Екінші болма


ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН АДАМДАРДЫҢ ОРТАҚ ТҰСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет66/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН АДАМДАРДЫҢ ОРТАҚ ТҰСТАРЫ


Менің ойымша, бұл өмірде кез келген адам жеңіске жеткісі, белгілі бір
белестерді  бағындырғысы  келеді.  Бірақ,  адамдардың  неден  бастайтынын
білмеуі,  нақты  стратегияны  құрмауы  оларға  кедергі  келтіреді.  Себебі,
олардың алдында нақты қалыптасқан бір образ жоқ.
Егер  сен  жеңіске  жеткiң  келсе,  басыңды  ауыртып  не  қыласың?  Саған
дейін  көп  нəрсеге  қол  жеткізген  табысты  адамдар  бар  емес  пе?  Олар
айналамызда бізді қоршап жүр, сенің танысың болмаса да, досыңның досы,
танысыңның  туысы,  бірақ  ондай  адамдар  бар.  Неге  сол  адамдармен
таныспасқа?
Енді  ғана  ауылдан  қалаға  қарай  бет  бұрған  немесе  жаңадан  кəсіп
бастаған  стартапер  болсам,  жеңіске  жеткен  адамдарды  тауып  алып,
олардың тренингтеріне барып, сол ортаны зерттейтін едім.
Internet  қазіргі  таңда  қолжетімді,  күлкілі  видеоларды  қарағанша,
осындай  табысты  адамдардың  берген  сұхбаттарын  қарап,  олардың  бұндай
дəрежеге  жету  жолын  біліп  алар  едім.  Өйткені,  ондай  адамдардың  ішінен
кімге  ұқсағың  келетінін  анықтап,  өзімізге  ұнайтын  образ  тауып  алуға
болады.
Қазіргі  заманда  велосипед  ойлап  табудың  керегі  жоқ,  себебі,  қажет
ақпараттың  барлығы  Internet-те  бар,  технологиялар  дамыған.  Оқы,  үйрен,
сол  адамның  əдеттерін,  əрекеттерін  қайталай  баста.  Əрине,  бірден  үлкен
жеңістерін  қайталай  алмаймыз,  сол  үшін  кішкентайларынан  бастауымыз
керек.  Шаш  үлгіңді  өзгерт,  тура  сол  адамдыкіндей  киім  алмасаң  да,  соған
ұқсас стильде киін, сөйлеу мəнеріңді өзгерт, жаңа көлік сатып ал. Осындай
майда  жеңістер,  өзгерістер  бізге  іштей  сенімділік  сыйлайды,  олар  бізді
үлкен жеңістерге жетелейді.
«Ықыластың  өзі  көзбояушылықтан  басталады»  деген  бар.  Мысалы,
адамдардың  көбі  ораза  тұтқысы  келмейді,  бірақ  бұл  –  бес  парыздың  бірі.
Ораза ұстағаннан кейін, дұрыс жолда жүргеніңді түсінесің.
Жаңа  жұмыс  орнына  барып,  өзің  үшін  жаңа  саланы  меңгерудесің
делік.  Басында  қиын  соғуы  мүмкін.  Бірақ  осы  жерде  шыдап,  əрі  қарай
дамып  кетсең,  өз  ісіңнің  шебер  болып  шығасың,  ал  жарты  жолда  қалып
қалсаң,  жеңілістің  дəмін  татасың.  Бұл  дегеніміз,  жеңіске  жеткен
адамдардың  барлығы  да,  ауыр  кезеңдерден  өтіп,  пісіп-жетілген  адамдар.
Олардың  жолын,  қылықтарын  қайталап,  сен  де  өзіңді  жеңіске  бір  қадам
жақындатасың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет