Екінші кітап Есте қалғандар



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Сонымен:
Қазақстан... Бүл не? Ғасырлар бойы қалыптасқан далалық 
өркениет бесігі ме? Әлде қазақтың түп қазығы — ортақ отаны, 
өсіп-өнген от басы — ошақ қасы ма? Онда неге оны өзгеге 
көзтүрткі етпей «көлденең келген көк аттының» қанжығасында 
кетпейтіндей қал-ахуалға жеткізетін нақтылы шаралар белгіле- 
меске? Бұлай дейтінім әлемді дүбірлеткен XX ғасыр аяқталып 
келеді. Оның саяси сыйпаттамасында негізгі белестер болган 
бүкілдүниежүзілік екі жойқын соғыс, ж ер шарын бұрын-соңды
S — 544
97


болмаған әлеуметтік сілкіністерге түсірген қазан 
төңкерісі, 
дүниенің екі жүйеге, қоғамдық-саяси қүрылымға бөлінуі, ымы- 
раға келе қоймайтын таптық күрес, темір құрсаудан қырғи- 
қабақтыққа дейінгі уақыт мезеті,. ядролық жарылыстар мен эко- 
логиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, ақырында коммунизмнің 
күйреуі қоғамның сана-сезіміне, наным-танымына, моральдық 
өлшемдеріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Ал Қазақстан үшін 
қазіргі қоғамтанушылар айтып жүргендей, қауымдық-шонжар- 
лық топтасудан коммунизмге дейінгі секірме дамудың кещиілігі 
мен таршылығы, молшылығы мен тапшылығы қатар жатты. 
Әлеуметтік ортаны эстетикалық, мәдени-түрмыстық жағынаң 
игеруде мол тәжірибеге ие болған халықтың өзіне тән, мысқал- 
дап жинаған асыл қасиеттерінен бірте-бірте айырыла бастадық.
Мүның әуел баста үйлестірілген қисынын іздестірудің оңайға 
түсе қоймайтынын М әдениет министріне орынбасар болып 
қызмет істеген алты жарым жылда, әсіресе Түркістандағы «Әзі- 
рет Сүлтан» қорығындағы Ахмет Иасауи сәулет ғимаратын қауіп- 
қатердегі қалпынан шығару үстінде, немесе Алматыдағы халық 
әуез аспаптары музейінің коллекциясын тірнектеп жинап, экс- 
позициясын құрастырған сәтте, тіпті «Алтынай» халық биі ан­
самблей қүрған мезетте (бүларды өздері ұйымдастырған боп, 
қазір қайдағы ж оқ біреулер үкіметтен абырой-атақ сүрап алып 
жүр), әсіресе дәстүрлі өнердің үмытыла бастаған тұстарын, әр 
түрлі себептермен жоғалып кетуте айналған бөліктерін (блокта- 
рын) қайта қалпына келтіріп, бүрынғы табиғи ж әне кәсіби 
ортасына қайтара түсуге бетбұрыс жасауға қамқоршылық ете 
бастаған кезде талай рөт сезінген едім. Мүндай ыңғайтабыстың 
қаншалықты қиын шаруа екенін қазіргі нарықтық қатынас 
жағдайынан да көріп жүрміз.
«Ерлік — елдіктің бөлгісі» деп бүрынғылар босқа айтпаған. 
Алтайдан Атырауға, Оңтүстік Сібірден Тянь-ІІІаньның теріскей 
сілемдеріне дейінгі үланғайыр кеңістікті, кеңінөн жайлап өмір 
сүрген қазақтың ежелден-ақ еркіндікті, елдікті аңсағандықтан 
жауынгерлік рухы, батылдығы, өзіне сенімі, отаны мен елі үшін 
тәуекелге бел байлауға дайын тұратыны көптен белгілі болған. 
Оның ұлттық рухы, мінез-қүлқы, табиғи болмысы өз жұртын 
іргелі ел ретінде сезініп, Ресей, Қытай мен Кіндік Азия елдері 
аралығында оқшауланған, тәуелсіз мемлекет қүратын тұсымен, 
әсіресе арагідік үзілістермен екі ж үз жылға созылған жоңғар 
қалмақтарымен жойқын шайқаста өзі жасақтаған атты әскері- 
нің тұяғының дүбірімен қалыптасты.
Қазақ мемлекеттігі деген түсініктің біз үшін аса маңызды 
Азаттық, Теңдік, Бірлік, Туысқандық секілді паритеттердің қата- 
рынан көріне беретін себебі міне, осында жатыр. Мемлекеттің 
тәуелсіздігімен ойнауға болмайтыны да осымен байланысты.


Сөз жоқ, жоңғар қалмақтарымен болған көпжылдық соғыс- 
та, әсіресе Абылайханның тұсында қазақ жасақтары асқан ер- 
лік мектебінен өтті. Ол замандағы қазақты ң атты әскерінің 
Еуразия белдеуіндегі саны жағынан ең басым, даладағы ұрыс 
қимылдарына шыңдалған, қаһарлы, ең ұйымдасқан соғыскер күш 
болғаны белгілі. Бүл жөнінде нақтылы мағлүмат белгілі орыс 
тарихшысы А. Левшинде бар. Қазақ қаһармандығы жайында 
1954 жылы Ноғай (ноғайлы) ордасында болып қайтқан орыс 
елшісі Данил Губиннің Иван Грозныйға жолдаған хабарлама- 
сында да айтылған. XVI ғасырда бізде болған тарихшы Фазил- 
лах Рузбихан өзінің «Бүқарлық қонақтың жазып қалдырғанда- 
ры» атты кітабында: «Қазақ өзінің қайтпас ерлігімен де, күш- 
қуатымен де бүкіл әлемге танымал халық» деп ж а з с а ,. Г. Н. 
Потанин қазаққа «мейлінше сергек, дені сау, өмірге іңкәр ха- 
лық» деген мінездеме берген. Керек десеціз, қазақтың ата-баба- 
сының тектестік қүрамын түзген түркі-қыпшақтардың, ғүндар- 
дың, сақ-массагеттердің ерлік істері де өз алдына бір хикая 
болып шығар еді.
«Қазақтың аңыз-жырларында,— 
деп жазған екен Шоқан 
Уәлиханов,— Абылай есімі ерекш е бір әсерлі мәнге ие болған. 
Абылай дәуірін жүрт қазақ қаһармандығының (рыцарлығының) 
кемелденген түсы деп біледі. Абылайдың жорықтары, батырла- 
рының ерлігі түрмыстық-салттық дастандардың арқауына ай- 
налған». Қарапайым халықтьщ Абылайға арқа сүйеп, оны қазақ 
атаулының ханы ретінде танып, соңына ергені бостан босқа 
емес. Өзін көкке көтерген елдің қамын ойлаған пиғылы, ауыз- 
бірлігін, ынтымақтастығын нығайтуға тырмысқан іс-қарекеті 
Абылайды қазақ хандарынан бүрын-соңды ешкім көрмеген абы- 
рой-атаққа бөлеген.
Біз тек Абылай арқылы ғана ел басынан өткен XVIII ғасыр 
сияқты аса күрделі кезеңнің бар шындығын ашып, тарих қой- 
науларында қалып қойғандықтан үмытыла бастаған тұстарын 
қалпына келтіре аламыз. Абылайға қатысты тарихи оқиғаларды 
ғылыми тұрғыдан зерттеп-білу арқылы ханның қайталанбас алып 
түлғасын сан түрлі аңыз-ертегілерден біржолата арылтып, нақ- 
тылы өмірбаянын қалыптастыратын боламыз.
Өкінішке қарай, оның Түркістанда (Оңгүстік Қазақстан) туып- 
өсіп, сонда дүние салғанына қарамастан Үлттық ғылым акаде- 
миясы Абылаймен байланысты мәселелерді зерттеп-білуде бел- 
сенділік көрсете алмай келеді. Абылайға қатысты жадығаттарды 
Пекиннен, Санкт-Петербургтен, Орынбордан, Омбыдан, Таш- 
кенттен іздестіруге болатыны да әзірше ескерілетін түрі жоқ.
1876 жылы Петербургте өткен шығыстанушылардың халық- 
аралық көрмесіне түңғыш қазақ этнографтарының бірі, сүлтан 
Шыңғыс Уәлиханов тапсырған қазақтың қолтума өнерінің шоқ-


тығынан көрінетін заттардың арасында Абылайхан мен Уәлиханға 
(Шоқанның атасы) қатысты қымбат бағалы тастармен безен- 
дірілген алтын ұңғыға отырғызылған, таптаурындалған қынға 
салынып, кемербелдікке ілінетін алмас қылыш, аса сапалы метал- 
мен құрсауланған ер-тұрман, ханның ж еке қару-жарағы, білте 
мылтықтары болған. Қайсыбір әлі де болса дәлдей түсуді қажет 
ететін деректерге қарағанда, сол көрмеде Абылайдың киім-кеше- 
гінің де бірден бір үлгілері, алтын тағы көрсетілгенге ұқсайды.
Қазақтың қолтума өнерінің туындыларымен еуропалықтарды 
алғаш рет таныстырған осы 
бір көрмеге келушілерді қызық- 
тырған экспонаттардың арасында бағалы тастарды ұқсататын 
станок, егістікке су көтеретін қондырғы, күнделікті тұрмысқа 
қажет құрал-сайман, Шоқанның інісі Мақы Уәлихановтың қо- 
лынан шыққан кейбір бұйымтайымы қойылған екен.
Осындай қазір шашырап, әркімнің қолында кеткен десе де 
болатын бәсі ж оқ экспонаттарды қайтарып алатын уақыт жет- 
кен сияқты. Ж оғалтқан дүниемізді жиып ала берсек, оның 
ешқандай сөлекеттігі жоқ. Ол үшін бізді ешкім кінәлай қоймас.
Абылай жөнінде телесериал шығару, оған ж әне оның батыр- 
ларына арнап ғылыми еңбектер жазу, көркем туындылар ж асау 
қажет-ақ. Егер Қазақстанның үкіметі шынымен-ақ өзін-өзі сый- 
лайтын болса, Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорығын туристік 
кешенге, саябаққа айналдырсам деп жанығып жүргендерге үзілді- 
кесілді тыйым салуға тиіс. Олай етпеген жағдайда қорықтың 
астындағы көпғасырлық мәдени қыртыстырға су кете береді де, 
ж ер астында қалып қойған ежелгі некропольді, ескі қүрылыс- 
тың қалдықтарын былай қойғанда, 1819 жылы түн жамылып 
қалаға басып кірген қоқандықтар суға алдырған, 1864 жылы 
Түркістанды қоршауға алған орыс әскерлері зеңбірекпен атқы- 
лаған, тек кеңес жылдарында ғана азын аулақ болса да жүйелен- 
ген мемлекеттік бақылауға алынған Ахмет Иасауи сәулет ғима- 
ратының қалі мүшкіл бола бермек.
Ал енді қазіргі заманғы коммуникациялары қатар орналаса- 
тын туристік кешен дегенге келетін болсақ, оны ғимараттың 
ауласына орналастыру қажет пе? Онда ескерткіштің қорғала- 
тын аймағын жасаудың керегі бар ма еді? Әдетте туристерге 
көрсетілетін объектілердің олардың жатақханаларынан, ресто- 
ранынан басқа жерлерге орналасуы шартты болатын. Оның 
үстіне қазіргі заманғы коммуникацияларды қорықтың ортасы- 
нан тұрғызу оның өмірін қысқартпаса үзарта қоймайтыны мәлім. 
Қайткен күнде де осындай үлағатты мәселені халықаралық 
экспертиза арқылы шешіп алған жөн.
«Әзірет Сүлтан» қорығы бүрын пантеон ретінде де пайдала- 
нылып келген. Онда Есімхан, Абылайхан, Қаз дауысты Қазы- 
бек, Бөгенбай батыр секілді көне Қазақстанның белгілі мемле-


кет қайраткерлері жерленген. Өкінішке қарай, олардың мүрде- 
лері жоғалғанын мен мүнан бүрын да оқырманның есіне салған 
едім. Енді олардың атына пантеон тұрғызғаннан басқа жол қалған 
жоқ. Абылайханның соңғы ордасының орны табылуына байла- 
нысты онда да мемориалдық қорған орнату қажет. Оңгүстік 
Қазақстан, Көкшетау, Жамбыл, Талдықорған облыстарындағы 
Абылайға қатысты тарихи орындарға мемориалдық белгілер 
(тақталар) қойылса, бұл да оның жарқын бейнесін есте қалды- 
руға қосылған үлес болар еді.
Біз жоғарыда Абылай дәуірін қазақ қаһармандығының ке- 
мелденген, жұрттың бой жазып, өзін іргелі ел ретінде сезіне 
бастаған түсы болды дедік. Ол кездегі қазақтың жауынгерлік 
рухы да, өзіне сенімі, отаны мен ел-жүрты алдындағы азамат- 
тық борышына беріктігі де жоғары болғанға ұқсайды. Ал сол 
қазақтың кейіннен шектен тыс бейғам, «қой аузынан шөп ал- 
майтын» мүсәпір, орашолақтығы да, салақтығы да жеткілікті, 
аңқаулығы да жетіп-артылатын халық болып қалыптасқанының 
себептерін бір сөзбен айтып түсіндіру қиын.
Өйткені қазақты шын мәнінде халықтық тұрғыдан зертте- 
гендер болған емес. Бізге белгілісі — қазақты бірте-бірте өзіне 
қаратып алу үшін оның қүдіреті мен осал жақтарына көбірек 
мән берген Ресей экспедицияларының нәтижелері ғана.
Кеңес жылдарында жүргізілген зерттеулер де қазақ ауылын 
кеңестендіру саясатынан бастап негізінен үкіметтің қазақ дала- 
сына билігін орнықтыра түсуге бағытталды. Қолды байлай бере- 
тін қаражат тапшылығынан жекелеген мәселелердің төңірегінде 
жұмыс істеген ғылыми экспедициялар да қазақты халық ретінде 
ж ан-ж ақты зерттеу ісіне ықпал ете алмады. Ал Қазақстан 
тәуелсіздігін жариялағаннан кейін әр түрлі себептермен мүндай 
мәседелерге көңіл аударыла бермейтін болып алды.
Сондықтан да бізге қазақтану керек-ақ. Өйткені қазақтану 
(халықты, елді жан-жақты танып-білу) ғылымынан түйсігі шама- 
лы, арттырғанынан көрі жоғалтқаны көбірек біздің қазақ мүны 
қазақыланумен, қазақша тұрпаттанумен шатастыра беретінге 
үқсайды. Әрине, өзімізбен аттас елдс тұрып, қазақтануды тілге 
тиек етудіц ыңғайсыздығы да бар. Бірақ, қазіргідей біреу «той- 
ып», біреу «тоңыгі» секіріп жатқан өтпелі заманда барын үқсата 
алмай, бүрын мемлекетке иек артып жаман үйренген халықтың 
рухани жүдеушілігі соған итермелесе, онан қайда қашып құты- 
ларсың. Оның үстіне халықтың осындай қал-ахуалын жете түсі- 
нетіндіктен нақтылы шаралар белгілеп, елді әлеуметтік тығы- 
рықтан шығарудың жолын қарастырып жүрген, арнайы дайын- 
дықтан өткен жергілікті басшыларды да көрген емеспіз. Мұнсыз 
қазақтың таяудағы жылдарда заттық игіліктер жасауға елеулі 
үлес қосатынына сену қиын. Оньщ болмысындағы түбінде үлттық


қауіп-қатерге алып баратындай, келеңсіз, екі ұшты қүбылыстар- 
дың алдын алудың қамын ойлап жүргендер тағы жоқ.
Қазақтың өзіндіпн, ғылыми-танымдық мәні бар ұлттық ерекше- 
ліктерін зертгеп-білу арқылы оның әлеуметгік ортаны игеруде затқа 
айналған еңбек тәжірибесінің сарамаңдық жағьш аша түсуге мүмкін- 
дік туар еді. Мүның өзі, сайьш келгенде, үлтгың генофондын, тілін, 
дәсгүрлі өнерін сақгап қалуға қосылған үлес болатыны даусыз.
Солай бола тұра, Қазақстан Республикасы Үлттық Ғылым 
академиясының Тарих ж әне этнология институты әзірлеген 
«Қазақтар» («Казахи») атты тарихи-этнографиялы қ ғылыми 
зерттеуінің өзінде (Алматы, 1995 ж.) қазақтың тектестік қүрамы- 
на, шаруашылығына, кәсіпшілігіне, заттық мәдениетіне, тағы- 
сын тағыларға талдау ж асай отыра, оның антропологиялық 
түрпатынан, ұлттық мінез-құлқынан, дүние танымынан, кәсіби 
бейімделуінен, денсаулығынан, түрмыс қүру деңгейінен, «от'ба- 
сы — ошақ қасындағы» әулеттік тәлім-тәрбиесінен мағлұмат 
беруді үмыт қалдырған. Нарықтық қатынас жағдайында мүмкін 
болатын демографиялық өзгерістерге ж ете мән берілмеген.
Институттың арсеналында әлемге танымал ғалым-антрополог 
О разақ Ысмағүловтың, ғылыми жүртшылыққа «Ежелгі қазақ- 
тың дүниетанымы» атты монографиясымен белгілі болған көрші 
институттың ғылыми қызметкері, философ Мүқан Орынбеков- 
тің, тіпті алғаш ж ары қ көрген «Ақыл таразысы» атты еңбегінен 
бүгінгі ғылыми ізденістеріне дейін атам заманнан бергі көркем- 
дік өнертаным ерекшеліктерін терең зерттеп, тандаулы мәдени 
қазыналардың бірін бірі толықтыратын жақтарын қарастырып 
келген әдебиет зерттеушісі Зейнолла Серікқалиевтің, басқа да 
ғалымдардың зерттеп-білгендерінің нәтиж елері бола түра, 
мәселеге нақтылы көңіл бөлінбегені өкінішті-ақ.
Ө йткені, бұған соңғы 250 ж ы лда бойға сіңген тарихи 
мәңгүрттігімізді қоссақ, қазаққа қатысты мәселелердің түбегейлі 
ғылыми зерттеу арқылы ғана алдын алуға болатын құбылыс 
екені түсінікті болып шығатын еді. Мүның өзі оның өмірлік 
пәлсафасы мен тіршілік болмысын аяусыз бұзу арқылы қалып- 
таса бастаған қазіргі рухани жүдеушілік пен жоқшылықтың алдын 
алмаса, оның орнын кейіннен толтыру оңайға соға қоймайты- 
нының тағы бір айғағы. Ал елімізде қазаққа қатысты мәсалелердің 
түбегейлі шешімін таппай келе жатқанына қарағанда, біз бүрын- 
ғыша ауылдық (селендік) жерлерде тұратын үлт болып қала 
беретінге ұқсаймыз. Мүндай жағдайда қазақты қазіргі заманғы 
үлт деңгейіне көтеру мүмкін емес. Өйткені оның кәсіби жағы- 
нан айқандалуына жағдай туғызу қиынға соға беретін болады. 
Қазақ өзінен шыққан индустриалдық жүмысшы табын, инж е­
нер-техник қызметкерлерін қалыптастыра алмай тағы да орта 
жолда қалып қоюы ықтимал.


Ж ылдар бойы ауыл шаруашылығына, әсіресе малшылыққа 
бейімделіп, бес-алты ғана мамандықты — шонандықты, механи- 
заторлықты, зоотехниканы, мал дәрігерлігін, мүғалімдікті, агро- 
номдықты, медицинаны меңгеріп қана келген халықтың мінез- 
қүлқын, өмір салтын күрт өзгерту оңайға түспейтінін біз жақсы 
түсінеміз. Әйтсе де оны қайта бағдарлау керек-ақ. Ол үшін 
үлттық бағдарлама керек, әлеуметтік ж ағы нан айқындалған 
экономикалық саясат үстану қажет. Солай еткенде ғана қазақ- 
ты қазіргі заманғы өнеркәсіпті, транспортты, автоматика мен 
компыотерді, әлеуметтік коммуникацияларды игеруге құлшын- 
дыра алатын боламыз. Қазақ техникаға бейімсіз халық деген 
қасаңқы пікірден арылатын күн туады.
Кәсіби деңгейі томен, селендік халық болып қала берсе, 
қазақтың көсегесі көгере қоймайтыны белгілі. Әлі күнге дейін 
бірен-сараны болмаса, кез келген қазақтың қолынан жөндеп үй 
тұрғызу да келе бермейді. 80 жылдардың аяғы —90-шы жылдар- 
дың басында баспанасыздар қозғалысы дегеннің пайда болғаны 
мәлім. Арамызда сәулеткерлеріміз де, құрылысшыларымыз да, 
инженер-конструкторларымыз да бар, бізге тек ж ер кесіп бер- 
сеңіздер өзіміз-ақ үй салып аламыз дей берген соң, Алматы 
әкімшілігі оның «Шаңырақ» деген ұйымына астана түбіндегі ең 
ш үрайлы ж е р л е р д е н у ч аст о к т ар бөліп б ер ген болаты н. 
Нәтижесінде — салынған қалашықтарды коре алмадық. Үй түрғы- 
зып оңдырмайтын қазекең ары-бері жүріп 
бой көрсетті де, 
кесіліп берілген участоктерді өзгелерге сатып, жайына кетті.
Қүрылыс мәдениетінің нәрегейлігінен (әрине екі мың жыл 
бойы жақсы ма, жаман ба, өзінше үзілмей, жалғасып келе жатқан 
дәстүрі бар қазақ тағы үй қүрлысына осындай баға берудің 
қисыны жоқ бола түра) қайда барсаң да қазақ ауылының үсқын- 
сыз болып келетінін көресің. Бізде жерді де өңдеп, үқсата ал- 
майды. Манағы жоғарыда айтылғандай, кең даланы еркін төс- 
теп өмір сүрген қазақ мандай терін төгіп, жанын қинағысы келе 
бермейтін болып алған. Баяғы түйық шаруашылық үйымдасты- 
ру дәстүрі, қарабайыр кәсіпке дағдыланған өмір салты оның 
қолын байлай беретін болса керек. Әйтпесе 1897 жылғы халық 
санағы бойынша 3 млн. 787 мың немесе бүкіл Кіндік Азия 
халқының 52,5 процентін құраған қазақтың саны соңғы 78 жылда 
23,3 процентке кеміп кеткені ең алдымен көшіп-қонуға негіздел- 
ген атам заманғы шаруашылық ұйымдастыру тәсілдерімен ай- 
қындалғаны көптен белгілі.
Солай бола тұра, көпшілік жағдайда қазақтың санының күрт 
азайып кетуін аштық-жалаңаштықпен, кеңес үкіметінің қуғын- 
сүргінімен түсіндіріп келдік. Әрине, негізгі күнкөріс көзі — 
малынан айырылған елдің аштық-жалаңаштыққа душар болып, 
босып кеткені «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі ел басынан


кешкен, орны толмас ең үлкен қасірет болғаны рас. Десек те 
1921— 1931 жылдардағы аштық тек қазақтың ғана басына түскен 
ғаламат емес еді. Ол Ресейде де, Кіндік Азияда да болды. Сол 
тұста Өзбекстан астанасы «Ташкент — нанды қала» деген атақ- 
қа ие болды. Сол «нанды қалада» болған бір эпизод жөнінде 
Дүйсенқүл Сарықүлов ақсақалдың (бүрын Қазақстанны ң су 
шаруашылығы министрі болған) бала кезінде көргенін айтып, 
көзіне ж ас алғанның куәсі болғаным бар-тын.
— Қанша тосқауыл қойса да бір топ ашыққан қазақ базарға 
басып кірді. Нан пісіріп, сатуға әзірлеп жатқан наубайшылар 
дайын нандарын қымтап жауып, «етті шыбыннан қорғағандай» 
қақпалап, олардың көзіне түсірмеуге тырмысып-ақ бақты. Бір 
кезде нанның иісіне шыдай алмай, аштық ақыл-ойын билеп 
алған қазақ наубайхананың астан-кестеңін шығарды. Қолына 
түскен күлшелерді бұлғақтата шайнап, қақалып-шашалғанына 
қарамай асығыс жұтып жатқандарды көргенде жүрегіңіз тітір- 
кенетіндей еді. Наубайшылар қолына түскен көсеуімен, оқтау- 
ымен, тіпті ыдыс-аяғымен үрып бастарын жарып, қанын шы- 
ғарғанда да сескенгендер болған жоқ. Менің араша түспек 
болғанымнан да ештеңе шықпады. Қанша күннен бері нәр тат- 
паған сорлы қазақтың қылжиып құлай бастауы мұң-ақ екен, 
наубайшылар екеу-екеу қолдасып, көшеге шығарып тастады.
Қазақстанның оңтүстігіне Арқадан ойысқан қазақтың асқа- 
бақты шикідей жеп, қабақты қауын деп кеміріп, іші кеуіп опат 
болғандары жайлы ауыл ақсақалдарының әңгімесін талай рет 
мен де естіген едім. Торғайда қызмет істеген жылдары ондағы 
қазақтың балық аулап күн көрудің есебін таппай, қозы-қүйрық- 
ты (оны кей жерлерде көмбелек, қозықарын деп те атайды) 
саңырауқүлақпен (оның уландыратын түрі) шатастырып, суға 
қайнатып, қорек еткендіктен уланып өлгендері де болған екен.
Осындай қайғылы әңгімелерді естіген сәттерде Сұлтанмах- 
мүттың:
«Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
Бүрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!»...
... Көргенде күміс кесе алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта»
Демейінше болмады қарап жай-ақ 
Шал айтты көріңіздер, жасқанба деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім 
Ішінде нақақ көзден ж ас бар ма деп»
аяқталатын шумақтары тілге орала беретін еді.



Кеңес елшісі К. Құлматовпен өуежайда. 
Катманду, Непал, 1990


Кеңестік Кремльге соңғы рет. 
Мөскеу, 1990
КПСС XXVIII съезі (алдыңғы қатарда — В. Г. Ануфриев), 
Мөскеу, 1990


Соңғы кездесуіміз осылай басталған еді.
Соңғы лекцияда. Алматы, 1991


О, қайран дүние-ай, біреуді ағынан жарылқап, екінші бір 
бейбақты аштан өлтіретіндей өмірдің үштығына қалай жетер- 
сің?! Неткен әділетсіздік десеңші!
Сонымен жалпы адамзаттық прогрестен шеткерірек қалың- 
қырап қойған қыр қазағын қазіргі заманғы үлт өкілдерінің дең- 
гейіне жеткізу үшін оның шаруашылығын реттеу, кәсіби бағы- 
тын айқындай түсу, әлеуметтік қал-ахуалын жақсарту қажет. 
Қалалық мамандықтар бойынша жүмыс істей алатындай етіп, 
қазіргі заманғы тіршілікке бейімдеу жағын кещнен қарастырған 
жөн. Балалар бақшасынан басталып, мектепте өрбитін бүл үрдіс 
қазақтың өзінен шыққан индустриалдық жүмысшы табы мен 
инженер-техник қызметкерлерін дайындауға ж ете мән беретін 
үлттық бағдарламамен орайластырылуы қажет. Ондай бағдарла- 
ма міндетті түрде үкімет тарапынан қадағаланатын және қар- 
жыландырылатын жағдайда ғана халқымыздың болмысында 
қалыптасқан келеңсіз де екіұшты қүбылыстармен біте қайнас- 
қан, халықтың өткендегі қарабайыр тірлігін еске сала беретін 
мінез-қүлқын бірте-бірте өзгерте аламыз.
Қазақ атадан балаға, үрпақтан үрпаққа, ғасырдан ғасырға 
алмасып келе жатқан наным-танымға киелі мән беріп, қадір 
тұтқан халық. Сәулеткерліктегі шаршы тұстары («Дүниенің төрт 
түсы», «Әлемнің төрт бұрышы») Фараби айтқандай, өлеңдегі 
үйлесімге, поэзиядағы шумаққа, логикадағы силлогизмге дәл 
келетін болған. Ал шеңбер («Әлем кеңістігі») шаңыраққа; босаға, 
табалдырық, маңдайша — отбасына; қазан-ошақ от басының 
ырзығына меңзейтін болған. Олардың мазмүндық желісі, сары- 
ны ою-өрнекте, жартасқа қашалған суреттерде, зергерлік бүйым- 
дарда кездесіп отыратыны міне осымен байланысты. Көне түркі- 
лерден қалған ескі түсінік бойынша қүс — аспаннын, балық — 
судың, ағаш — жердің белгісі болып қазақтың қолтума өнеріне 
енгендіктен оның мазмұнын байыта, молайта түскен.
Қазақ киім-кешегінде қалып қойған түркі-қыпшақ киім үлгі- 
сінің кейбір дәстүрлері — сәкәгүл, үкі қадау, бойтұмар тағу, 
оқа, жақтама («өңір‘жиек») тігу — адамды пәле-жаладан, сүға- 
нақ көзден, жын-перілердің «салқынынан» сақтайды-мыс деген 
ескі үғымның сарқыншақтары іспетті.
Шаңыраққа түрлі түсті жіптерден түйіншектелген, керемет, 
әсемдіктің үлгісі болатындай шашақтармен безендірілетін ша- 
ңырақбау, желбау, уықбай ілетін дәстүр тек шаңыраққа киелі 
мен беретіндіктен ғана емес, ол арқылы тәцірге, бүкіл аспан 
әлеміне көрсетілетін қүрмет белгісі болған.
Қазақ өзінің төрт түлік малына да киелі құбылыс ретінде 
Қараған. Оның әрқайсысы үшін қайырым сұрап, мінәжат ететін 
пірлері, мәселен, түйенікі — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет