Екінші кітап Есте қалғандар



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Өзбекәлі Жәнібеков Тағдыр тағылымы

Бір мысал.
Студенттік шақта маған жатақханадан орын тимегендіктен, 
қазіргі Әйтеке (бұрынғы Октябрь) көшесінің Ыссықкөл көшесі- 
мен түйіскен жеріндегі бір қарт еврейдің үйінен бүрыш жалдап 
алуға тура келді. Кременчугтен (Украина) жер ауып келген, ұлы 
\ мен қызы осында түрақтап қалғандықтан, кері қайтудың есебін 
ыңғайластыра алмаған бейшаралардың жалғыз бөлмелі пәтерінде 
қосымша төсек қоятын орын табылмағандықтан, бала керуетіне 
жайғасып, оған сыя қоймайгын аяғы қүрғырдың астына орын- 
\дық қойып ұйықтайтың едім. Айына 100 сом төлеп тұруға ке- 
^ л іс ш е н бүрышка қаражат таба алмай жүргеніме бес айға жуық 
, уақыт әтті. Өздері жоқшылықтың тауқыметін тартып отырған 
байғүстар 'сыр білдірмеді. Менің тарығып жүргенімді көріп, 
таңертең дастарқанға отыруға шақырса, әдеп сақтап бармай- 
тынмын. Ж ан қиналып бара жатқан соң елдегі Бибай деген 
немере әпкеме хат жолдап, көмек сұрауға тура келді. Онан 500 
сом телеграфпен келе қойды. Үйдің қожасының қолына үстат- 
сам, жарықтық, жатқан жерің торқа болғыр, алмады.
1
1
— Қарағым, сенің тарығып жүргеніңді көріп отырмыз, қүдайға
шүкір, аштан өлейік деп жатқан жоқпыз. Қызым жәрдем беріп 
тұрады. Сенің қол ұшын беретін туысқаның да ж оқ екен. Өзіңе 

жаратсағциы — дегенді айтты.
Мен де оның ырқына көне қойған жоқиын. Қайта-қайта 
тықпалап жүріп, 200 сомын кемпірініц қолына әзер ұстаттым. 
Ол болса: «Қалғанына бір шалбар, көйлек, трусы, майка алсаң- 
шы. Ертең оқу бітіргенде чемодан да керек болар» деді. Қазір- 
гілер болса ғой, мұндай «бейбас» студентті бүрышқа ақысын 
алдын ала төлеп қоймадың деп-ақ үйінен қуып шығар еді. Қан- 
дай адамгершілік десеңші!
Кейіннен осы бір қайырымды қарттарға мен де бір сый- 
сыяпат көрсетейін деген пиғылмен ауылдан Алматыға әдейі арнагі 
келіп, жер сыйпап қалғандай болдым. Қарттарым қайтыс болған 
екен. Олардың қақырасының орнына екі қабат монша салынып- 
ты. Көзіме жас алып, артыма қарайлауға да дәтім шыдамай кете 
бердім...
Оқу бітіргеннен кейінгі өміріміз де бірден жақсара қойған 
жоқ. Бәріне төздік, қайсарлық көрсеттік. Десек те, жастардың 
болашаққа сенімі мол еді. Солардың бірі болғандықтан, менің 
бойымда да осы бір қасиет басымдылығын көрсете берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет