Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет15/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

БАЛЫҚШЫ МЕН БАЛЫҚ.
Теңіздің жағасында кемпір мен шал 
Тұрыбды отыз үш жыл нақ дәлме дәл.
Күн көрген бишаралар балық аулаб, 
Болмабды төрт түліктен ырымға мал.
Үсті шым, асты шұңқыр жерден жырған, 
Баспана мекенінің сиқы тұрған.
Бала жоқ қолғанатдық екеуінде,
Иіріб кемпір жібін, шал ау құрған.
Бір күні шал апарыб ауын салды;
Балық жоқ ауға оралған балдырды алды. 
Салғанда жана ауын екінші рет,
Теңізге бітетін бір шөб оралды.
Тағы да үшінші рет ауын салыб,
Сүйретіб, шығарды бір алтын балық.
Шал байғұс өз көзіне өзі сенбей,
Аңырайыб тұрды біраз аң-таң қалыб.


129
9–7069


130
Жарқыраб үсті-басы, оттай жаныб 
Адамша сөз сөйлейді алтын балық: 
«Жанымды бір шыбындай қи, ақсақал!
Бар болса не хажетің менен алыб».
Шал сасыб, абдырайды, есі кетіб,
Балық деб, бұ неғылған, тілге жетік?!
Керемет мұндай сірә көрген емес,
Ау салыб отыз үш жыл кәсіб етіб.
Ойланыб: «Тегін емес балық» дейді, 
Қалмайын киесіне алыб, дейді; 
«Һеш нәрсең керек емес жолың болсын,
Сайран ет теңізіңде барыб» дейді.
Балықты жіберді де, үйге қайтды,
Не ғажаб көргенінің бәрін айтды.
«Жібердім еш нәрсе алмай», деген соң-ақ, 
Кемпірі шалға көзін бажырайтды:
«Ақымақ!» дейді: «Алжыған» кеткен есің: 
Былжыраб айтыб тұрсын, сөз деб несін?
Жаңа астау тым болмаса, алсаң едің,
Астаудың жарылғанын білмеймісін?»


131


132
Балыққа шал жөнелді жолықпаққа:
Ыдысқа астау алыб молықпаққа. 
Жыбырлаб, сұудың беті шимайланыб,
Балық кеб: «Не айтасың?» деді қартқа.
Шал айтды, қол қусырыб, тағзым етіб: 
«Кемпірім ұрысыб, әбден мазам кетіб,
Жаңа астау сұрайын деб келдім, тақсыр! 
Жарамсыз астауымыз, жарық-кетік».
«Қайғырма! Балық айтды: «үйіңе бар! 
Сол болса бар жұмысың, оның болар!» 
Қуаныб, шал үйіне қайтыб келсе,
Бір астау әп-әдемі жатыр дайар.
Ұрсады кемпір шалға келісімен: 
(Сақтасын долы қатын перісінен!)
«Алыбсың астау сұраб, ақылы жоқ».
Айырылған, ахымақ шал» дейді, есінен!
Деб ұрысты: «Миы ашыған, құу көксақал! 
Астауда қызыққандай, қанша еді мал?
Қуаныб құу астауға келген несі!
Көб нәрсе әкелібсін, адырағал!
Үйіңнің үстіңдегі сиқы мынау!
Балықдан барыб, тәуір үй сұраб ал!»


133


134
Тағыда шал жөнелді теңіз жаққа:
Балыққа, арыз айтыб, мұң шақбаққа
Бұзылыб судың түсі лайланыб
Балық кеб: «Не айтасың?» дейді қартқа.
Шал айтды қол қусырыб, тағзым етіб, 
Бәлеге қалдым, тақсыр! Мазам кетіб.
Үй алмай, астау алдың алжыған деб, 
Барады сүйегімнен сөккені өтіб».
Арызын ақсақалдың қабыл алыб, 
«Қайғырма! Үйіңе қайт!» деді балық... 
Орнында лашығының ағаш үй тұр,
Келеді шал құуаныб, таңырқаныб.
Салған үй салтанатты сәніменен;
Бойаған, ойұулаған мәніменен;
Сайраған бақшасында түрлі құсдар, 
Келтірер көңіл хошын әніменен;
Асылыб терезеге кемпір тұрыб,
Ұрсады келісімен шалға ақырыб:
«Балықтан барыбсың да үй алыбсың, 
Ахмақ, мыйың ашыб, кеткен шіріб.


135


136
Ізіңмен үйге кірмей, қайт балыққа! 
Қадірсіз мұжық деген ат халыққа. 
Айтбасқа қарашекпен қатыны деб,
Ақсүйек етсін мені, айт балыққа!»
Балыққа шал келеді қайтыб тағы, 
Кемпірдің мұң-мүддесін айтыб тағы. 
Тағзыммен қол қусырыб арыз айтыб, 
«Азабды келдім деді, тартыб тағы.
«Қайғырма!» Балық айтды, «болар» дейді; 
«Ақсүйек дәрежесі қонар» деді...
Қатыны қайтыб келсе, болған ханым,
Қасына шал қалайша жолар енді?
Биік үй салтанатты, сәнді түрі,
Бәрі мол, бәрі байлық, бәрі ірі;
Үстіне неше түрлі асыл киіб,
Паңсыныб сыртқы есікте тұр кемпірі;
Қолында толған өңшең алтын жүзік, 
Зүмрет, березелі бар білезік;
Үстінде қамзол ішік, тысы қамқа,
Меруерт омырауы қойған тізіб;


137


138
Айақта сақтианнан ойұулы етік;
Бұрынғы мұжықтығы естен кетіб, 
Жұмсаб тұр біріне ұрсыб, бірін ұрыб, 
Ақырыб малайларға әмір етіб.
Шал келіб: «Сәлем бердік, ханым!» деді, 
«Ризалық табды ма, енді жаның?» деді. 
Жаратбай шалдың сөзін, кемпірі ұрсыб 
«Әдебсіз, ақылы жоқ, жарым» деді. 
«Ат бақсын, ат қораға апарыңдар!
Мұжықтың мына біреу шалын» деді...
Қанағат болды десек етер шағы,
Құтырды, өскен сайын кемпір бағы;
Өткен соң бірер жұма, шақыртады, 
Балыққа жібермекке шалды тағы.
Айтады: «Қазір жылдам бар, балыққа! 
Жеткен жоқ жаным әлі ризалыққа.
Ақсүйек дәрежесін азсынамын,
Падша етсін, мені дереу бір халыққа!»
Шал айтды: «Құтырдың ба? Түзу ме есің? 
Болмасын астамшылық, мұның кесір!
Білмейсің іс ретін, сөз мәнісін,
Жұрт күлер: қор болған деб бахыт, есіл!»


139


140
Бұл сөзге кемпір қатты ашуланыб,
Жіберді шалды жаққа салыб-салыб. 
– Қалайша маған қарсы сөз айтасың?
Сен мұжық мен ақсүйек қой деб - таныб!
Сөз айтар шалда хәл жоқ, жөнеледі.
Қарайыб теңіз беті түнереді:
Шақырған шал дауысына балық келіб,
«Ақсақал, не айтасың? Сөйле!» деді.
Шал айтды: «Өлдім әбден тынышым кетіб;
Тайанды жындануға кемпір, жетіб.
Ақсүйек дәрежесін азсынамын,
Бір жұртқа қойсын, деді, падша етіб».
«Қайғырма!» Балық сөйлеб «Кәрім!» деді,
«Істермін айтқанындай бәрін» деді, 
«Жүргізіб жұртқа, әмірін мейілінше,
Айбынды болар падша жарың», деді.
Шал қайтса, салтанатты сарайлар тұр;
Ішінде сарайлардың кемпірі отыр;
Асыныб айбалтасын, есіктерде 
Күзетші, түсі сұуық, малайлар тұр;


141


142
Жарқыраб, алтын киіб, оттай жаныб, 
Падшасыб кемпір отыр, ызғарланыб;
Ақсүйек өңшең бекзад қызметінде,
Ішкізіб арақ-шараб, азабданыб.
Билетбей, шалға бойы, буын құрыб
Сарайға шал сескеніб келді кіріб,
Бас ұрыб кемпірінің айағына:
«Болды ма жаның риза?» деді тұрыб.
Есіркеу кемпірде жоқ, шалын айаб;
Адам деб, елеб оған қарамай-ақ;
Деб еді: «Шығарыңдар!» Сол-ақ екен –
Жұдырық жан-жағынан жауды тайақ.
Желкелеб, сүйреб жұлқыб жұлмалайды, 
Ағына сақалының кім қарайды?
«Ақымақ, әдебі жоқ, алжыған құл!»
Кірлейсің айағыңмен, деб, сарайды.
Жұрт күліб, шал екенсің, деді жарым.
Ақылың кем болған соң кімге обалың? 
«Болмаса өзің шанаң, отырма» деб 
Бұрынғы айтбаб па еді мақалдарын?


143


144
Бір-екі мұнан кейін жұма өтді.
Тілейтін жаңа тойат кезі жетті. 
Қызығы падшалықтың тозды жылдам;
Жарлық қыб, кемпір падша шалды іздетті.
Шалды айдаб, алыб келді дірдектетіб;
Байғұстың түсі қашқан, өңі кетіб.
Үстінде алтын тақтың кемпір падша 
Табсырды шалға жұмыс, әмір етіб.
«Бек тығыз бұйырамын саған» деді:
«Сөз қатсаң, жыртылады жағаң» деді, 
Мақсатым сұуды билеб, сұуда тұрмақ:
Балыққа айт, менен көб-көб сәлем» деді, 
Қаратыб теңіздерді қол астыма,
Шабарман болсын өзі маған», деді.
Әлді жоқ сөз қайырар, шал кетеді.
Қорыққаннан жылдам жүріб, тез жетеді.
Қара бұлт, қара дауыл толқынды айдаб;
Сапырыб теңіз сұуын, желдетеді.
Балықты шақырыб шал, сөзін айтды
Жұмыстың тығыздығын, тезін айтды;
Кемпірдің сұрағанын естіб балық,
Бір соғыб сұуды бетке, кейін қайтды.


145
10–7069


146
Балықтан жауаб күтіб тұрыб-тұрыб, 
Шал қайтды кешке жақын, әлі құрыб.
Көре алмай салтанатты сарайларды, 
Көз салды жан жағына мойнын бұрыб.
Қараса, лашығында кемпірі отыр;
Байағы жарық астау жырық-жырық;
Түсіріб таз кебіне бір-ақ күнде,
Қойыбды құу қақбасты Хұдай ұрыб.
Маса


147


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет