екiншi тараптың (тапсырысшының)


-бап. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы



бет6/10
Дата24.06.2023
өлшемі220,46 Kb.
#103314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

630-бап. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы

Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижелерiн қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердiгер шартқа сәйкес жұмыс тапсырысшыға өткiзуге тиiстi күннен бастап бiр ай өткен соң және тапсырысшыға бұдан кейiн екi мәрте ескерткеннен кейiн жұмыстың нәтижесiн сатуға, ал алынған соманы мердiгерге тиесiлi барлық төлемдердi шегерiп, нотариус депозитiне тапсырысшының атына салуға құқылы.

Егер тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижелерiн қабылдаудан жалтаруы жұмысты тапсыруды кешiктiруге әкеп соқса, дайындалған (өңделген) затқа меншiк құқығы өткiзiлген кезден тапсырысшыға көштi деп танылады.

631-бап. Мердiгерлiк нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкiн болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу

  • Егер мердiгерлiк нысанасы оны тапсырғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тараптардың кiнәсiнен болмаса, мердiгердiң жұмыс үшiн сыйақы талап етуге құқығы жоқ.
  • Егер мердiгерлiк нысанасының жойылуы немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тапсырысшы жеткiзген материал кемшiлiктерiнiң немесе оның жұмысты орындау әдiсi туралы өкiмдерiнiң салдарынан болса, не тапсырысшы орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алғаннан кейiн болса, мердiгер жұмыс үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.

632-бап. Жұмыстың сапасы


1. Мердiгер орындаған жұмыс шарт ережелерiне, ал олар болмаған немесе толық болмаған жағдайда - әдетте тиiстi тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиiс.
Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.

635-бап. Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн жауапкершiлiгi

  • 1. Егер жұмысты мердiгер шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кезде - әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса, заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбегендiктен, тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:
  • 1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;
  • 2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны мөлшерлес азайтуды;
  • 3) тапсырысшының кемшiлiктердi жою құқығы шартта көзделсе, өзiнiң оларды жоюға шыққан шығыстарын өтеудi талап етуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет