Мысалы, Дарси Резак
46
«Связи решают все. Правила позитивного
нетворкинга» (Use the Power of Positive Networking
to Leap Forward in Work
and Life) деген кітабында керек адамдармен қарым-қатынас орнатуды
«шмузинг» деп атайды. Жаңа орынға бір адам керек еді дегенде
басшылықтағы адам алдымен өзі білетін адамдардың арасынан сəйкес
үміткерді іздей бастайды. Содан кейін қарамағындағыларға айтады. Олар
да алдымен өздері білетін адамды іздей бастайды. Егер сен өз салаңдағы
үздік маман болсаң, міндетті түрде сені еске алады. Сенімен жұмыс істегісі
келеді. Бірақ егер сен өз жұмысын тыңғылықты істейтін, мүмкін
шынында
да үздік, бірақ ешкіммен араласпайтын, ылғи көлеңкеде жүретін адам
болсаң, жолыңның болып кетуі неғайбыл. Ылғи да жаңа адамдарды, жаңа
энергияны топтастыра біл жəне ол дұрыс адамдар болуы керек. Адам нені
тұтынса, соған айналады. Адам кіммен араласса, соған ұқсап кетеді.
Ылғи да шағымданатын, біреулерді қарғап сілейтін, «жоқ», «жаман»
дегеннен басқаны айтпайтын
адамдармен аралассаң, өзің де сондайға
айналасың. «Бар», «жетеді» десең, болады да, жетеді де. Ол үшін бəрі бар,
бəрін жеткізетін, табысты, оптимист адамдармен дос бол. Жаңа мекемеге,
егер онда атмосфера дұрыс болмаса, жұмысқа тұрмай-ақ қойған абзал.
Сенің ортаны өзгертемін дегенің неғайбыл. Орта сені өзгертеді.
Сондықтан
көңіл-күйі көтеріңкі, жоспарлары айқын, ертеңгі күннен тек жақсылық
күтетін, амбициясы жоғары ортада жүр, жұмыс істе, демал. Өзіңе жасай
алатын ең үлкен сыйлығың – осы.
Өйткені ортаң саған бейсаналы түрде əсер етеді. Саған қажет емес,
уақытыңды
өлтіретін,
ешқандай
позитив
бере
алмайтын,
алға
жылжытпайтын орталардан қаш. Ешкімге де
өмір бойы шағымын тыңдауға
уəде берген жоқсың. Сенің өмірің – тым бағалы.
Коммуникациялық қабілет адамның қызметінің сапасына əсер етеді.
Қай салада болсын. Мысалы, «Rumi»-де автоматизация менеджері бар. Ол
осы қызметтегі бесінші адам. Бірақ ол өзіне дейінгі төрт адамды
қосқандағыдан үш есе көп жобаны іске асырды. Мəселе мынада, бұл
менеджердің коммуникациялық мүмкіндіктері өте жоғары. Соның
арқасында ол жобаларына ақша бөлдіре алады.
Басшылықты қайсыбір өзгерістердің қажеттігіне сендіре алады.
Мұның
бəрі
ойын
жеткізе
алатындығынан.
Адам
табиғатынан
коммуникативті жаратылыс. Біз үшін бұл соншалықты қиын дүние емес.
Қиынырағы, қарапайым адами қарым-қатынастардан жұмыс орнындағы
арақатынастарға дейін, дұрыс коммуникацияның шегін білу. Əсіресе біздің
менталитетімізбен.
Коммуникацияны екі категорияға бөлуге болады.
Бірі, жалпы мінездің ашықтығына келеді. Өміріңе жаңа адамдарды
қосуға дайын болу. Мұның мəні, «əлсіз байланыстар» деп аталатын
таныстар нетворкингі адамның өсуіне көбірек ықпал ететіні.
Екіншісі, өз
қызмет
салаңдағы,
біліміңді,
мүмкіндіктеріңді
өсіретін
«керек»
байланыстарды қалыптастыру. Сондай-ақ Internet желісі осы екеуінде де
құрал ретінде пайдаланылады.
Егер адамдармен байланыс орнатуда қиындықтарға кездесер болсаң,
коммуникациялық қабілетті арттыратын лайфхактар ұсынғым келеді.
Соның алғашқысы –
күлімдеп жүру. Күлімдеу мен жымию қандай
магнит екенін бəрі біледі, бірақ мəн бере бермейді. Рон Гутман
47
«The
Hidden Power of Smiling» деген дəрісінде күлкінің адамның денсаулығын
көтеріп, ұзағырақ жасауына септесетіні туралы сараптамасымен бөліседі.
Жəне күлімдеу мен жымию адамды тартымдырақ,
көріктірек қана емес,
өзіне сенімдірек жəне компетенттiрек етіп көрсетеді дейді оның зерттеуі.
Табысты адамдар көбінде күлімдеп жүреді немесе күлімдеп жүретін
адамдар табысты болады. Бұл екеуінің арасында «жұмыртқа ма, тауық па?»
деген сияқты ажырағысыз байланыс бар. Өзіңізді басқара алатын ересек
адам болсаң, əлеуметтік ортада өзіңе де, өзгеге де жағымды атмосфера
қалыптастыруға тырыс. Бұл – адамдардың саған деген ықыласын
арттыратын алғашқы шарт.
Екінші,
Достарыңызбен бөлісу: