Екінші болма



Pdf көрінісі
бет49/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ЛОГИКАНЫҢ ЛОГИКАСЫ
Белгілі  қазақстандық  ғалым  жəне  қоғам  қайраткері,  физика-
математика
ғылымдарының
докторы

Асқар
Жұмаділдаев
37
:
«қоғамымызда екі нəрсе логика жəне салыстырмалы теория жетіспейді»
–  дейді.  Ойланып  қарасақ,  шын  мəнісінде  еш  нəрсені  қиындатпай,
барлығын  логикаға  салатын  болсақ,  өмір  біз  ойлағандай  қиын  болмайтын
еді.  Біз  өзіміз  оны  тым  қиындатып  жіберуге  құмармыз.  Оның  мысалын
«Versus»  академиясына  білім  алуға  келетін  адамдардың  көпшілігінен  көре
аламын.  Олар  үйренуге  келген,  жауабын  таба  алмай  жүрген  сұрақтарын
жай ғана логика мен ақылға салса, шешімін оп-оңай табар еді. Логикалық
ойланбауымыздың  басты  себебі  –  бала  кезден  біздің  орнымызға  шешім
қабылдағанына,  біз  үшін  барлығын  ата-анамыздың  ойлап  қойғанына
үйренгенбіз.  Жалпы  статистика  бойынша  дүние  жүзіндегі  адамдардың
2%-ы  ғана  ойлана  алады,  ал  3%-ы  «ойлана  аламын»  деп  ойлайды  екен,
қалған 95%-ы мүлдем ойланбайды.
Ресейде  «Магнит»  деген  үлкен  азық-түлік  дүкендер  желісі  бар.
Олардың  иесі,  Краснодар  қаласының  тумасы  –  Сергей  Галицкий
38
 –
Мəскеуде  тұрмай-ақ,  Ресейдегі  миллиардерлердің  қатарына  кірген  адам.
Олег  Тиньков  өзінің  «Бизнес  секреты»  деген  бағдарламасында:  «Cіздің
ерекшелігіңіз  неде?  Неге  сізбен  бір  аулада  ойнаған  балалар  жеңіске
жетпеді, ал сіз миллиардер болдыңыз?», – деп сұрайды. Сергей Галицкий:
«Мен  де  ұзақ  ойландым.  Түсінгенім,  бізде  адамдардың  көбісі  логикалық
ойлап  дағдыланбаған.  Егер  олар  логикалық  түрде  ойланатын  болса,  кез
келген адам жеңіске жетер еді» – деп жауап береді. Миллиардер мен əйгілі
математик  бір  мəселені  айтуда.  Логикалық  түрде  ойлау,  жасау  дегеніміз  –
барлығын кезегімен, рет-ретімен жəне дұрыс нəрсені дұрыс жасау.
Ал  бізде  адамдар  дұрыс  емес  нəрсені  дұрыс  жасауға  құмар.  Мысалы,
темекіні  əдемілеп  шегеді,  арақ  ішкенде  тіскебасарларын  дайындап  қояды,
оған бір маңызды ритуал сияқты қарайды.


Ал негізінде, барлығын логикаға салып, дұрыс нəрсені дұрыс жасасақ,
біз  көптеген  сұрақтарымызға  жауапты  да  табамыз,  көшіміз  алға  жүріп,
табысқа  да  жетеміз,  өзімізді  де  дамытамыз.  Шынында  да,  өмірдегі  іш
пыстырарлық қызық емес нəрселер, ол – пайдалы нəрселер. Таңертең ерте
тұрып  жүгіру,  ойлану,  дұрыс  тамақтану,  кітап  оқу  іш  пыстырады,  бірақ
пайдасы зор. Ал түнгі клубқа бару дұрыс емес нəрсе, бірақ біздікілер оған
ұйқысын қиып барады, тамақты талғап жеймін десең, таңдау үлкен.
Сондықтан  да  өмірдің  барлығы  осындай  логикалық  ойлаудан,
таңдаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет