білу деген өте маңызды қасиет. Игорь Манн бұл қасиетті дамыту үшін
жаттығу жасауды ұсынады. Алдымен, танысыңа, досыңа не əйтеуір жақын
адамыңа бес сұрақ қоям деп ескертесің. Шын мəнінде
өзің жалғыз сұрақ
дайындайсың. Келесі төрт сұрақ туындау үшін оны құлақ қойып тыңдай
түсетінің анық.
Жөн-жосықсыз сынамау. Дейл Карнеги
49
«Как приобретать друзей и
оказывать влияние на людей» (How to Friends and Influence People)
деген
бестселлерінде өте жақсы ой айтады. Өзгені сынау кемшілігін көрсетудің
түбінде көп
жағдайда өзін көтермелеу, өз бағасын арттыруға талпыныс
жатады. Ал бұл – қарым-қатынастағы ең қауіпті нүкте.
Өзіне сенімді адам
өзгелердің кемшілігі арқылы өз бағасын көтермейді. Оларға кешіріммен
қарайды, байқамауға тырысады.
Керісінше, пікірлесінің мерейін асырып,
жамандығын
жасырып, жақсылығын асыруға тырысады. Сонда ғана
өзгенің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленуге болады. Кавасаки: «Уақыт
өте келе жай ғана үнсіз қалуды үйрендім. Солай
ғана ситуациядан жеңімпаз
болып шығасың» – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: