Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет12/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

НАДСОННАН.
Шайылған көз жасымен жердің бетін 
Өткізіб, тым өлшеусіз, өкіметін
Жауыздық жалғандықпен қабдағанға; 
Адал жол, ақ ниетді, арам жеңіб,
Жазықсыз жанды қинаб, қанды төгіб
Бұзықдық, түзікдікді табтағанға; 


105


106
Қиналыб, кім болсаң да, талыққандар, 
Түңіліб, үміт үзіб жабықпаңдар! 
Қайтадан жақындық кеб, қасдық қашыб, 
Жарқыраб жақсылыққа атар таң бар.
Еңкейіб еңсесіне бейнет артбай,
Шөгер тәж шынжыр киіб, азаб тартбай,
Жақындық келер күшті сәулетінде;
Көз жасы, тірі мола, құлдық, хорлық,
Дар-ағаш, қылыш – қанжар, өшдік, зорлық,
Бірі жоқ жақындықдың дәулетінде;
Жанға жұт, жарық сәуле, жоқ мұқтаждық, 
Сырт берер адамзатдың әулетіне;
Артықша тасқан қайтыб, толған солыб, 
Құритын кез келмекші нәубетіне.
Демеңдер! Жақсылық таң жай үміт құр, 
Заман тар, жауыздық зор, тым қысыб тұр,
Айналаң қараңғы түн, тым түнерген. 
Қиналыб, талар дүниа азаб шегіб,
Қалжырар жалмауыздар қанға бөгіб,
Болдырар, алыс-жұлыс жұлына ерген.


107


108
Жүре алмай, дымы құрыб сонда әрі, 
Соқпалы, содыр жолдан шығар бәрі;
Талған күш, қиналған тән, ауырған жан, 
Дертіне жақындықты етер дәрі.
БАҚ.
Бұлттар басыб жасырған,
Жана түсіб басылған,
Таң шафағы сөніб тұр: 
Жаңаланған өмірден,
Жаңа шығыб көрінген
Гүл қамауда сеніб тұр. 
Балалықтан басталыб.
(Тастаймын аз жасды алыб,
Есім нағыз енгенше)
Көрдім қызық, көрмедім?
Көрсем баға бермедім,
Бозбала жас келгенше. 
Құстай түлкі алатын,
Жайыб алтын қанатын, 
Уұылжыған от лепді 
Жігіттік жас келді де
Ойды бір-аз бөлді де
Тұрағы жоқ ол өтді. 


109


110
Құудым бақды, іздедім. 
«Табамын – ғой тез» дедім.
Азаб шекті тән–жаным.
Қараб жақын жырақты, 
Жақтым түрлі шырақты,
Табдырмады қуғаным. 
Үміт сүйрер жыраққа,
Жетесің деб мұратқа
Талықсам да ізденіб. 
Қашан көңіл жасарар? 
Арқа басың босанар,
Рақаты жаз келіб?
Қашан жаныб шамшырақ? 
Сәуле беріб жарқыраб,
Болар жарық төрт тараф? 
Қашан маған іздеген,
Күліб жылы жүзбенен,
Болар серік бақ қараб?


111


112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет