да, мал бағып, егін салғанда не пайда, онда табатын азынаулақ
жалақыны (оны да уақтылы алу қиын) мен мұнда бизнес жасап
бір сағаттың ішінде таба алам дейтіндер де азая қоймағанға
ұқсайды.
Сондықтан да бізге тепе тең, хұқылы серіктестікті дамыту
қажет ақ. Мұның өзі Қазақстан секілді жас мемлекеттің түлға-
сын сомдай түсуге тіреле беретінін де үмытуға болмайды.
Мәселен, қазіргі бой көрсете бастаған көп келеңсіздіктерден
ұлттық арқаудың қырқыла бастағанының, тәлім-тәрбиенің ға-
сырлар бойы қалыптасқан имандылық-эстетикалық жүйесінен
бірте-бірте ауытқып бара жатқанын көруге болады.
Өкініштісі, мәселенің бұл жағын үйлестіріп, ұқсатып жатқан-
дар жоқ, оның жолдарын қарастырып, халық игілігіне пайдала-
нуға ұсынып, сабылып жүрген қоғамтанушыларды да көрген
емеспіз. Сол «баяғы жартас, бір жартас» дегендей айналамызға
қарайлап, жалтақтаумен келеміз.
Қазақтың қазақ болғалы қалыптастырған үлттық ерекшелік-
тері оның ж еке дара сыйпатын, әлеуметтік ортамен, тарихпен
байланыстыра отырып, өзіне тән әдептілігіне, сыпайыгершілігі-
не, үйлесіміне, тәрбие жүйесінің үйқастығына үңіле түсуді қа-
жет етеді. Мұның Қазтуған жыраудың, Асанқайғының, Қаз дау-
ысты Қазыбектің, Әйтекенің, Төле бидің, Ақтамбердінің, үлы
Абайдың пәлсафалық, педагогтік, дүниетанымдық мұрасын иге-
руге талпыныс жасауды керек ететіні мәлім.
Біз соңғы кезге дейін әлеуметтік-экономикалық жағынан
жалпыланудың рухани өмірге түбегейлі ене бастағанын, оның
түрмыстағы әмбебаптыққа, сайып келгенде, адамның ж еке ба-
сының орташалануына, алып келгенін аңғармаппыз. Оның үсті-
не жалпыға ортақ игі қасиеттердің бәрі көп жылдар бойы ин-
тернационалдық сыйпатта ғана насихатталып келгендігінен
ұлттық мақтаныштың өзі өрісі тар надандарға бүркеме немесе
ашықтан-ашық ұлтшылдық болып көрінетін.
Шүкір, мүның бәрі қазір келмеске кетіп бара жатқан сияқ-
ты. Әйтсе де олардың жанталасып қарсыласа бастағандығынан
жалпылық ызың анда-санда бой көрсетіп жүр. Бірақ қалай болған
күнде де адам мен табиғаттың арасындағы сәйкессіздік, бірінен
соң бірі апат аймағына айналып бара жатқан аудандардың көбейе
бергені елдің мінез-құлқынан, салауаттылығынан көріне баста-
ғаны нақтылы шаралар іске асырылмаса орны толмас олқы-
лықтарға алып баратыны ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: