сауалнама жүргіздік, студенттер колледжге қанша ақшамен келетінін біліп
алдық. Біздің анализ бойынша, студенттер аптасына бес жүз, мың теңге
алып келеді екен. Ал, сол кездегі буфеттегі қызметкерлер «студенттердің
ақшалары жоқ» деген қате пікірде болды. Нарық бар, бірақ нарыққа дұрыс
өнім берілмеді. Ақылды қосу арқылы біз студенттермен бірге буфеттің бір
күндік саудасын отыз бес мың теңгеге, яғни жеті есе көтердік.
Досың келіп, бірге бизнес жасауды ұсынды, сен келістің. Уақыт өте
келе, ішіңде критикалық (сыни) ойлану пайда болады. «Егер жүрмей
қалса», «ақшамнан айырылсам» деген күмəн пайда болады. Осындай
жаман ойға берілудің əсерінен, жақсы идеяң құрдымға кетеді, сөйтіп,
ештеңесіз қаласың,
Біреудің жасап жүрген ісіне, бастамасына міндетті түрде өз ойымызды
қосамыз. Бұл жеңіске жету жолында бізге қатты кедергі жасайды. Себебі,
тек қана сырттан тон пішетін, сынға ғана жарайтын адам болып қала
береміз.
Үнемі біреуге ақыл айтамыз, ал өзіміз еш нəрсе жасауға талпынып та
көрмейміз. Ал сен сынаған адам, пікіріңе қарамастан жеңіске жеткенде, сен
əлі бір орында қалып қойған адам болып отыра бересің. Бірдеңені болса да
қорықпай іс-əрекет жасаған адамда прогресс болады, опық жеп қалса
тəжірибе жинайды. Ал сен қандай болдың, сол күйіңде қаласың. Негізінде,
өмірді көрген, кəсібін дөңгелетіп нəтижеге жеткен азаматтар, біреудің
ойын, идеясын жамандамайды, адамдардың бетін қайтарып, ешқашан
еңсесін түсіруге жол бермейді. Олар «істеп көр» деп айтады. Себебі,
ертеңгі күні ұтылып қалса, минусқа кірсе де, ол адамның көзқарасы, ойлау
қабілеті өзгеретін тəжірибе жинайтыны біледі жəне оны дұрыс санайды.
Кезінде оларға да ешкім сенбеген, ал пікірін қосып, сынағандар көп болған.
Ақыл заңға негізделеді, біліммен жұмыс жасауды талап етеді, ал біздің
«менің ойымша» деп айтқан пікіріміздің 99%-ы қате. Оған қоса, пікір көп
жағдайда субъективті болады, ал бізге объективті нəрсемен жұмыс жасау
керек. Сондықтан біз де ойлануымыз керек, өмір бойы біреудің əрекетіне
сын айтып, жаңсақ пікірге сеніп отырамыз ба, əлде ақылды пайдаланып, өз
өмірімізді өзіміздің қолымызға алып, оны өзгерте аламыз ба? Мəселе
осында.
Достарыңызбен бөлісу: