екiншi тараптың (тапсырысшының)



бет3/10
Дата24.06.2023
өлшемі220,46 Kb.
#103314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

622-бап. Мердiгердiң үнемi


1. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
2. Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн.

623-бап. Жұмысқа ақы төлеу тәртiбi


1. Егер мердiгерлiк шартта орындалған жұмысқа немесе оның жекелеген кезеңдерiне алдын ала ақы төлеу көзделмесе, тапсырысшы мердiгерге жұмыс тиiстi түрде және келiсiлген мерзiмде, не тапсырысшының келiсiмiмен - мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда жұмыстың нәтижесiн түпкiлiктi тапсырғаннан кейiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттi.
2. Мердiгер заң актiлерiнде немесе шартта көрсетiлген жағдайлар мен мөлшерде ғана аванс не кепiлпұл төлеудi талап етуге құқылы.

624-бап. Ұстап қалу құқығы


624-бап. Ұстап қалу құқығы
Шарттың орындалуына байланысты мердiгерге тиесiлi белгiленген бағаны не өзге соманы төлеу мiндетiн тапсырысшы орындамаған жағдайда
мердiгердiң жұмыс нәтижесiн ұстап қалуға, сондай-ақ затты өңдеуге берiлген тапсырысшыға тиесiлi жабдықтарды,
қолданылмаған материалдардың қалдықтарын және өзiнде тапсырысшының басқа да қалып қойған мүлкін тапсырысшы тиісті сомасын төлегенше ұстап қалуға құқығы бар.
2. Тапсырысшының байқаған кемшiлiктердi жою жөнiндегi шығындарды жабу үшiн мердiгерге тиесiлi сыйақының бiр бөлiгiн ұстап қалуы шартта көзделуi мүмкiн.

625-бап. Жұмысты тапсырысшының материалдарын пайдалана отырып орындау


1. Мердiгер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келiсiмiмен, мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi.
2. Мердiгер тапсырысшы берген материалдардың кемшiлiктерi себептi тиістi дәрежеде орындалмаған жұмыс үшiн, егер ол осы материалдарды тиiстi қабылдау кезiнде оның кемшiлiктердi анықтауы мүмкiн болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет