Төрт фактор бойынша сипаттама
береді.
Конфликтілік
құбылыстарды
зерттеу
бағытында
К.
Томас
26
конфликтілерге деген дəстүрлі қарым-қатынасты өзгертуге көңіл
бөлген. Оларды зерттеудің алғашқы кезеңдерінде «конфликтілерді шешу»
термині кең қолданылатынын көрсете отырып, Томас бұл термин
конфликтілерді шешу немесе жою мүмкін жəне қажет екенін түсіндіретінін
айтқысы келеді. Осылайша конфликтілерді шешу мақсаты адамдар толық
үйлесімде жұмыс істейтін идеалды конфликтісіз күй болып есептеледі.
Бірақ соңғы кезде конфликтілерді шешу аспектісіне мамандардың
қарым-қатынасы өзгерді. Томастың ойынша, бұл екі жағдайға байланысты:
конфликтіні мүлдем жою мүмкін емесiн саналы түрде түсіну, конфликтінің
жағымды қызметтерін көрсететін əдістемелер санының артуы. Осыдан
автор ойы бойынша конфликтіні мүлдем жоюдан оны басқаруға екпін
жасалуы тиіс. Осыған сəйкес, Томас конфликтіні зерттеуде келесі
аспектілерге назар аудару керек: конфликтілік жағдайларда адамдарға
мінез-құлықтың қандай формалары тəн, олардың қайсысы тиімді жəне
тиімсіз; қалайша тиімді мінез-құлыққа жағдай жасауға болады.
Конфликтілі жағдайларда адамдардың мінез-құлық типтерін бейнелеу
үшін Томас конфликтіні реттеудің екі өлшемді моделін қолдануды
ұсынады. Мұндағы негізгі өлшем – кооперациялар, яғни адамның
конфликтіге қатысушы басқа адамдардың қызығушылығына назар
аударумен
жəне
өз
қызығушылықтарын
қорғаумен
байланнысты
табандылық. Бұл негізгі екі өлшемге сəйкес Томас конфликтіні реттеудің
келесі тəсілдерін бөледі.
1.Басқаның
қызығушылықтарына
зиян
келтіріп,
өз
қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылу ретіндегі бəсекелестік.
2.Бəсекелестікке
қарама-қарсы,
яғни
өзге
адам
үшін
өз
қызығушылықтарын құрбан етуді білдіретін бейімделу.
3.Мəміле.
4.Қашу, кооперацияға ұмтылысының жəне өз мақсаттарына жетуге
үрдісінің болмауы тəн.
5.Бірлесу, яғни қатысушылар олардың екі жақты қызығушылықтарын
толық қанағаттандыратын балама болып келеді.
Конфликтілі жағдайдан қашуда Томас екі жақ та жеңіске жетпейді деп
есептейді. Бəсекелестік, бейімделу жəне мəміле сияқты мінез-құлық
формаларында қатысушылардың біреуі жеңіп, екіншісі жеңіледі немесе
мəмілеге жол бергендіктен екеуі де жеңіледі. Тек қана бірлесу жағдайында
екі жақ ұтыста болады.
Мінез-құлықтың
типтік
формаларын
анықтауға
бағытталған
сауалнамасында Томас конфликтілі жағдайдағы индивидтің мінез-
құлығының бес нұсқасын 12 сөйлеммен бейнелейді. Олар 30 жұпқа
топтастырылған. Олардың əрқайсысынан сұхбаттасушыға оның мінез-
құлқына сəйкес келетін сөйлемді таңдау ұсынылады. Бір қарағанда
жалпылама сияқты көрінгенімен, Майерс-Бриггс тесті бизнесте, басқару,
білім беру саласында, əсіресе, Батыста жаппай қолданыста. Америка
оқушыларының көпшілігі (кейбір деректер бойынша жетпіс пайызы дейді)
болашақ мамандықты анықтарда осы тестке жүгінеді. Көп компаниялар
жұмысқа
қабылдамас
бұрын
ізденушіні
осы
тестен
өткізеді.
Шығармашылық сала дұрыс па, техникалық сала дұрыс па, басшылық
қызметке икем бар ма, бағынушылық басым ба, детальдармен жұмыс
істейсің бе, стратегиялық тұрғыдан ойлайсың ба, миыңның оң жақ
жартысы билей ме, сол жағыма... сол сияқты ерекшеліктерден тұлғаның
портреті анықталады.
Өзіміздің қандай қабілетіміз барын айқындай білуіміз керек. Бұл өте
қиын нəрсе, бірақ, қабілетіңмен бар істі жасасаң, жеңіске жетуің оңайлау.
Өз қабілетіңді анықтағаннан кейін таңдаудың келесі сатысы алдыңнан
шығады. Ол «Саған не ұнайды?» деп аталады.
Айталық менде халық алдында сөйлеу, ұйымдастыру қабілеті бар
дейік. Қандай мүмкіндіктер бар? Жақсы тренер болуым мүмкін, мұғалім,
журналист, бəлкім, имам болуым да мүмкін еді. Осы мамандықтардың
əрқайсысы туралы ойландым, өзімді сынап көрдім де. Тілші болам дедім,
«Алаш айнасы» газетіне мақалаларым да шыққан. Футболдан мектеп
командасында ойнадым, тренер болып та көрдім. Сонда Оливер
Каннға
27
қызығып, қақпашы болам, спортшы болсам деп армандайтынмын.
Мұғалімдікке бейімделіп, колледжде сабақ бердім.
Икеміне қарай қолымнан келеді-ау дейтін дүние көп болады. Он бес,
жиырма кəсіп. Солардың ішінен біреуін таңдау керек. Бұл таңдауға өзіңнің
сезімің негіз болады. Сенің қолыңнан көп нəрсе келуі мүмкін, бірақ оның
бəрі бірдей қуаныш сыйламайды делік. Саған ең көп қуаныш сыйлайтын іс
қана ең үлкен жеңістерге жеткізеді. Бір саладағы жеңіс пен сенің сол
саладағы қызығушылығың тура пропорционалды. Нені қалайсың?
Достарыңызбен бөлісу: |