Екінші болма



Pdf көрінісі
бет67/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127
ТАРАУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ
КІТАПТАР
МЕН
ФИЛЬМДЕР


ТІЗІМІ:
•«Партнеры с MBA» фильмі
•«Форс-мажоры» сериалы.
•Дэвид  Стивенсон.  «Лайфхаки  богатых  людей.  50  способов
разбогатеть».
VI TAPAУ
БҮГІНГІ КҮН – КЕШЕГІНІҢ БАЛАСЫ
ОКОП – ЖЕҢICKE ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ
Түркиядан  оралған  соң  біраз  қиналдым.  Бірнеше  кəсіп  аштым,
жүрмеді.  Сəтсіздікке  ұшырап,  банкрот  болдым.  Мұғалім  болып  жұмыс
істедім,  маған  қатты  ұнағанымен,  ол  жерде  де  сыйдырмады.  Сол  кезден
бастап  үш  жылдай  өзім  үшін  үзіліс  алдым.  Ол  кезеңді  «окоп»  деп
атаймын.  Кітап  барысында  да  бірнеше  рет  айттым,  «Rumi»-ге  дейінгі
сегіз  жыл,  ол  үлкен  жеңіске  апарар  жолдағы  дайындық  кезеңім  –  окопта
жатқан кезім болды.
Егер
үлкен
жеңістерге
алдын
ала
дайындалмағанымда,
қателіктерімнен сабақ алып, өзімді дамытпағанымда, кітап оқымағанымда,
аяғына нық тұрған бизнестің негізін қалаушы бола алар ма едім? Əрине, он
мейрамхана  ашқан  соң  да,  енді  барлығын  білемін,  кереметпін  деп
айтпаймын.  Біз  де  күнделікті  қателік  жібереміз,  жаңадан  үйренеміз,  тың
идеяларға
назарымызды
аударып,
жаңа
белестерді
бағындыруға
дайындаламыз. Бірақ, окоп кезеңінің орны бөлек. Дайындалу өте жақсы іс,
оның алып келер пайдасы зор. Енді, бизнеске қатысты мысал келтірсем бе
деп  отырмын.  Адамдар  үшін  бизнес  бастау  оңай  көрінеді,  сондықтан  да
олар  ақшасын  алып,  ойындағысын  жүзеге  асыруға  асығады,  бірақ
сəтсіздікке ұшырайды. Себеп – дайындықтың жоқтығы.
«RUMI GROUP»-тың оныншы мейрамханасы «Dala»ны ашпас бұрын,
өте көп іздендік, төрт елді аралап келдік (Грузия, Əзербайжан, Түркия жəне
Ресей). Олардың қателіктерін қайталамас үшін, ұтымды идеяларын өзімізде
қолдану  үшін,  ет  тағамдарын  жасау  ерекшеліктерін,  мейрамханаларының
жұмысын  қарастырып,  таныстық.  Дайындық  кезеңінде  өз  ерекшелігіңді
іздейсің.  Менің  жағдайымда,  нəтижесінде  дəмді  палауымен  аты  шыққан
«Rumi», ет тағамдарына негізделген «Dala» мейрамханалары бар.
Дайындық  кезеңінен  өтіп,  жеңіліс  тапқан,  банкрот  болған  адамдарды
əлі  күнге  дейін  көрмеппін.  Себебі,  окоптан  өткен  адамда  барлығы  да


ойластырылған,  шешімдері  ақылмен,  анализбен  қабылданған,  форс-мажор
жағдайларда қалай əрекет ететінін олар біледі.
Алдыңғы  бөлімдерде  досым  Еркебұланның  «Тандыр  №1»  наубайхана
бар деп жаздым. Еркебұлан бұл кəсіпті бастамас бұрын Өзбекстанға барып,
Ташкент,  Самарқанд,  Бұқараны  аралап,  самса  дайындаудың  түрлі  əдіс-
тəсілдерін  үйренді,  əр  түрлі  қоспаларын  іздестірді.  Қазір  ол  күніне  сегіз
жүз дана самса сатады жəне тағы бір дəмхана ашуға дайындалуда.
Бірде-бір  мейрамхананы  дайындықсыз  аша  алмайсың,  сол  сияқты
өмірде де дайындықсыз еш нəрсеге қол жеткізе алмайсың.
«VERSUS»  академиясына  бизнесін  бастаған,  бірақ  дамуына  көңілі
толмай  жүрген  кəсіпкерлер  келеді.  Біз  оларға  үш  айлық  «окоп»  кезеңін
жариялаймыз. Бұл уақыт аралығында олар түрлі мамандардан дəріс алады,
кітап  оқиды,  фильмдер  қарайды,  образ  іздейді,  адыраспандарымен
күреседі,  барьерлерді  жеңеді.  Олардың  арасында  барлық  бизнестерін
сатып,  жаңадан  кəсіп  бастайтындар  немесе  толығымен  өзгертетіндер  де
бар.  Үш  айдың  ішінде  олар  түбегейлі  өзгеріп,  кəсіпкерлік  көзқарасы
қалыптасқан адам болып шығады.
Кейбір азаматтарға үш айлық жеке коучинг өткіземін.
Осы уақыт аралығында мен олардың менторы ретінде тұлғалық дамуы
мен кəсібінің дамуына көмек көрсетемін.
Үлкен  жеңісті  қаласаң  бизнесте  де,  өмірде  де,  окоп  кезеңі  өте
маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет