Екінші болма



Pdf көрінісі
бет75/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Тыңдай  білу  маңызды.  Адам  сөйлегенде  бөлмей,  өз  пікіріңді
тықпаламай, сынамай, қарсы болмай, адамның ойын ақырына дейін тыңдай


білу  деген  өте  маңызды  қасиет.  Игорь  Манн  бұл  қасиетті  дамыту  үшін
жаттығу жасауды ұсынады. Алдымен, танысыңа, досыңа не əйтеуір жақын
адамыңа  бес  сұрақ  қоям  деп  ескертесің.  Шын  мəнінде  өзің  жалғыз  сұрақ
дайындайсың.  Келесі  төрт  сұрақ  туындау  үшін  оны  құлақ  қойып  тыңдай
түсетінің анық.
Жөн-жосықсыз сынамау. Дейл Карнеги
49
«Как приобретать друзей и
оказывать  влияние  на  людей»  (How  to  Friends  and  Influence  People)  деген
бестселлерінде  өте  жақсы  ой  айтады.  Өзгені  сынау  кемшілігін  көрсетудің
түбінде  көп  жағдайда  өзін  көтермелеу,  өз  бағасын  арттыруға  талпыныс
жатады. Ал бұл – қарым-қатынастағы ең қауіпті нүкте. Өзіне сенімді адам
өзгелердің  кемшілігі  арқылы  өз  бағасын  көтермейді.  Оларға  кешіріммен
қарайды,  байқамауға  тырысады.  Керісінше,  пікірлесінің  мерейін  асырып,
жамандығын  жасырып,  жақсылығын  асыруға  тырысады.  Сонда  ғана
өзгенің  құрметі  мен  сүйіспеншілігіне  бөленуге  болады.  Кавасаки:  «Уақыт
өте келе жай ғана үнсіз қалуды үйрендім. Солай ғана ситуациядан жеңімпаз
болып шығасың» – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет