АРМАНДАУ ЖƏНЕ ҚИЯЛДAУ АСПАННАН ТҮСЕТІН НƏPСЕЛЕР ЕМЕС Бізде қазақта «ұят» деген сөз бар. Соның кесірінен көпшілігіміз ұятқа қалудан жəне ұялудан қорқамыз. Ал осы ұялу бізге армандауға кедергі жасайды. Армандаудың несі жаман? Ол үшін ақша, салық төлемейміз, кез келген
жерде, кез келген уақытта армандаймыз. Өкініштісі, адамдардың көбі өз
армандарынан өздері қорқады. Керемет ойға батып, барлығына қол
жеткізуді қалаймыз, ал шын мəнінде белгілі бір жеңіске жетпеген соң,
қиялға беріліп, армандаудан қорқамыз.
«Rumi»-ді ашпай жатып, бизнестегі серіктесiм Айдос Телжанмен көп
армандайтынбыз, оны кітаптың алғы сөзінде де жазғанмын. Оннан аса
мейрамханамыз болады, нарыққа енгізетін жаңалықтарымызды, бізде
жұмыс істейтін қызметкерлердің қандай болатынын, барлығын да
ойластырып, қиялға берілетінбіз. Ал осы екі жарым жылда өз
армандарымыздан алда келеміз. Інім Дархан мырза – «Rumi»-дің атқарушы
директоры: «Қуаныш, армандамай тұра тұршы... Сенің ойыңа бірдеңе
келсе, міндетті түрде біз оны жүзеге асырамыз. Бірақ күте тұршы,
шаршадық, мына он мейрамхананың тірлігін бітіріп алайық», – дейді.
Шынында жоспарларымның, армандарымның барлығы орындалады
жəне əлі де армандаудан қорықпаймын. Керісінше əр ұсақ-түйегіне дейін
ойластырамын, елестетемін. Оны Батыста визуализация деп атайды.
Өзіңнің образыңды, компанияңды елестетесің, қандай болатынын
армандайсың. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыға белгі жібересің. Байқағаным,
армандаудан, қиялдаудан қорықпау керек, олардың көбі орындалады, өзім
де соның дəлелімін!