114
Мүмкін десек адамзатқа екі өлмек,
Бірі соның – «жасым жетді» деб көнбек;
Бұл елімнің ардақтысы – аруы,
Мұнан
кейін өлім-бе, сол дем сөнбек?!
AT.
Сен неге, тұлпар атым! Кісінейсің?
Жабығыб неден көңілің, түсді еңсең?
Ерігіб, ауыздығың қарш-қарш шайнаб,
Бұ қалай, бұрынғыдай сілкінбейсің?
Әлде мен, бабың тауыб, бақпадым-ба?!
Болмаса, жемнен қысыб, сақтадым-ба?
Әйтбесе, әбзелдерің сәнді емес пе?
Жібектен тізгініңді тақпадым-ба?
Малдырыб саф алтынға үзеңгіңді,
Тағаңды шын күмістен қақпадым-ба?
Жауабы иесіне берген атдың:
«Сұрайсың не
сәбебден мен жабықтым,
Алыстан құлағыма келер дүбір
Һәм дауысы керней тартыб, атқан оқдың.
116
Кісінеб себебім сол мен аһ ұрған:
Көб жүріб далада енді сейіл құрман.
Әбзелмен жарқыраған әсем басыб,
Аз
қалды сыйлы, сынды күндер тұрған.
Жақында жаны ашымас жау кеб шабар;
Қалдырмай әбзелімнің бәрін тонар;
Соқтырған шын күмістен тағаларды;
Сұуырыб айағымнан, олжаланар.
Күйзеліб,
жаным ашыб, ауырыб бек,
Қайғырыб, уайым ғыб, тұрмын жүдеб;
Орнына желбуіштің теріңді әкеб,
Терлеген бүйіріме жабады деб».
Достарыңызбен бөлісу: