Екінші кітап Есте қалғандар



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Өзбекәлі Жәнібеков Тағдыр тағылымы

іш
кі қаладан
(Шаһристан); қүрамында 
маманданған шеберханалары, үстаханалары, қүмдандары, базар- 
лары, моншалары, мөлтек мешіттері болатын қарапайым халық 
пен қолөнершілер түрағы — 
піысқы қаладсш
(рабад) түрған. 
Отырардың негізгі сутартқышы да осы бөлігінде болған.
Соңғы ортағасырларда қаланың Хан сарайы орналасқан 
орталығы мен ішкі қала бірігіп кеткендіктен түрғын жайлары 
шектен тыс тығыздалып, бірыңғай бекіністі қамалмен қоршал- 
ған. Сөйтіп, қазіргі қүландысы 20 гектардай жерге жайылып


жатқан, ғылымға Отырартөбе деген атпен белгілі қала орталығы 
бірегей тәртіпке келтірілген. Бұл әрине қаланың бекіністі орта- 
лығы (цитаделі) ғана. Оған қарап Үлкен Отырарды көзге елес- 
тетуге болмайтын сияқты. Қала орталығының тығыз орналасқа- 
ны сонша, жүлгерлерімен кішігірім арба да өте алмайтын 20 
гектар жөрге қаланың бас әкімі Қайырханның қарауындағы 60 
мың қолы жатар орнымен, бүкіл қару-жарағымен, мінетін атта- 
рымен түгелдей сыйып, жарты жыл бойы қаланы қоршаған 
жауға қарсы түра алды деудің қисыны тағы жоқ. Отырартөбе 
қаланың басқа бөліктерімен салыстырғанда тып-типыл болма- 
ғандықтан, оның қорғанысына өз түрғындары қатыспапты-мыс 
деп (қайсы бір зерттеушілер осындай пікір айтып жүр) жора- 
малдаудың да ыңғайы бола қояр ма екен? Егер қала халқы алты 
айға созылған ерлік қорғанысқа қатыспай, қол қусырып отыра 
берген болса, Отырартөбені қоршай 170— 180 гектар жерді алып 
жатқан қарапайым халық пен қол өнершілер мекендеген тысқы 
қаланың (рабадтың) XI—XII ғасырларда тұрғызылған және кей- 
іннен жаңғыртылған бекінісінен биіктігі 3—5 метрдей, ені 20— 
25 метрдей болып келетін жалдар ғана қалғанын немен түсін- 
діруге болады?
Бәлкім, Отырартөбе аумағында қаланың ерлік қорғанысы- 
ның соңғы айы өткен болар.
Археологтардың айтуына қарағанда, Отырардың кез келген 
жауға қарсы тұра алатын берік қамалы, айнала қазылған терең- 
дігі екі метрдей, ені 10— 15 метр болып келетін сулы ор үстін- 
дегі аспалы көпірлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар 
арқылы жүрт қаланын орталығына шыға алады екен. Ақша 
соғатын кәсіптің, қаланың бестен төртіндей бөлігін алып жатқан 
қарапайым халық пен қолөнершілер тұрағының, су құбырлары- 
ның, нәжіс жүйесінің болғаны мүндағы қала өмірінің кемелден- 
ген шағында астаналық сыйпатта болғанын аңғартады.
Отырардағы суландыру жүйесі отырықшы қазақтағы сияқты 
оның «атыраулық» түріне жататындықтан өзен арнасын, оның 
жанама сай-салаларын бөгеп «реттеу» арқылы жиналатын суды 
арықтармен егістікке таратып әкетуге негізделген. Кішігірім 
бақшалықтар көктемгі тасқын су жайылатын көлшіктердің ыл- 
ғал жинайтын үлтанына да орналастырылатын болған. Оқсыз 
бен Мейрамтөбеде оманарықтардың1' реттелген егістіктің, қара- 
бурамен буылатын тоғанның, шығыр қондырғыларының ізі та- 
былғаны Отырардағы егіншілік мәдениетінің деңгейі жоғары 
болғанын көрсетеді.
Ж азба деректер де, археологиялық зерттеулер де Отырар 
халқыпың күріш, тары, бидай, тағы басқа азықтық дақылдар
‘Магистральды каналдардың — деген магына береді. 
110


егіп, мақта өсіргенін, жүзімдікпен, бау-бақшамен айналысқанын 
көрсетті.
Моңғол шапқыншылығымен байланысты қала өмірінің қүлды- 
рауы Отырардағы суландыру жүйесінің істен шыға бастауына 
әкеліп соққанымен, XV—XVI ғасырларда Сыр бойындағы саяси 
өмірдің түрақталуымен егіншілік қайта жандана түскен. Осы 
түста диханшылықпен, қол өнерімен, сауда-саттықпен айналыс- 
қан отырықшы қазақтың саны көбейе бастаған. Әйтсе де XVII 
ғасырдың екінші жартысына қарай дендей бастаған жаугерші- 
ліктің зардабынан Отырардағы суландыру жүйесі бірте-бірте 
қысқара берген.
Ел аузында тым асыра айтылған десе де болатындай Отырар- 
дан Түркістанға, Сайрамға дейін алып баратын жер асты жолы 
жайында аңыз сақталып қалған. Археологиялық қазба жүмыста- 
ры мүндай үңгірдін болғанын дәлелдейді. Бірақ ол аңыздағыдай, 
45— 100 шақырымдай қашықтықтағы қалаларға апаратын жер 
асты жолы емес, ескі су бөгемінен қаланың орталығьша қүпия су 
қүбырын өткізу үшін пайдаланылған үңгір болса керек.
Өкініштісі, қанасының өн бойымен екі қатар су қүбыры 
тартылған үңгірдің жиырма метрлік бөлігінің ғана сақталғаны. 
Осыған қарағанда, ел басынан кешкен қиын-қыстау кезеңд,е 
қала халқы қүпия су құбырын түгелдей тартып үлгіре алмаған- 
дықтан, қаланың орталығынан сыртқа шығып кетуге болатын­
дай етіп қазылған ж ер асты жолын жаудың қоршауында қалған 
жүртты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланған ж оқ па 
екен деген де ойға қаласың. Ж ер асты жолы жөнінде өзге 
мағлүмат әзірше жоқ.
Қолда бар мәліметтерге, әсіресе тарих ғылымының докторы, 
шығыстанушы ғалым Мүқтархан зерттеген қытай деректеріне 
қарағанда, алғашқы отырықшы қоныстар бүл өңірде осыдан 
кем дегенде екі мың жыл бұрын Қанғұй этносаяси бірлестігінің 
'негізінде пайда болған. 6 тайпадан, 12 рудан құралған қанғұй- 
лардың бір бөлігі біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасырдың 
екінші жартысында Фергана аңғарынан солтүстік батысқа қа- 
рай ығысып, Сыр бойы мен Қаратау аралығында бірыңғай 
шаруашылық-мәдени кеңістігін қүраған.
Күшейе келе, қанғүйлардың билігі Каспий теңізінің солтүстік 
жағалауына дейін тараған. Қанғұй негізінен малшы ел болғаны- 
мен оның қалалары мен отырықшы-егінші қоныстары да бол­
тан. Алайда олардың қайсысы мемлекет астанасы болды деген 
сүраққа келсек, нақтылы жауапты өзімізге белгілі Білгеқаған, 
Күлтегін көнетүркі жазуларынан табамыз. Бүл тасқа қашалған 
жазулардан түркі қағандығының батыстағы шегі ретінде Сыр- 
дың орта ағысына орналасқан өзімен аттас астанасы бар Канһу 
Тарбан мемлекет бірлестігі көрсетілген.
ill


Белгілі орыс тарихшысы, шығыстанушы ғалым А. Н. Бернш- 
там қаңғүйларды түркі тілдес халық болған десе, қайсы бір 
авторлар Сыр бойына қоныс аударуына байланысты түркі тай- 
паларының ықпалымен тұрпаты мен тілін өзгерткен Солтүстік 
Иран малшыларына жатқызады.
Қаңғұйлар алғаш қоныс тепкен Арыс өзенінің Сырға құяр 
тұсында Қаратау аңғарларынан нәр тартатын Бөген, Боралдай, 
Шаян, Арыстанды өзендерінің атырабын қамтитын, батысында 
Қызылқүммен, солтүстік шығысында Қаратау жотасымен шек- 
телген бұл алқап ғылымға Отырар жазирасы (оазисі) деген атпен 
белгілі.
Аталмыш алқап пен оның бас қаласы Қанһе, Қанһу Тар- 
бан, Ф араб, Тұрарбанд, Тұрар, Отырарбенд, Отырар болып, 
әр түрлі атпен қатар аталып келген. Мұның басты себебін 
ж иһан кезген саяхатшылардың, саудагерлердің жергілікті ха- 
лықтың тарихынан беймәлім болып келетінін былай қойғанда, 
тілін білмеуінің салдарынан ж ер-су, ел атауларынан өзінің 
үққандарын бүрмалап айтып, бүзып жазуында деп шамалауға 
болады.
Бәлкім, бүл VIII ғасырда Сырдың орта ағысында тәуелсіз екі 
аймақтың — Фараб пен Отырардың болғанымен де байланысты 
болар. Оның біріншісі Сырдың сол жағалауында Фарабта (Уәсіж, 
Оқсыз), Әбу Нәсір әл-Фарабидің (870—950) туған жерінде болса 
керек. Ал екіншісінің Сырдың оң қанатында, өзімізге белгілі 
Отырарда орналасқаны даусыз. Алайда, көп ұзамай бұл екеуі 
біріккеннен кейін де, бастапқы екі түрлі атауын сақтап қала 
берген. Біріккен аймақтың басты қаласы да Фараб, Отырар деп 
екі түрлі аталып келген.
Ежелгі қанғүй астанасының Отырардың ізашары болғаны да 
ғылыми түрғыдан дәлелденген. О бастағы Қанһу Тарбан (Оты­
рар) тек ж азба деректерден ғана емес, археологиялық қазба 
зерттеулерінен де мәлім. Ол кездегі қала сәулетінің деңгейін 
Қүйрықтөбедегі археологтар ашқан сарайдың қалдығынан да 
көруге болады. Биіктігі он метрден астам үйіктің үстіне тұрғы- 
зылған бүл ғимарат айналма дәлізбен қоршалған салтанатты 
залдан, қонақжай мен тұрмысқа қатысты басқа да бөлмелерден 
түрған. Салтанатты залдың бүғатына ағаштан шекіп, бояумен 
толықтырылған қүр берілген. Онда құда түсу, үйлену салтана- 
ты, кептеуіл-садақшылар, қайсыбір құбыжық бейнелер, төрт 
қолды қүдайдың тақта отырған кескіні бейнеленген бекініс 
бүрышгама мүнаралары бар қамалмен қоршалған. Шамасы бүл 
осындағы қоныстың жүлдегерлерін тарататын әкімнің қала сыр- 
тындағы түрағы болса керек.
Отырар алқабын мекендеген елдің тектестік қүрамы жөнін- 
дегі мәселеге келсек, мүның әлі де болса дәлдей түсуді қажет


ететінін айта кеткен жөн. Мәселен, көнетүркі қағандығының 
құдіреті күшейген түсында (VI—VIII ғ.ғ) оның қүрамына енген 
қанғүйлар бірте-бірте түркіленіп кеткендіктен де болар, кейінгі 
тарихи жылнамаларда арнайы атала бермейді. Керісінше, (VII— 
VIII ғасырларда Сыр бойын арабтар жаулап ала бастаған кез- 
дегі жазба деректерде түркі-соғды жағында соғысқан қаңғарлар, 
кеңгерестер жайында айтылған.
Отырарды зерттеп-білуге көп еңбек сіңірген тарихшы-ар- 
хеолог, Қ азақстанны ц Үлттық ғылым академиясының мүше- 
корреспонденті Карл Байпақов печенегтердің орыс даласына 
қоныс аударғанға дейін қаңғарлар деп аталғаны ж айлы жа- 
зып қалдырған Константин Багрянородныйға (X ғ.) сүйене 
отыра, келесі ғасырларда қаңғарлар «қаңлы» этнониміне ай- 
налған болса керек деген пікір айтқан. Ал онда кеңгерестер 
кімдер? Бүл екеуін бір халық деп түспалдаудың қисыны бола 
қояр ма екен?
Егер, ш ежіре деректеріне жүгінсек, кеңгерестер Отырар- 
дың түп-тамырлы түрғындары болған қоңыраттар емес пе? 
Кейбір зерттеушілер қоңыраттарды монғолдың хонкират тай- 
пасына балап, Сыр бойына моңғол әскерлерімен бірге келген 
деген пікірді қостайды. Олай десек, наймандар да моңғол 
жерінен қазаққа ығысып, оның тектестік қүрамында маңызды 
кірме болғанын дәлелдейтін Алтайдан Қараталға, Қараталдан 
Үлытауға дейін көсіліп ж атқан қалың Найман жүрты бар. Ал 
бүл кеңістікте Қоңыраттың Найманмен қатар орналаспағанын 
былай қойғанда, онан қалған ауылдар бар дегенді де естіген 
емеспіз.
Мүның есесіне Сүрхандариядан (Жиделі Байсын) бастап, 
Ж изақ уәлаяты арқылы, қазіргі Шыназдың тұсынан Сырдың 
орта ағысымен Қаратау бөктерлеріне дейін, онан әрмен өзеннің 
сол ж ақ қанатымен Қарақалпаққа, ноғайлы жүртына дейінгі 
аймақта қыпшақтармен, қаңлылармен, тамалармен т.б. қатар 
орналасып, қазақ, өзбек, қарақалпақ, ноғайлы халықтарыныц 
қүрамына енген қоңырат тайпасы бар. Бәлкім, сол қоңыраттар 
арабтар жаулап алғаннан кейінгі дәуірде Ежелгі Отырар мен 
Мауреннаһрдың арасында дәнекер болған да шығар. Олай дей- 
тінім қоңыраттар отырықшы, жартылай отырықшы ел болған, 
азынаулақ мал үстап (олардың ең бай дегенінде мың қаралы 
қой, аздаған түйесі, жылқысы, сауын сиыры болған), диқаншы- 
лықпен1, айналысқан. Қоңырат кірекештері2, 
Ташкентке, Са-
'Қазақ суармалы дақылдар мен бау-бақша өсіретіндерді қысқаша — диқан, 
багараға астық себетіндерді — егінші деп атаған.
2Орта гасырлардан соңгы кезге дейін сауда керуендерін тартатындарды қазақ 
кірекештер деп этап келген.


марқанға, Бұқарға, Шымкентке, Таразға дейін сексеуіл артып, 
шөп тамырларынан алынатын бояумен, қолдан қайнатылған кір 
сабынмен, әйгілі Қоңырат кілемімен, бау-басқұрлармен, киіз- 
бен, алаша, текеметпен, орама шимен, былғары-көнмен сауда 
жасаған.
Қоңырат тайпасы ны ң ш ыққан тегі әлі де болса зерттей 
түсуді қаж ет етеді. Мәселені айқындай түсу үшін өзбек, қа- 
рақалпақ, ноғайлы, қүмық-балқар деректерін де ортаға салған 
жөн.
Олай дейтінім қоңыраттың өз ш ежіресі оны Отырардан 
шығарады. Ноғайлыларда қоңыратты монғолдан шығаратын 
мағлүмат атымен ж оқ. Керісінше, олардың үш атадан тарал- 
ған ноғайлының жергілікті тайпасы болғаны ж айында нақты- 
лы пікір айтылған. Орыс деректеріне (Аристовқа) жүгінсек, 
қоңыраттар печенегтердің қалдығы болып шығады. Қалай өткен 
күнде де ежелгі қанғүйдан қаңғарлар мен кеңгерестер жал- 
ғастырған қазаққа дейінгі тектестік байланыстың жатқаны 
даусыз.
Тоғыз тарау керуен жолдарының түйіскен жеріне орналас- 
қандықтан Отырарды жаулап алу әрбір кезектегі басқыншыға 
Сыр бойының барлығына билігін орнатқандай болып көрінетін. 
Тегі, Н. А. Бернштам бүкіл Кіндік Азиядан, қай жағынан алып 
қарағанда да, Отырар сияқты «қызыл итке жем болатындай» 
қызғылықты да қатерлі ж ер табу қиын деп бостан-босқа айтпа- 
ған болса керек. Отырар арқылы бір тармағы Таразға, Баласа- 
ғұнға, онан әрмен, ІІІығыс Түркістанға (Қытай), екіншісі — 
Шашқа (Ташкент), Соғдыға, Мәрі, Нишапурға апаратын керуен 
жолдары өткен. Сауда керуен жолдары Отырарды Үргенішпен 
(Хорезм), Еділ бойымен, Кавказбен, Қаратеңіз жағалауымен, 
Бетпақ дала арқылы — Қимақтардың елімен, Сібірмен байла- 
ныстырған.
Отырар жайындағы деректер көбіне араб, парсы тілді автор- 
лардың еңбектерінде кездесіп отырады. Саяхатшылардың бірі 
Отырарды Арыс өзенінің Сырға қүятын жеріндегі аса бай қүнар- 
лы алқаптың астанасы етіп көрсетсе, екіншісі — көшпелілердің 
Қаратау бөктеріндегі бекіністі қамалдарының бірі дегенді айта- 
ды. Ал үшінші бір жолаушы Бөген мен Арысты кесіп өтіп Та- 
разға бұрылатын керуен жолының басталатын жері деген дерек 
қалдырған.
Алайда О ты рар біреу. О ны ң ортағасы рлы қ саяхатш ылар- 
ға әр ж ерде орналасқандай болып көрінгені әр түстан келе- 
тін керуен жолында кездесетін ж ер ыңғайымен байланысты 
болса керек. Әрине, Бетпақдала арқылы жол азабы н тартып, 
әбден қалж ы раған керуенге Қ аратау ж отасы нан асқаннан


кейін О ты рар ш ынында да Деш т-і-Қ ы пш ақтың1, ш егіне ор- 
наласқан көш пелілердің берік қамалы болып көрінуіне негіз 
бар.
IX—X ғасырларда Онтүстік Қазақстан түгелдей мүсылман- 
данған. Бірақ ата-бабасынан пүтқа табынуды мирас еткен Оты­
рар түрғындары арасында жаңа дін бірден орныға қоймаған. Ел 
арасында исламға дейінгі сенім (зороастризм, манихейлік, буд­
дизм де болуы ықтимал), түркі жазуы сақтала берген.
Дегенмен мұсылмангершілік қала халқьшан қызу қолдау тап- 
қаннан кейін мешіт, медресе т.б. діни орындар салына бастаған. 
Итарқасы (төбе жабыны) ағаш үстындармен (бағаналармен) тірал- 
ген осындай бір алғашқы мешіттін (X ғ.) қалдығын археологтар- 
дың Кедер қаласьшың орнынан тапқаны ислам сәулет өнеріндегі 
«үстынды» қүрылыстар салудың қай кезден бастап Қазақстан 
жеріне ене бастағаны жөнінде қүнды мәлімет болып табылады.
Тағы бір көңіл аударатын нәрсе сол кезден бастап қала 
сыртында мүсылман зиратының пайда болуы. Мұнда кейін ел 
аузында «Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, Сайрамда 
сансыз баб, ең үлкені Арыстанбаб» деп дәріптелген исламды 
уағыздаушы, бүкіл мүсылман қауымына белгілі шейх, Ахмет 
Иасауидің рухани ұстазы Арыстанбаб жерленген. Қам кесектен 
түрғызылған күмбезді мазарлар осы бір ескі зиратта тіптен 
соңғы кезге, XX ғасырдың 40-жылдарына дейін сақталған бола- 
тын. Ал шейхтардың шейхы Арыстанбабтың XII ғасырда түрғы- 
зылып, Әмір Темірдің кезінде қайта жаңғыртылған күмбезі бізге 
жетпеген. Тек 1907 жылы мүсылман қауымының қаржысына 
бұрынғы ескі құрылыстың орнына оның мақамымен жаңадан 
кесене-мешіт салынған.
Әйтсе де X ғасыр Сыр бойына тыныштық әкеле қоймаған. 
Оның өзіндік себептері де бар-тын. IX ғасырдың аяғы мен X 
ғасырдың басында Шаштан (Ташкент) Сырдың төменгі ағысына 
дейін иемдеген оғыздардан соққы жеген қаңғарлардыц біразы 
Отырар алқабынан батысқа қарай ығысқан, ал, бәлкім, осы 
кезде кеңгерестер оғыз мемлекетінің қүрамына енген болса керек. 
XI ғасырдың басында мүнда оғыздарды Сыр бойынан түгелдей 
қуып шыққан қыпшақтар өз билігін орнатқан. Қазақ даласын 
ұзақ уақытқа өзіне бағындырған қыпшақтар батысқа қарай жыл-
‘Оңгүстік Сібір даласы мен Сарыарқа X—XII ғасырлардан бастап, кейбір де- 
ректерде онан да өрірек, «Дешт-і-Қыпшақ» (парсыша — қыпшақ даласы), оны 
мекендеген қыпшақ, қимақ, арғын, қарлұқ т.б. түркі тайпалары — көшпелі өзбек- 
тер деп аталып кеткен. Сол «қыпшақтардың монгол үстемдігінен кейінгі дөуірде 
қазақ халқыньщ негізін қүрағаны» (Бартольд) белгілі. Ал олардың тағы бір бөлігі 
Дешт-і-Қыпшақтын ханы Әбілхайырдың (1408—1469) әулетімен бірге Маурен- 
наһрды жаулап алып, өзбек халқынын негізін қалаған.


жып, половецтер деген атпен Киев Русі мен Византияның көр- 
шісі болған.
Осы тұста қала өмірі жаңа белеске көтерілген. Отырарға 
іргелес орналасқан отырықшы-егінші қоныстар кеңейе баста- 
ған. Қаланьщ өзі де қолөнершілер тұрағы — рабадтың есебінен 
дами түскен. Құрылысы жүйелі жүргізіле бастағандықтан онда 
біркелкі үйлер бой түзей бастаған. Су қүбыры, нәжіс жүйесі 
жөнге келтірілген. Қаланың орталығы да, іргелес рабаттары 
(предместье) да бекіністі қорғанмен қоршалған.
Қыпшақтар бірде хорезмдіктерге қарсы соғысса, бірде оған 
тәуелді болып отырған. 1195 жылы Текеш сұлтан (Хорезмшаһ 
Мүхаммедтің әкесі) Сыр қыпшақтарының ханы Қыранға қарсы 
жорыққа аттанғанымен, көп үзамай қыпшақтардан жеңіліс тау- 
ып, Үргенішке қайта оралғаннан кейін, олардың арасындағы 
алауыздықты пайдаланбақ болады. Бүл кезде Қыран хан мен 
оның жақын туысы Алып Теректің арасында таққа таластық бел 
ала бастаған еді. Текеш Сүлтан Алып Теректі қолдап, көмекке 
әскер жібертеді. Қыран хорезмдіктерге қолға түседі. Алайда Алып 
Теректің күшейіп бара жатқанып сезген соң, ол Қыранды бо- 
сатып, Алып Терекке қарсы аттандырады.
Үзаққа созылған қақтығыстардан кейін таққа болашақ Оты- 
рар қорғанысының ұйымдастырушысы Алып Терек отырады. 
Оның түрікше өз аты Жаған-Түғды («Піл келді»), лақап есімі 
Иналшық («Кіші»), яғни тақ мұрагері деген мағынада болған. Ал 
Қайырханның «Насабнамада» қаңлы текті делінуі оньщ руын 
көрсетіп түрған жоқ, хан болуға лайық, текті әулеттен шыққа- 
нын еске салады. Махмүт Қашғаридың сөздігінде «Қаңлы — 
қыпшақтың ұлы адамы», яғни ханы деген мағына бар екен. 
Бәлкім, бүл қыпшақ ақсүйектерінің өздері бағындырған ежелгі 
елдің шыққан тегіне қарай икемделгісі келгеидігіиен де болар. 
«Қаңлы болмаса хан болмас» деген қазақ арасында кеңінен 
тараған мәтел де сол заманнан қалған болса керек.
Алып Терек Сыр қыпшақтарының ханы болып көтерілгені- 
мен Хорезмшаһ Мүхаммедтің билігін мойындауға мәжбүр бол- 
ған. Оның тәуелсіздікке үмтылып, 1216 жылы Хорезмге қарсы 
қыгішақ тайпаларын көтергені сәтсіздікке үшырайды. Алайда 
Хорезмшаһ та қыпшақтармен ашық араздасуға бара алмай, Алып 
Терекпен тез арада татуласып, оны Отырар тағына өзі отырғы- 
зып, Қадырхан (арабша «Қуатты хан» деген мағынада) деп 
жариялайды. Бірақ кейіннен бүл лауазым түркіше Қайырхан, 
Ғайырхан деген өзгеріске түскен.
Қайырхан үзаққа созбай, қаланың қорғаныс шебін, бекінісін 
ныгайтып, күрделендіре түскен. Сондықтан 1219 жылы қала 
түбіне келген моңғолға өзгелерден бұрын тойтарыс берген де 
осы Отырар болды. Отырардың ерлік қорганысын ұйымдасты-
і і б


руда Қайырханның қолбасшылық дарыны сан қырлы жағынан 
көрініп, халқының адал перзенті ретінде тарихқа енді. Оның 
есімі ұрпақтан ұрпаққа алмаса бермек.
Көпшілік жұрт Отырардың күйреуін моңғол шапқыншылы- 
ғымен байланыстырады. Рас, жарты жылға созылған ерлік қор- 
ғаныстың кезінде жауға өз қақпасын өзі ашуға мәжбүр болған 
Ұлы қаланың күлі көкке үш қан1, Кезінде талайды тамсандырған 
әсем қаладан жалпиған үйіндісі ғана қалғаны осымен байланыс- 
ты. Қаншама ата-баба мүрасынан айрылдық. Отырардың кітап 
қоры жоғалды. Әйтсе де отырарлықтардың ауызбірлігінің арқа- 
сында бас-аяғы 30 жыл өтпей-ақ, қала қайтадан қалпына кел- 
ген. Сауда керуен жолдарының түгескен жерінде, Қазақстанда- 
ғы отырықшы күнкөріс пен көшпелі тіршілік шегінде орналас- 
қандықтан XIII ғасырдың ортасына қарай-ақ, мүнда ақша соға- 
тын орын жүмыс істеп, алтын, күміс, мыс теңгелер шығара 
бастаған. Әсіресе XIII ғасырдың аяғында Масуд-бектің ақша 
реформасынан кейін қала шаруашылығы жанданған.
Солай бола тұра, Отырар тағдырдың тәлкегіне талай рет 
түскен. Ол әуелде Дешті Қыпшақты жайлаған көшпелі өзбектер 
мен Алтын Орда билеушілерінің қол астында болған. Кейіннен 
Әмір Темірге бағынған. Қазақ хандығы мен Әбілхайыр әулеті- 
нің, М ауреннаһр билеп-төстеушілерінің арасындағы Сыр бойы 
үшін бітіспес күрестің кіріптары болды.
Егіншілігі шарықтап дамыған, шүрайлы күздік және қыстық 
жайылымдары бар, қыста малды жусататын шөбі мол тоғайы, 
ықтасын болатын қопа қамысы жеткілікті бұл өлке қазақ хан- 
дығының өмірлік мүдделеріне сай еді. Керуен жолдарының түгес- 
кен жеріне орналасқан аса маңызды сауда ж әне қолөнер орта- 
лықтары ретінде көптен танымал Отырар, Сайрам, Иасы (Түркіс- 
тан), Сауран, Сығынақ, Созақ (Қүзақ), Баба Ата (Құмкент) си- 
яқты бекіністі қалалары бар Сыр бойы мен Қаратау қойнауы 
Қазақ хандығы үшін тек экономикалық жағынан ғана емес, 
әскери-стратегиялық жағынан да аса қолайлы болған.
Бір тілде сөйлейтін, діні бір, бірегей түрпаты бар, дәстүрлі 
өнері, тұрмыс-салты, әдет-ғүрпы біркелкі тайпалар мекендейтін 
бұл аймақтың көшпелі ж әне отырықшы топтарды жақындасты-
‘Әңгіме 1219 жылдың күзінен бастап, алты айға созылған ерлік қорғаныс ке- 
зінде отырарлықтарға жәрдемге келген Хорезмдік қолбасшы Қараша Хаджибтің 
түн жамылып, опасыздықпен қаланың қақпасын ашып, жауды ішке кіргізіп ал- 
ғаны жайында болып отыр. Моңғолдар әрбір әуліде, көшеде, аланда жанталаса 
қарсыласқан Отырарды қиратып өртеп, халқының тірі қалғандарын қүлдыққа 
айдатқан. Қорғанысты басқарған Қайырханды Самарканда ждтқан Шыңгысхан- 
ның алдына апарып масқаралап, өңешіне күміс құйып азаптап өлтірген. Опасыз- 
дықты кешіре қоймайтын моңғолдар жауыз Қараша Хаджибті де сыбайластары- 
мен қоса өлім жазасына кескен.


рып қана қоймай, бірігіп қимылдауға дағдыландыра түсетіні, 
қазақ жерін біріктіру үрдісін тездетуге ықпал ете алатыны айдан 
анық болатын.
Ақыры, өзге Сыр бойы қалалары сияқты Қазақ хандығының 
құрамына енген Отырарда Қасымханның (1445— 1518), Хақна- 
зар ханның (1538— 1580), әсіресе Тәуекелханның (1586— 1598) 
кезінде қала құрылысы қайта қолға алынып, сауда-саттығы нығая 
түскен. Ақша соғу жанданып, қазақ хандарының құрметіне теңге 
шығарыла бастаған. Осы тұста қол өнер шеберханаларыньщ 
мамандануы айқындала түскен. Металл қорыту, темір ұсталығы, 
мыс ж әне зергерлік кәсіпшілік, тас қашау, шыңылтыр шілеңгер- 
лігі, шыны өндірісі дамыған.
XVI ғасыр Қазақстан тарихында елдің экономикасы қарыш- 
тап дами бастаған, қалалары өркендеп, жергілікті және елара- 
лық сауданың өрістеуімен қазақ көпестерінің исламдық Шығыс 
елдеріне дейін сапар шеге бастаған тұсы еді. Әйтсе де Отырар- 
дың сорына XVII ғасырдың алғашқы ширегінен-ақ, Қазақ хан- 
дығы мен Сыр бойына қармалауышын созған жоңғар шонжар- 
ларының арасындағы қақтығыстар жиілей түскен. Қаланың 
тынысы тарылып, бар өмірі қала орталығына, қазіргі Отырар- 
төбенің аумағына шоғырлана бастаған.
Отырар басқа Сыр бойы қалалары секілді жоңғар шагіқын- 
шылығының зардабын түгелдей тартқан. Мүны қала халқының 
күрт азаюынан да аңғаруға болады. Отырарда бүл кезеңде бес 
мыңнан астам ғана халық тұрған. «Ақтабан шұбырынды» кезін- 
де Отырар халқының біразы босып кеткен.
Әйтсе де мәиі бөлектеу мына бір деректі бөле жара атаған 
жөн. Шымкент, Түркістан, Созақ, Сайрам сияқты түрақтанған 
қоныстарды былай қойғанда, күйреп-тозған ескі мекендердің 
өзінде де ол кезде тіршілік белгісі өше қоймаған. Аман калган- 
дар шағын-шағын топ қүрап, 
қашып-босып жүрігі, егіншілік- 
пен, саудамен, малшылықпен айналыса берген. Қазіргі төбе-төбе- 
нің айналасына шоғырланып, үй салатын дәстүр де сол заманнан 
қалған. Сұрай келсеңіз, олардың сол төбе боп жатқан ескі қоныс- 
ты мекендегендердің ұрпағы болып шығатыны тағы бар.
XVI—XVIII ғасырлардағы орыс деректерінде Отырардың қазақ 
хандығындағы қала екені, соңғы деректе — оның 40 үйі ғана 
бар шағын қалашық дәрежесіне дейін құлдырағаны айтылған. 
Бүл тұста сауда керуендері мұнда бүрынғыдай келе бермейтін 
болғандықтан сауда-саттығы, қол өнері тоқыраған. Суландыру 
жүйесі істен шыға бастағандықтан арықтары тартылып, егістігін 
сор басқан, оңтүстіктің аптап ыстығына төзе алмай бау-бақша- 
сы, жүзімдігі қурағаннан кейін соңғы тұрғындары тастап кеткен 
Отырар халқының бір бөлігі Түркістанға, қалғандары Шымкент 
ж аққа қоныс аударып, ондағы қала халқының қүрамына енсе


де өздерін көп уақыт бойы отырарлықтар деп атап келген...
Отырардың көпғасырлық қабат-қыртысынан археологтар К. 
Ақышев, К. Байпаков, Л. Ерзакович, тағы басқа да Оңтүстік 
Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясына қатысқан- 
дар қала өмір сүре бастаған алғашқы жылдардан XVIII ғасыр- 
дың ортасына дейінгі заттық-тұрмыстық мәдениеттің ескерткіш- 
терін тапқан. Әсіресе Көкмардан, Күйікмардан, Қыркескен, 
Пұшықмардан қазбаларынан табылған заттарда, саз балшықтан 
күйдірілген, тастан қашалған, металдан соғылған бүйымдарда, 
еңбек қүралдарында уақыт, замана, ұрпақтар сабақтастығын 
айқығідай түсетін жәйттер кездесіп отырады. Мүндағы археоло- 
гиялық Отырар — Қаратау мәдениеті ескерткіштерінің біз үшін 
маңызды болатыны олардың малшылықпен қатар дамыған егін- 
шілік дәстүрлеріне бейімделгенінде ғана емес, байырғы қазақ 
түрмысы мен мәдениетін еске салатынында болып отыр.
Мұның өзі Отырардағы тарихи-мәдени және археологиялық 
кешеннің Әбу Нәсір әл-Фараби мен оның ізбасарларының өшпес 
ілімі секілді қазақ халқымеғі тағдырлас екеғіін көрсетеді. Қа- 
зақстанның Отырар, Оқсыз, Кедер, Бүзық (Шілік), Көкмардан, 
Иасы, Сауран, Сығынақ, Құзақ, Баба Ата сияқты ортағасырлық 
қалаларының тарихи-мәдени жетістіктерін ескеретін болсақ, олар- 
дың қазір ғылымға танымал Отырар—Қаратау археологиялық 
мәдениетініің ескерткіштерімен, Отырардағі шыққан энциклопе­
дист-ғүламалардың, пәлсафшылардьщ, ақындардың артына қалдыр- 
ған мұрасымен қоса Ұлы Отырар өркениетіне негіз болтаны хақ.
Егер бүрын қалың жүртшылыққа Отырардың үлы перзенті 
Әбу Нәсір әл-Фарабидің есімі ғана белгілі болса, қазір қайсы- 
біреулері Шығыстың белгілі орталықтарына қоныс аудармай-ақ, 
туған елінде тұрақгап, ғылыммен айналысқан әлфарабилердің 
өзі 10 болып отыр. Олардың аты-жөні, шығармашылығы фило­
логия ғылымының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлиевтің 
көпжылдық ізденістерінің нәтижесінде анықталды. Ғалым «анау 
айтты, мынау айтты» деген құрғақ сөзге сүйеніп емес, теңіз 
түбінен інж у іздегендей тыным тапп ай қимылдап, тиісті 
мәліметтерді Сирияның, Морокконың, Тунистің кітапханалары- 
нан, көне қолжазба қорларынан, Шығыс пен Батыстың әлемге 
әйгілі ғалымдарының еңбектерінен тапқан.
Отырар өркениетініц біз үшін аса маңызды болатыны — ең 
алдымен онын қазаққа тән қүрылыс ісінен, әсіресе үй тұрғызу- 
дан, суландыру тәсілдерінен, еңбек қүралдарынан, әуез аспапга- 
рынан, қолтума өнерден көрінетіні. Бұл оның қазақ мәдениетінің 
ізашары болғандығын дәлдей түсетін жәйт.
Отырардан табылған бір бөлмелі, екі немесе үш бөлмелі 
түрғын үйлер біздің заманымызға дейінгі 1 мың жылдықтың 
аяғынан бері Қазақстанның оңтүстігіне гән қүрылыс нүсқалары


болып табылады. Отырардағы қазба баспананың негізгі ұясы — 
дәлізді немесе түнекті бөлме, сол сияқты көп бөлмелі тіркеспе, 
археологтар К. Ақышевтың, К. Байпаковтың, Л. Ерзаковичтің 
айтуына қарағанда, отырықшы қазақтың үйлеріне үқсас. Қазақ- 
та итарқасы (төбе жабыны) шаруашылыққа қатысты қосалқыла- 
рымен бірге жабылатын екі, үш бөлмелі үйлердің болғаны ар- 
хеологтардың пікірін растайды. Сыр бойының отырықшы ж әне 
жартылай отырықшы халқының бірінде өздері түрып, екінші- 
сінде қонақ күтетін, ортасы асхананың да міндетін атқаратын 
дәлізбен ажырасатын, теріскей жағынан өн бойына астық қүя- 
тын түнек (қойма) орналастырылатын қарсы есікті «Қоржын 
үйі» де Отырардағы баспананың баламасы екені даусыз.
Отырардағы баспананың жатақ бөлігінде шеті күйген қыш- 
пен қаланатын суфалары болса, қазақ үйінде оның тікелей 
баламалары болып табылатын қам кесектен соғылатын суфа 
(оны сыпа деп те атайды), ағаш сәкі кездесіп отырады. Отырар- 
дың қазба үйіндегі ошақ қүрылымы мен қызметінің төркіні 
жағынан қазақтың ж ер ошағына сәйкес келеді. Ал қазақтағы 
«оггық үй», «жатақ үй», «қонақ үй» тіркеспесіндегі қабырғала- 
ры арқылы жылытылатын оттық жүйесі шығу тегі жағынан 
соңғы ортағасырлардағы кандармен байланысты болса керек.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Отырар халқының көпші- 
лігі қыста қалада, жазда азынаулақ мал ұстап, диханшылықпен 
айналысуға мүмкіндік беретін қала сыртындағы егістігі мен бау- 
бақшасында орналасқан үйлерінде түрған. Дәл осындай дәстүр 
40-жылдардың аяғына дейін Сыр бойының қазағында да болған. 
Мүнда да жүрт қыс айларын қыстағында өткізіп, жазда сол 
маңайдағы көгеріске көшіп шығып, киіз үйлерде тұрған. Қыс- 
тақтан тыс жерге егін еккендер уақытша баспана — өлшек 
соғып, жазды сонда өткізіп келген.
Отырардан қазып алынған астық қүятын хумдарға, су таси- 
тын қүмыраларға, ыдыс-аяққа қазақ руларының таңбасын сала- 
тын дәстүрдің де мұндағы қолтума өнерді қазақ түрмысымен 
байланыстыратыны хақ.
Қазақ арасында баланың әуезге бейім қабілетін дамыту үшін 
дүңгіршек, шың, қамыссырнай, қостілік, сақпанмен бірге пайда- 
ланылып келген үш кіріктің Отырардағы X—XII ғасырларға 
жататын баспаның орнынан табылуы да кездейсоқ емес. Аспап 
зерттеуші ғалым Омар Хаймолдиннің айтуына қарағанда, біздің 
үшкірік деп жүргеніміз кезінде Әбу Нәсір әл-Фараби тартқан 
гипчак болса керек.
Кедерде (Құйрықтөбе) X—XI ғасырларға жататын тұрғын 
үйдің орнын қазғанда саздан қүйылған маска үлгісі табылған. 
Мұның өзі жасанып, маска киіп ж үрт алдына шығатын ойын- 
шылардың қатысуымен өтетін қызықшылық Қазақстанда орта-


ғасырларда, бәлкім онан да әрірек болған деген ой туғызады. 
Мүмкін Арқаның шаншарлары мен қулары, Сыр бойының мас- 
қарапаздары (осы атаудың «маска» деген түбірден шыгуы ық- 
тимал), тіптен ортекешілердің, сал-серілердің, жыршылардың өзі 
осындай дәстүрдің жалғасы десек, бұл пікірге күмәнданудьщ 
қисыны бола қоймас. Тіпті айла-шарғы жасап, кемпірі мен ша- 
лын үрыстырып, күйеуге шығайын деп отырған қызын еңіретіп, 
сиырын мөңіретіп, малын қасқырға шапқызып, екеудің керісін, 
үшеудің дауласуын шығарып өнер көрсететін қазақтың «бір 
актерден түратын театрының» өзі де осы бір көптен келе жат- 
қан көне өнердің жалғасы болса керек.
Әттең, бізде әдет-ғүрыптық, түрмыстық, әуездік археология- 
мен айналысатын мамандар болса мүнан басқа да жаңалықтар 
ашуға болар еді-ау. Отырарды жиырма жыл қазғанда мәселенің 
бүл жағына көңіл аударылмағаны өкінішті-ақ. Олай дейтінім, 
бізге қазақтың ортагасырларда, онан да бұрын қалай киініп, 
қайтіп өмір сүргенін, қандай мәнерде ән салып, қалай билеге- 
нін, әдет-ғүрпының, мәдени-түрмысының қандай бағытта болға- 
нын білу қажет емес пе? «Түйенің танығаны — жапырақ» де- 
гендей біздің айналып-сога беретін шегіміз өзімізге белгілі XVIII 
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы ғана.
Отырардың әр түрлі бөліктерінде жүргізілген археологиялық 
қазба жүмыстарының барысында, қаланың өзара сәйкес келетін 
үш қабат қыртысынан соңгы гасырларға жататын қүнды мағ- 
лүматтар алынған. Л. Б. Ерзакович қазба жүмыстары арқылы 
табылган ақшалардың стратиграфиясына, ашылған көмбелердің 
қайсы бір ғаламат оқига қарсаңында немесе дәл соның кезінде 
жасырылғанына көңіл аударып қана қоймай, бізге жеткен жазба 
деректерге сүйене отыра, қаланың соңғы қыртысын қиян-қилы 
XVII гасырдың аяғы мен XVIII гасырдың бірінші жартысьша 
жатқызған. Қазба жұмыстары мүндагы өмірдің соңгы кезеңінде 
бүкіл қаланы қамтыган үлкен өрт болғанын айқындаган.
Сөйтіп Отырардың біржолата күйреп, өмір сүруден қалуына 
қандай оқига себепкер болды?— деген сұраққа жауап іздейтін 
болсақ, ж ас тарихшы, археолог Мүхтар Қожаев хабарлаған 
жәйттерге көңіл аударуға болады. Отырардагы соңғы оқиғалар 
жөнінде ж азба деректердің жоқтығынан зерттеуші 1904 жылы 
Темір, Арыс станцияларында жұмыс істеген А. Кларе дегенге 
Шілік облысының (Отырармен) көрші қыстақ) басқарушысы Төле 
Байтереков айтып берген аңызға көңіл аударғаны қүптарлық. 
Ол былай деген: Әмір Темірден 400 жыл кейін Түркістан өлке- 
сіне қалың қолмен Қашгардан келген қолбасшы Аляку (Қожа- 
евтың жорамалы бойынша — жоңғарлар) Ескі Ташкентті басып 
алып, Отырар жеріне жеткенде қала халқы бір жарым жыл 
қарсыласып, ата-мекенін жауға бере қоймаған. Ескі Ташкентке
и
544
121


қайтып оралуға мәжбүр болған Аляку қыс бойы бүкіл әскерімен 
арық қазып, қазіргі Ташкент уәлаятындағы Шыршық өзенінің 
суын Отырарға бұрып қаланы суға алдырған да, өрт қойған.
Әңгімеші мұны Отырарды жұрттың ең соңынан тастап шық- 
қан Бабашөл дегеннің (ол оның бабасының досы болған) Түркіс- 
тан мен Шілікте тұратын ұрпақтарының аузынан естіген.
Ж ас ғалымның болжамының негізінде шындық жатқанын 
ескере отырып, өз тарапымыздан тағы бір ж әйтке көңіл ауда- 
руды жөн көрдік. Ілгеріде Арыс пен Бөген арасын қосқандық- 
тан тасқын суды Отырардың дәл төбесінен түсіре алатын «Ақа- 
рық» дегеннің ізі қазір де бар. Осы жолдардың авторының 
Ақарықтық үлтанымен екі мәрте әдейі жүріп өтіп, оның суының 
реттелген егістікке бұрылғай ізін таба алмай қайран қалғаны 
бар-тын.
Ал енді Ақарық Ш ыршықтың суын емес, Арыстың суын 
Отырарға бүрса ше? Арыс бүрын басқаша, мәселен, Сыршық 
(Сырға құлайтын су) деп аталуы да мүмкін ғой. Олай дейтінім 
Түркістан түбінде Қарашық (Қара су), онан әрмен қырға қарай 
беттегенде қазір тегістеліп кеткен Қаршық (Қар су) дейтін өзен- 
дер бар. Арқада Ж ыланшық (Жыландай ирелеңдеп ағатын су) 
делінетін өзен атауы да кездесіп отырады. Әйгілі Сарайшық та 
кішігірім өзенмен байланысты аталған болса керек.
Тіпті менің бүл айтқаным да көңілге қонбайтын болса, онда 
қазақ тілінің лексиконында «Шары шық[ты]» (биікке көтерілді, 
дегеніне жетті) деген үғым тағы бар. Ал бүл сөз тіркесі суды 
«биікке шығарды» деген мағынаны беретін болса ше? Мүндай 
жағдайда біздің «Ақарығымыздың» не үшін қазылғаны өзінен 
өзі-ақ түсінікті болып шығатыны даусыз. Оның үстіне Күрке- 
лесті былай қойғанда, Шыршықпен арада қыратты алқап, оны- 
мен бір бағытта ағатын Бозсу, Келес, Арыс өзендері жатыр. 
Отырарды суға алдыру үшін осы үш өзеннің соңғысының да 
суы жетеді емес пе? Аляку де соншалықты ақымақ болмаған 
шығар. Әйтпесе, қиырда ж атқан Шыршықта не жүмысы бар? 
Тіпті шыршықтың суын (бұрын ол Әмуға құйған болса) Сырға 
аударғанның өзінде де Отырар орналасқан дөңге көтеріліпті-міс 
деп жорамалдау түгіл, қиялға сыйғызу қиын. Мұны да ескерген 
жөн болар.
Отырар тағдыры — осы жердің түп-тамырлы тұрғыны бол­
тан ата-бабамыздың тағдыры, қазақтың алғаш рет халық болып 
қалыптаса бастаған алтын бесігінің тағдыры. Біз үшін Куликово 
алаңы, Бородино алаңы, Ватерлоо алаңы секілді ерлік алаңы 
болып табылатын Отырар тағдырына болашақ үрпақ әлі де талай 
рет оралатын болады. Осы жерде, ата-бабамыздың қаны төгіл- 
ген қасиетті жерде, Отырар қамалының батыс қабырғасын, 
ондағы аспа көпірмен жабдықталған қақпаны қалпына келтіріп,


алдына алып монумент тұрғызуды, жарты жылға созылған ерлік 
қорғаныс кезіндегі «жекпе-жек» сайыс алаңын қалпына келті- 
руді қолға алған жөн. Бәлкім, бізге Отырартөбенің өзін де та- 
рихи ж әне мәдени ескерткіш ретінде болашаққа сақтап қалу 
жағын ойластырған дұрыс болар.
Әрине ежелгі Отырар түрғындары мен қазақ халқының ара- 
сындағы тектестік, уақыт, замана, ұрпақтар сабақтастығы — әлі 
де терендете зерттей түсуді қажет ететін өзекті мәселе. Егер 
бұған ерекш е мән беріп, күш салатын күн туса, ежелгі Казак- 
стан тарихының әлі де болса жөнді айқындала қоймаған тұста- 
рын ашуға мүмкіндік алар едік.
Сонда ғана қазақ халқы Отырар өркениетініц заңды мүраге- 
рі ретінде өзінің ерлікке, бірлікке, елдіккс ұмтылған өткеніне 
мақтаныш сезіммен қарай алатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет