екiншi тараптың (тапсырысшының)


-бап. Жұмыстың орындалу мерзiмдерi



бет2/10
Дата24.06.2023
өлшемі220,46 Kb.
#103314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

620-бап. Жұмыстың орындалу мерзiмдерi


1. Мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн.
Мердiгер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi, сонымен қатар аралық мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапты болады.

621-бап. Жұмыстың бағасы

    • Мердiгерлiк шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдiстерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар келiсiмге келмеген жағдайда бағаны тараптарға келтiрiлген қажеттi шығындарды ескере отырып, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi.
    • Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн.
    • Жұмыс мердiгер жасаған сметаға сәйкес орындалған жағдайларда смета күшке ие болып, тапсырысшы оны растаған кезден бастап шарттың бiр бөлiгiне айналады.
    • Жұмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкiн. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы (смета) тұрлаулы деп есептеледi.

621-бап. Жұмыстың бағасы

    • Егер қосымша жұмыс жүргiзу және осы себептен жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамамен алынған сметаны) елеулi түрде өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.
    • Жұмыстың бағасын (сметаны) өсiруге келiспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады.
    • Шарт жасасқаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердің құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап етуге құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет