ТҮCІHУ ЕКІ ҚАДАМНАН ТҰРАДЫ.
1.Қысқа мерзімде жадтағы ақпараттың өзара байланысын, мəнін ұғу.
Біз осыны түсінген кезде ғана олардың арасында берік байланыс орнайды.
2. Сол жаңа орнаған берік байланыстағы
ақпараттар жиынтығының
үлкен жүйедегі орнын түсіну жəне орналастыру.
Мысалмен түсіндіріп көрейін. Көз алдыңа мейрамхананы елестет.
Бəрімізге таныс мысал ғой. Даяшы келіп сенен тапсырыс қабылдады. Осы
кезде даяшының миы зейінді режимде жұмыс істеп тұр. Себебі, ол əр
клиенттің қалауын жеке-жеке жаттап алуы керек. Шатаспауы тиіс.
Даяшылар бұл межеден əдетте сүрінбей өтеді. Сенің берген тапсырысың
оның жұмыс жадында сақталды. Тапсырыс орындалып, ас дастарқанға
жеткізілгеннен кейін жəне сен шотты жапқаннан
соң даяшыдан не
тапсырыс болғанын сұрасаң, жауап бере алуы қиындау. Жұмыс жадында
болған
тапсырыс, ұзақ мерзімді жадта жүйеленбей қалды.
Дəл осындай арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар мұны «Даяшы
феномені» деп атайды. Бүгінгі оқушылардың көпшілігі жəне тек олар ғана
емес, көпшілігіміз осы феноменге шалдығып қалдық.
Ал егер даяшы əр клиенттің болмаса да,
тұрақты клиент
тапсырысының логикасын байқай алса ше... Яғни жұмыс жадындағы
ақпараттың өзара байланысын қалыптастыра алса,
сол клиентке қызмет
көрсету деңгейі айтарлықтай жоғары болатын еді. Даяшылардың «Сізге
əдеттегідей ме?» деп сұрайтынын кинодан көп көріп жүрміз ғой.
Қарапайым тапсырыстар негізінде клиенттің болашақ қалауын анықтай
алатын даяшы маман ретінде өте құнды. Бұл даяшы кейде клиентке
сұрағанын емес, қалағанын бере алуы əбден мүмкін.
Ал даяшының осы
қабілеті – толық көріністі көре алғанында.
Осы бөлім үйренуді үйренуге байланысты тұжырымды екі сұраққа
жауап бере алды деп сенемін. Олар:
1.Не істеу керек?
2.Қалай істеу керек?
Біріншісінде қайталау керек десек,
екіншісіне интервалмен, яғни араға
уақыт салып қайталауды ұсынып отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: